Файл: Таырыбы Кшбасшы болуа мтыламыз Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Көшбасшы болуға ұмтыламыз»
Мақсаты: Ғаламдану дәуірде өмір сүруге қабілеттілігі жоғары , өзін-өзі дамыта алатын ,лидерлік қабілетін көрсете білетін , өз ойын еркін жеткізе алатын, көшбасшылық ерекшелігі мен жауапкершілігін дәлелдей алатын , еңсесі биік тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:

  • Өзін –өзі дамыта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін меңгерту ;

  • Зеріттеу мен зерделеу арқылы көшбасшы оқушыларды анықтау ;

  • Көшбасшылық тың стильдермен , көшбасшыға тән ерекшеліктерді таныстыру , үйрету.

  • Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.

  • Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.



Сабақ барысы:
Кіріспе сөз. Таныстыру.

Миға шабуыл

  • Қарым-қатынас деген не?

  • Ол неден басталады?

  • Қарым-қатынастың мақсаты неде?

  • Адамдармен жақсы араласқыштық, үйірсектік не үшін керек?

  • Түрлері қандай?


Сахналау айдары. «Қарым-қатынас» таныстықтан басталады

№1 сценарий: Дүкенде бір қыз апасына сыйлық алғысы келіп еді. Бейтаныс адамнан кеңес сұрады.

№2 сценарий: “Журналистпен сұхбат”
*Түйін

Қарым-қатынас кезіндегі сенімді қылықтар әңгімелесуші туралы көп ақпарат береді. Сіз өзіңізді еркін ұстауға, бет-әлпетіңізді күлімдеп тұратындай, ал күлкіңіз орынды болатындай кейіпте ұстауға үйрендіңіз деп сенеміз.
Жаттығу.

  • “Менің көшбасшылық қасиеттерім”

  • Өз бойымдағы қандай көшбасшылық қасиеттерді білемін?

  • Көшбасшы болу үшін мен қандай әдеттерім мен қасиеттерімді жоюым керекпін?


Қорытынды:

Көшбасшы міндетті түрде жаңа, өзгеше нәрселерге көңіл аударып, оларды жаңаша қасиетпен қолдана алады. Көшбасшылықта біреуді ренжітіп алмау үшін өз сезімдерін ұстай білуі, сөздерді дұрыс таңдай білуі керек.