ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні:13.09.22ж. | Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі | Сынып тәрбиешісі: Рысбек С. | |
Сыныбы 10 | Тәрбие сағаты | ||
Тақырыбы | Отбасы – тәрбие көзі | ||
Мақсаты | Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау, ынтымақтастықты арттыру | ||
Міндеттері: | Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып,оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | ||
Құндылықтарды дарыту | Отбасындағы ынтымақтастықты арттыру, береке - бірлікке шақыру. | ||
Күтілетін нәтиже: |
| ||
Түрі | Әңгіме сабақ | ||
Ресімдеу | 1.«Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» 2. Шаттық шеңбері 3. Сұрақ-жауап 4. «Адамгершілік» видеоролигі 5. «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация) 6. «Сызат» видеоролигі 7.«Көңіл-күй айнасы» видеоролик 8. «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс) 9. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды) | ||
Музыкалық және көркемдеу бейне | «Адамгершілік» видеоролигі «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация) «Сызат» видеоролигі «Көңіл-күй айнасы» видеоролик | ||
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары | Компьютерде слайд,презентациялар | ||
Үлестірмелі материалдар | А3 парақтары, маркерлер, | ||
Эпиграфтар | Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата – анасы Халық даналығы | ||
Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер | «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,«Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ»,“Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” | ||
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет желісінен алынғын жоғары сынып оқушыларына арналған отбасылық кездесу түріндегі тәрбие сағатының өңделгені | ||
Мұғалімнің әрекеті: | Оқушының әрекеті: | ||
1. А) Амандасу Ә) Ата-аналар мен оқушыларды ортаға шақырып, шаттық шеңберінде таныстыру - Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. - Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік | Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады (ата-аналар мен оқушылар өздерін таныстырады) | ||
| Ата-аналардың өз отбасы мүшелері туралы сөз алуы. Оқушылар тыңдайды. | ||
Бейнеролик: «Адамгершілік». «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. | Оқушылар ме ната-аналар тыңдайды (5 минут) Ойларын айтады. | ||
| Оқушылар өз отбасыларын презентация арқылы таныстырады | ||
5.Бейнеролик: «Сызат». Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес. | Осы бейнеролик туралы оқушылармен, ата-аналарымен сұхбаттасу. Ой бөлісу. | ||
6.Сергіту сәті | Көңіл-күйді қалыптастыратын аудиожазбаны тыңдау | ||
7.Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. | Ата-ана мен бала көрсетілген құндылықтардың ішінен отбасының ережесіне сай орналастырады. | ||
8.Қорытындылау :Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады. | «Тілек шамы» жаттығуы бойынша бір-біріне тілек айтып, ойларын қорытындылайды. | ||
Үйге тапсырма | «Бірлік болмай тірлік болуы мүмкін бе?» пікірталасқа дайындалу |
І. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.
IІ. Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды Ақжарқынмын т. б.
ІІІ. Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе?
(Сұрақ –жауап).
ІV. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.
V. (Оқушылар өз отбасыларын презентация арқылы таныстырады)
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейір алады. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Әке – асқар тау. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз.
« Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.
Ал, Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы.
VІ. «Сызат» (Видеоролик)
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар.
Жүргізуші: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Топ жетекшісі: Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Жүргізуші: Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Көріскенше күн жақсы! Аман-сау болыңыздар!
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала