Файл: Кіріспе рметті жас дос!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Батырды айтсам ел шауып алған талап,

Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.

Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін

Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап,-деп,

Батырдан барымташы туар даңқой,

Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой,-деп өзге қазақ ақындарын да ондай эпос жазудан бездіруге тырысады. Неге өйткені себебіне алда тоқталамыз.

Екінші, Шайхы Сағдидың жолы. Бұл қысқа түрде хикаялы өлеңдер жазатын және өлеңдерінің көбі нақылға, насихатқа құрылған, адамның мінез-құлқын түзетуге тырысатын, дидактикалық поэзияның жолы. Түр және мазмұн жағынан, Сағдидың хикаяларына дәл келетін Абайдың жалғыз ғана шығармасы бар, ол – «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»деген өлеңі. Абайдың өзге өлеңдерінің біразында дидактизм мен Абайдың дидактизмінің басы бір де, аяғы басқа.

Екеуі де халыққа мінезі жат адамды сөгумен қабат, сол мінезден қайтуға шақырады. Осы араға шейін Абай Сағдимен бірге келеді де, содан әрі қарай айрылады. Қоғам өміріндегі зұлымдықпен күресуге аттанған Сағдидың ат басын тірейтін жері – тағдыр. Бұл «жерден» Сағдидің өзі де аттап өтпейді, басқаларға да «атта» демейді. Абайдың ұғымында тағдыр адамға жетекші емес,

тағдырға адам жетекші. Адамның жақсы я жаман болуы тағдырдан емес, өзінен. Зұлымдықпен күресу жолында зұлымдықтың өзінен басқа бөгет жоқ. Адамға лаухыл-махфуздан келген зұлымдық жоқ. Жұрттың «зұлымдық» деп атайтыны - қоғам тіршілігінен тысқары бірдеңе емес, сол қоғамның өз өмірінен шыққан мінез. Зұлымдықтың өсетін топырағы – «терін сатпай, телміріп көзін сатуда».

Әділеттің өсетін топырағы – еңбекте. «Зұлымдық пен әділдіктің күресі» деген күрес –қанау мен еңбектің арасындағы күрес. Бұл күрестің мақсаты – қанауды тоқтату.

Үшінші, Хожа Хафиз бен Омар Һайямның жолы. Шығыс әдебиетінде осы екі ақыннан басталатын ағым тағдырға көнуге қарсы. Олардың ойынша, әрбір жеке адамды тағдыр емес, әкім емес, өзі билеу керек; әрбір жеке адам, өзінің тән құмарын, жан құмарын қанағаттандыруда ерікті болу керек. Адам дүниеге бейнет үшін емес, рақат үшін, сүйген жарын құшу үшін, гүлді бақшаны мекендеп, жемісін жеу үшін, бұлбұлдың сайрауын тыңдау үшін, өзі де сол

бұлбұлға үш қосу үшін келген.

Көркемдікке табыну жағынан Абай оларға біраз ұқсап қалады, бірақ айрылар жері – «көркемдік- көркемдік үшін» дейтін тезиске бой ұсынбай, көркемдіктің өзіне үлкен мән бере қарауында. Өмірдің яғни өркендеудің қажетіне жарамаған көркемдік, адам қызығар көркемдік емес. Абайдың, мәселен, «әйелді сұлулығына қарап сүйме, мінезіне қарап сүй» деуі де


осыдан. әйелдің сұлу болуына Абай:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды!..

Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар,

Үлбіреген тамағын күн шалмайды...

Қолаң қара шашы бар, жібек талды,

Торғындай толқындырып көз таңдайды...деп құмарта отыра,

Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы,-деп әйелдің сұлулығының үстіне мінезді, ақылды болуын, Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы,-деп сұлулықтың, ақылды, мінезділіктің үстіне, әйел еңбекке де бейім, епті болуын талап етеді. Бұл көзқарас Шығыс эстеттерінің ұғымынан мүлде өзгеше екендігі айқын.

Қорытып айтқанда, өзінен бұрынғы қазақ әдебиетін таяныш қана көріп, үлгі алуды қанағат көрмей, құлашын қазақта бар әдебиеттен асыра сілтеген Абай Шығыс әдебиетін өзінің ақындық «багажын» молайту есебінде ғана пайдаланады. Қазақ әдебиеті мен Шығыс әдебиеті – Абайдың үлгісі емес, азығы.

