Файл: Оу ісі жніндегі орынбасары Р. Тоызбаева ыса мерзімді (саба) жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Тоғызбаева

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы:Механикадағы күштер


Бөлімі:

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Қалпиева Ақерке Панабекқызы

Күні:

18.11.2022 ж

Сыныбы:9

Қатысушылар саны: 13 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Механикадағы күштер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.2.3 ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Бapлық oқyшылap icтeй aлaды: ауырлық күші, серпімділік күші және үйкеліс күштерінің физикалық мағынасын түсінеді, оларды ажырата алады.

Көптeгeн oқyшылap icтeй aлaды: Механикадағы күштердің формулаларын пайдалана отырып есептер шығара алады.

Кeйбip oқyшылap icтeй aлaды: Механикадағы күштердің нақты өмірмен байланыстырылған күрделі есептерін шығара алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Топқа бөлу

І топ «Ауырлық күші»

ІІ топ «Серпімділік күші»

ІІІ топ «Үйкеліс күші»

Үй жұмысын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау“Білім жеделсатысы” 

1. Инерция деп қандай құбылысты айтамыз?

2. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?

3. Инерция құбылысына мысал келтір?

4. Ньютонның І заңын тұжырымдаңдар.

5. Қандай санақ жүйесі инерциялық емес деп аталады?

6. Ньютонның І заңы орындалмайтын санақ жүйесі?

7.Санақ жүйесі дегеніміз не?

8. Инерттіліктің сандық өлшемі?

9.ХБЖде массаның өлшем бірлігі?

Амандасады. Кезекші мәлімет береді

Сұрақтарға жауап береді


Мадақтау


Интербелсенді тақта, дәптер, оқулық

Кеспе қағаздар
«Білім жедел сатысы»

слайд



Сабақтың ортасы.

30-33мин



Жаңа сабақ

Ауырлық күші

Жер бетіндегі барлық денелер жерге тартылады, яғни Жер тарапынан тартылыс күші болады. Бұл күшті ауырлық күші сипаттайды. Ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болады. Жер бетіндегі g тұрақты шамасы 9.8 м/с2 – ге тең. Оны еркін түсу үдеуі деп атайды. Ол да векторлық шама, Жер центріне қарай бағытталады . Оның мағынасы Жер 1 кг денені 9,8Н күшпен өзіне тартады деген. Ауырлық күші үнемі жерге бағытталады.

Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. ( Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азырақ болғандықтан, оны ескермеуге болады.) Fa=mg

Серпімділік күші

Дене деформацияланғанда пайда болады.  Деформация - дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі (созылу, сығылу, майысу, бұралу, ығысу). Fсеріп=k  x

Үйкеліс күші -бір дене екінші дене бетімен жанасқанда пайда болатын қозғалысқа кедергі күш.

Fүйк=  mg/N/

Бекіту

13-жаттығу

І топ №1

ІІ топ №2

ІІІ топ №3

Жұптық жұмыс

Кестені толтыру 83 б

«Кім жылдам?»

1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық

күші көп болады?

A) автобус B) танк C) трактор D) автокөлік

2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.

A) 30Н B) 20Н C) 15Н D) 25Н

3) Салмағы 250 г үнді шайының массасын ХБЖ-не айналдыр.

A) 2,5 кг B) 25 кг C) 0,25 кг D) 0,025 кг

4) F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы

A) 10 Н/м. B) 50 Н/м. C) 0,5 Н/м. D) 5 Н/м.

5) Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш?

A) ауырлық күші B) үйкеліс күші C) тарту күші D) серпімділік күші

Артық сөзді тап! /жеке жұмыс/

Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

Ережелерді, формулаларды жазады.


1. Есептердің шартын жазады;

2. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіреді;

3. Керекті формулаларды пайдаланады;

4. Шамаларды орындарына қойып, математикалық амалдарды орындайды
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды


Мадақтау

 

оқулық

Wordwall

Кеспе

Сабақтың соңы.

5 мин



Рефлексия: «Білім баспалдағы» Стикерге бүгінгі сабақ бойынша ойларын жазып қорытады, мұндағы:

1-баспалдақ «Түсінбедім»

2-баспалдақ «Қиындықтар кездесті»

3-баспалдақ «Түсіндім»

Бағалау

Үй тапсырмасы: оқу, №13/6,7/


Стикерлерді жапсырады

 


Жалпы тапсырмалар бойынша

10 балл(ФБ)


Стикерлер



https://wordwall.net/ru/resource/26102575


Сипаттама

Ауырлық күші

Серпімділік күші

Үйкеліс күші

Өзара әсердің түрі










Пайда болу себебі










Әсер ету бағыты










Түсу нүктесі










Формуласы