Файл: замерзімді жоспар тарауы 3блім. Роботтехника. Жоба (орта таырыптар нер, Крнекті тлалар).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі: | Ұзақмерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар») |
Педагогтің аты-жөні: | Еспенбетова М.Б. |
Күні: | 03.02.2023 |
Сыныбы: 3 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Мәтінмен жұмыс. Жобалық жұмыс |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі); 3.2.1.5 суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу; |
Сабақтың мақсаты: | Компьютерде файлдар мен бумаларды іздеуді үйреніп, мәтін үзіндісін құжаттан іздеуді біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің ісәрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Алма, шие, өрік, банан» ойыны Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен, мысалы: «Алма, шие, өрік, банан» деп санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп немесе «Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (бірнеше оқушымен осы әдіс бойынша жалғасады). | |||
Топтастыру: | Топтастыру Оқушылар шеңбер бойымен тұрған сәтінде алма, өрік, банан жемістерін кезекпен атау арқылы үш топқа бірігеді. І топ: «Алма» ІІ топ: «Өрік» ІІІ топ: «Банан» | |||
Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойады . Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді. |
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!», Сары түс – «Жақсы»! Қызыл түс – «Талпын!» | Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың ортасы (26 мин) | ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу.«DEAL» әдісі D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру). |
| Топтық жұмыс. 1тапсырма «Достық кітапханасы». «Түлкі мен тырна» ертегісіне салынған иллюстрацияға қарап, ертегі мәтінін құрастырыңдар. Ертегі мәтінін қағазға түсіруде кейіпкерлердің атын, ертегінің маңызды тұстарын ерекшелеңдер. Шрифт (Қаріп) бөліміндегі батырмаларды қолданып, мәтінді редакторға теруді жоспарлаңдар. Мәтінге иллюстрация кірістіру үшін, суретті мәтінмен қоршау түрлерін анықтаңдар. | Дескриптор
иллюстрацияға қарап, ертегі мәтінін құрастырады.
бөліміндегі батырмаларды қолданып, мәтінді редакторға теруді жоспарлайды.
| Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірін-бірі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. | Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жұптық жұмыс 2- тапсырма Мұғалім ұсынған құжаттық файл ішінде барлық 2020 жыл сөзін 2021 жылға ауыстырыңдар. Неше рет орын ауыстыру орындалды? Анықтаңдар. | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Жұптасқан оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне әрі тапсырманы орындау деңгейіне қарай бірін-бірі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс (қосымша тапсырма) 3- тапсырма Файл мен Бума терминдеріне «Бес жолдық» өлең құрастыр. Құрастырған өлеңіңді көпшілік алдында таныстырыңдар. | Дескриптор Файл мен Бума терминдеріне «Бес жолдық» өлең құрастырады. | Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзін- өзі «Стикерлер» әдісімен бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
| Жеке жұмыс 4- тапсырма Компьютерде файл мен бумаларды іздеуді білу неліктен маңызды деп саналады?
Файл мен бумаларды іздеу мен редакторда мәтін үзіндісін іздеудің қандай айырмашылығы бар? Екеуі бір нәрсе ме? | Дескриптор
| Қалыптастырушы бағалау Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне әрі тапсырманы орындау деңгейіне қарай өзінөзі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта Оқулық Жұмыс дәптерлері |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия Жеке жұмыс. «Бес саусақ» әдісі Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып болған соң, бес саусаққа жазылған жауаптарын оқиды.
| Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін, сұрақтарға жауап беру деңгейін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. |
Тексерілді: Цулаева М.С.