1988 жылы М. Мырзахметұлының «Абайтану. Библиографиялық көрсеткiші» жарық көрдi. 1965 жылдан 1995 жылға дейiнгi аралықтағы Абай мұрасы туралы жарияланып басылым көрген iрiлi ұсақты дерек мағлұматтардың жалпы саны 1946 жылғы библиографиялық көрсеткiштегiден төрт еседен асып жатуы абайтанудың саны мен сапасы жағынан қарағанда да дәстурлi даму жолына екендiгiн айғақтап тұр.
Абайтанудың негізін салған М. Әуезовтің Абай мұрасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен көркем туындыларын, олардың түрлі қолжазба нұсқаларын, ұлы жазушының абайтану саласындағы жарияланбаған, архив сөресіндегі сақталынып келген материалдарын жинақтап, ғылыми түсінігі мен алғысөзін жазып, М. Мырзахметұлының құрастыруымен жарыққа шыққан «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (1997), Л.М. Әуезова мен М. Мырзахметұлының құрастыруымен «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» (1988) және «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» (1997) атты еңбектері ақын шығармашылығын жаңа қырынан танытты. М. Мырзахметұлының «М. Әуезов және абайтану проблемалары», З. Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі», Қайым Мұхамедханұлының «Абайдың ақын шәкірттері», Қ. Өмірәлиевтің «Абай афоризмі» еңбектері абайтанудағы ғылыми-теориялық еңбектер болып саналады. 





6сабақ. Абай және орыс әдебиеті



1 тапсырма: Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктерін тауып жаз

Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің ―Евгений Онегин‖ атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Пушкиннен: «Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Онегин сөзі», «Татьяна сөзі», «Ленский сөзінен», «Онегиннің өлердегі сөзі», атты аудармалары бар. Лермонтовтан: «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Ал сенейін, сенейін», «өзіңе сенбе жас ойшыл», «Қорқытпа мені дауылдан», «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек», «Тұтқындағы батыр», «Күлімсіреп аспан тұр», «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш», «Ғашықтық іздеп тантыма», «Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы», «Қанжар», «Альбомға», «Дұға», «Қасиетті дұға», «Менің сырым жігіттер, емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Теректің сыйы», «Жолға шықтым бір жым жырт түнде жалғыз», «Шайтан», «Жалау», «Жартас» т.б. Кырыловтан: «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырысқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Қарға мен түлкі», «Бақа мен ӛгіз», т.б.

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А.С.Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» – шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны – романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу – чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.


Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі. Крыловты қазақ жұршылығына өз заманында кеңірек танытқан Абай болды. Крыловтың ”Қарға мен түлкі”, ”Піл мен қанден”, ”Есек пен бұлбұл”, тағы басқа мысалдарын аударды. Абай Крылов мысалдарындағы реализмді өзіне үлгі етіп ала отырып, оның сатира жағы басым мысалдарын таңдап алды. Қазақ өміріндегі ескі салт-сананы, әдет-ғұрыпты, жалқаулық, надандық, қулық-сұмдық сияқты жаман әдеттерді шенеп, әшкерелеуге лайықты Крылов мысалдарын Абай қазақ тұрмысына бейімдеп аударды. Крылов мысалдарын аударғанда Абай оның өлеңдеріндегі орыс тілінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұны мен мағынасын терең түсініп аударды. Қазақ тіліне жатық етіп, қазақ тұрмысына бейімдеп, ұғымына жеңіл етіп аударды. Сөйтіп, мысалдың көздеген нысанасына дәл тиюін қатты ескерген. Бұл жөнінде Абай аудармалары ақынның мақсаты мен негізгі идеясын жеткізе білуге зер салғандықты көрсетеді. Мысалы, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесуінен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ:

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы…» -деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен есектің тойып, көңілі тасып, өзіне-өзі риза болып, ерекше бір мамыржай күйде ерігіп келе жатқанын білдіру арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына көз жеткізіп алады. «Қарға мен түлкі» – Абайдың 1898 жылы И.А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімалаған. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына ұғымды етіп, оп-оңай жеткізеді.

