Файл: Программалау орта таырыбы Дстр жне фальклор.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Білім беру ұйымының атауы:

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы

Пәні:

Цифрлық сауаттылық

Бөлім:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фальклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Зияддинова Ж.А.

Күні:

15.02.23ж. 16.02.23ж. 17.02.23ж.

Сынып: 1 «В», «Д», «Е»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің алғашқы программам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.4.1.1 сызықтық алгоритмді іске асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: Жобаны құру, сақтау және ашуды біледі.

Көпшілік оқушылар үшін: Жобаның скриптіне қарап кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін: Блоктар тізімін атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


Ширату тапсырмасы. «Жұмбақ зат» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.







Өткен білімді еске түсіру


«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

 Халық ежелден ертегіге бай. 1-суретте екі лақтың әрекеті бейнеленген.

 Әрекеттер реті дұрыс берілген бе?

 Әрекеттерді ретімен орналастыр.

ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.




Жаңа білім


Жаңа сабаққа кіріспе. « INSERT» әдісі

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.


Тапсырма: Мысық сахнада оңға, солға жүреді. Блок-сызбасы 18-суретте берілген.

Жобаны іске асыру үшін:

1.Scratch-ті іске қос.

2.Файл–Жаңа командаларымен жаңа бет аш.

3. 18-суреттегі командаларды орналастыр.

4. Жобаны Менің жобам атымен сақта .

5. Орындау командасын бас.

ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


компьютер
Жұмыс дәптері




1-тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орында.

2-тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орында.




Дескриптор:

- Суреттің атауларын жаза алады.

Дескриптор:

  • Компьютерді қосу алгоритмін ретімен жаза алады.




Оқушы тапсырма орындау деңгейіне, дұрыс-бұрыстығына қарай өзін-өзі «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері

Жұмыс дәптері

Бекіту


Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.


Жұмыс дәптері