Абай және Лермонтов. ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз», «Альбомға» т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. «Теректің сыйы» («Дары Терека») атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау – Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.


«Қараңғы түнде тау қалғып…» – Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең – Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. «Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ» деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.

Абай «Жолаушының түнгі жырын» – қазақ тіліне аударып қана қойған жоқ, оған әуен де берді және «Қараңғы түнде тау қалғытпай» данагөй, асқақ әуезді әнді білмейтін қазақ баласын табу мүмкін емес те шығар.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.

Гете жолаушысы бақытты болып шықты. Оның түнгі жырын ұлы ақындар Лермонтов пен Абай естіп, әрі қарай көтермелей жөнелді. Бұл ән бейбітшілік пен тыныштықты дәріптейді.

Абайдың Лермонтовтан аударғандары – негізінде әлеуметтік өмірдің көлеңкелі жақтарын, еріншек, белсенділігі жоқ адамды сынайтын шығармалар, азамат ақынның образын беретін өлең-жыр жайындағы шығармалар, жалғыздығын, бірақ оған мойымайтын беріктігін айтатын шығармалар.
Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып мол жеткізді. Абай Лермонтов оригиналын барлық жарастық сәнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайтадан туғызды.



Екі жұлдыз, бір тілек


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






ЖАРАЙСЫҢ!

7сабақ. Абай және Пушкин

1 тапсырма: Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктерін мәтіннен түсініп оқып, тірек сызбамен жұмыс жаса.
Абай және Пушкин:

1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. А.С.Пушкиннің ―Евгений Онегин‖ атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді.

Абен Сатыбалдиев «М.Әуезов және кӛркем аударма» атты еңбегінде: М.Әузов Абайдың ең алғашқы аудармасы «Евгений Онегин» екендігін, ол аударманы тек «Татьяна, Онегин хаттары» деп алып, олардың арасындағы махаббатты ғана кӛздегенін, сондықтан Пушкин шығармасынан мазмұн жағынан да, түр жағынан да алыстап кеткендігін осыдан берілген тӛрт хаттың тек біріншісі, яғни Татьянаның алғашқы хаты ғана Пушкиннің ізімен шығатындығын айтады. Қалғанын Абай Пушкиннің сарынымен жазып шығады, сондықтан Абайдың жігіті Пушкиндегідей опасыз, тұрақсыз жігіт емес, үлгілі жігіт, қызы биязы. Ол сүйсең осылардай сүй деп отырған сияқты. Тілдегі теңеулерінде де: «Қаймақ едің кӛңілімде, Бізге қаспақ болды жем» деп Татьянадай француз романын бойтұмар қып жүрген помещик қызына қаспақ қырғызып, қаймақ жегізіп қояды. Осы тұста орыс ғалымы Н.Любимовтың аудармашы мен аударма туралы айтқан пікірлеріне тоқталып ӛтсек: «Аудармашы ӛзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша кӛркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс», - дей келіп, «бұған не кӛмектеседі?» деп ӛзіне ӛзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: ―Бәрінен бұрын – орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім кӛмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, ӛзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес‖. Ал Абай ӛзге тілдің құрсауында қамалып қалған жоқ, қайта ол аудармалары арқылы ӛзге ұлттың менталитетін ӛз ұлтының, яғни қазақтың менталитетіне қарай бейімдеп алып, ұлтын, тілін қаншалықты сүйетінін дәлелдеп шықты. Ал М.Әуезов аударма туралы ӛз пікірін елуінші жылдары толықтырып, оның үлкен ӛнер екендігіне тоқталып және оның ұстанымдары мен қағидаларына, теориялық шешімдеріне терең талдаулар жасауға кіріседі. «Қазақ сахнасына орыстың мәдениетінің жаңа үлгісін тӛккендей болды, ӛз тұсындағы қауымын тәрбиеледі» деп жазады М.Әуезов. Әсіресе ол Абай аудармаларының ішінде Евгений Онегинге терең тоқталады. М.Әуезов «Татьяна мен Онегиннің хат алмасуы арқылы берілген махаббат жырларын шерткен тұстарда Пушкиннің кӛп айтқандары қалып кеткен. Абай ӛз жанынан «Онегиннің ӛлердегі сӛзі» деп тағы бір жайды баяндайды, бұл автордың аудармадағы Абайша тұсы», - деп түйіндейді. Абайдың кӛркем аудармадағы еркін тұстарын негізінен, екі түрлі себеппен түсіндірген. Оның біріншісі және ең үлкен себебі, Абай орыс жастарының сезім сырларынан, ӛмір түйін тағдырынан, ӛзінің жас оқушысына үлгі боларлық тәлім-тәрбие бермекші болады. Екінші, Абай қазақ жастарына ӛзі ұсынғандай орыс жастарын үлгі етіп кӛрсетпекші. Сондықтан Абай үшін опасыз жігіттің қайғылы, күлкілі күйінен гӛрі, оның шынымен қателесіп, бар жанымен қамығып, ӛкінгені қымбаттырақ болатындығын ашып айтады. Ол кезде қазақ жағдайында әзіз қыздың жанын ұқпай, былай да жарақаттап кететіндер аз болмаған. Ондайлардың ӛкінішінен де үлгі шықпас еді. Онан да қаншалық WWW.ENU.KZ арман қалдырса да, опалы, шыншыл, қиянатсыз жігіттің ӛкінішін кӛрсету – Абай үшін абзал болғандығын ұлы жазушы дәлелдей отырып зерделеген.. Сонымен, Абайтанушы ғалым Абайдың кейде Татьяна мен Онегиннің шындықтарына үйлеспейтін сӛздерін де қосып жіберетінін айтады. Мысалы «Мехрабымсың бас ұрамын» дегендегі «Мехраб» сӛзінің мұсылман дінідегі сӛз екенін айтады да, аудармашының ӛз оқырмандарына екі жастың бір- біріне сезімін жеткізу үшін ӛзі білген асыл сӛзін аянбай жұмсағысы келгендігіне де тоқталып ӛтеді. Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз кездейсоқ емес. Қазақ ақынының аударма ӛнеріндегі алғашқы қадамы дәл сол тұлғадан басталған болатын. Сол «Евгений Онегиннен» жеті үзінді қазақшаланған болса, олардың бәрі бірдей Пушкиннің түпнұсқасымен мүлтіксіз дәл түсе бермейді. Бұл неліктен? Абайдың алғашқы қадамы, яғни аударма ісіндегі тәжірибесі аздығынан туды десек, аталмыш үзінділердің ішінде ақынның әрі кӛркем, әрі дәлірек аударғандары да кездеседі ғой (мысалы, «Онегиннің сипаты», «Амал жоқ, қайттім білдірмей», «Барасың қайда, қайда болмай маған» т.б.). Тегі, негізгі себепті басқа жақтан іздеген дұрыс. Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай кӛркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық-кӛркемдік мағынасын дәл беруге тырысатындығынан болар деген пікірге тоқталамыз. Қазақ топырағында махаббат құдіретін ұлы Абайға ұқсап түсіндіре білген, әсерлі жеткізе білген ақындар жоқ деп айта алмаймыз, жетерлік әрине, бірақ Абайша жырлау, жүрекке әсер ету мүмкін емес. Махаббат дегеніміз – Алланың жалғыздықтан құтқаратын сыйы. Сол сыйдың рахатына бӛлену үшін адам не істемейді? Абай Татьянадай он екіде бір гүлі ашылмаған аруды шарасыздыққа ұшыратып беттің арын белбеуге түйгендей етіп жырлайды. «Амал жоқ – қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын». Татьянаның Онегинге жазған хатының алғашқы шумағы. Абай Бір ғана шумақтың аясына психологиялық реуішті қаншама динамика, ӛзгерім сыйғызады. Татьянаның ішкі образын лирика толқынында қайың қабығындай қалқытады. Түрлі еңісті-дӛңесті күйге түсіреді. Шумақтың тӛрт жолы ішінде қыздың бар болмысын тӛрт рет құбылтады. Және күрт құбылысының бәрін – кӛркем шындықтың кӛкесіндей қабыл аласың. Шумақтың алғашқы екі жолынан кӛз алдыңда бетінен моншағы үзіліп тұрған қыз бейнесі кӛлбейді. Ұялшақ, ұяң бұрымдыға жаның ашиды. Бірақ сол байғұсың шумақтың соңғы екі жолында кілт ӛзгеріп шыға келуі, махаббаттай жеңілуді білмейтін күштен қуат алып, тәуекелге бел байлауы, бар жүкті нәп-нәзік иығымен кӛтермекке ниет етуі, Татьянаның қайыспайтын қайраты сендіреді, шешімді мінезі сүйсіндіреді, сені де қанаттандырады. WWW.ENU.KZ Лирикалық тебіреніс – жас жүректің толқыны. Онегин жауабында қыз хатының әсерін солай бағалайды. Таңғажайып хаттың әдептілігін, шыншылдығын атап та ӛтеді. Татьяна «мен сені сүйемінді» баттитып тӛбеден түскендей етіп айтпайды. Сүйетінін «Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке» деп орағытып айтады. Бірақ жігіттің құлазыған кӛңілі бастапқыда қыздың «ием – сенсің ӛлгенше» деген антына мән бермейді. Абай «Жарқ етпес қара кӛңілім не қылса да» ӛлеңінде «Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да» [Абай. 1 том. 143 б.] — дейтін махаббат гимнін осы Татьяна сықылды сорлы асықтарға қаратып айтқан ба дерсің. Кейін ашыналық айту кезегі ӛзіне тиетінінен тәкаппар Онегин қайдан білсін. Татьяна сӛзі – оның ӛзінің ішкі портреті. Психологиялық күрделі, шиелі қатынастардан қаланады. Махаббатына тойтарыс алған балаң, шешімді де кесімді Татьяна жылдар ӛте келе ӛзгереді. Онегинді бұрынғысындай сүйгенімен, енді от-жалынды сезім ырқына кӛне бермейді. Кӛңілін салқын саналыққа билетеді. Бұрынғы бас иіп табынған кісісін мақтамен бауыздағандай етеді. Екеуін де жапа шектірген астамшылық екенін аяса да бетіне басады. Аудармада Татьянаның Шығыс әулетіне туыстас қасиеті басым. «Досың ақпын, «тағдыр араз», бәрін «сорлы нәсібімнен» кӛремін деген сӛздерді айта келе, Татьяна сӛзінің ақырында «Кӛрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол үшін» (Абай. 2 том. 49 б.) деген ең соңғы шешімін Ләйлі-Мәжнүн махаббатын еске түсіретін жәйтқа сүйейді. Екі асық Ләйлі мен Мәжнүнге жарық дүниеде қауышып, құшақтасып бір сүйісуге жазбаған ғой. Екеуінің ӛне бойлары ӛрттеніп, ерінге ерін тигізе алмайды. Татьянаның кӛрісуге шыдамаспыз дейтіні сол хикаямен ағайындас. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанымен таныс қазақ Татьянаның ғашықтығы Ләйліден кем соқпайтынын түйсініп, тебіренері сӛзсіз. Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық дертін тартуы Алланың бұйрығы болғанда, Татьяна «тағдыр араздығына» шағынады. Онегин сияқты Татьяна да қазақ құлағының құрышын қандыратын орамды, образды тілмен сӛйлейді. Қаймақ еді кӛңілімде, Бізге қаспақ болды жем. Екі сӛз жоқ ӛмірімде, Мен де – сорлы бақыты кем [1 том.76 б]. Мұхтар Әуезов жазғандай, Абай орыстың дворян қызына қаспақ қырғызып қояды. Орыс тіліне оншама кіріге қоймайтын ауыспалар. Қаймағы – сүйгені Онегин. Қаспағы – жат босаға. Абай аудармада ұлттық бояуын, тілі мен қоса ділін мейлінше қандырады, әлеуметтік проблема да қоя білді. Кейіпкерлердің жеке ӛмірімен қатар, қоғамдық-әлеуметтік қатынасы, ӛмір сүрген заманының кескін-келбет сыйқы кейіпкер кӛзімен бағаланады

СЕНІҢ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕТІНІНЕ СЕНГЕМ!