Файл: Таырып Зерттелетін мселені жадайын талдау. Сабаты мазмны ылыми дебиетпен, жмыс істеуді, ылыми мтіндеррастыру, библографиялы деректермен жмыс істеуді йрету. Практикалы сабаты оуда арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып 2. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.

Сабақтың мазмұны: ғылыми әдебиетпен, жұмыс істеуді, ғылыми мәтіндерқұрастыру, библографиялық деректермен жұмыс істеуді үйрету.

Практикалық сабақты оқуда қарастырылатын сұрақтар:

Ғылыми әдебиетпен жұмыс

Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. 
    Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды. 
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек. 
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдеби көздердің түрлері

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
    Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы,    «тәрбие әдістері…» [ 5 ].

Библиографиялық деректер оларды құрастыру талаптары.

Библиографиялық ұйымның нақты міндеттері мен мақсаттарына сай жазылғанда библиографиялық жазылымның толықтығы қамтамасыз етіледі, соған байланысты библиографиялық құрал құрастырылады.


Мемлекетаралық жаңа стандарттың енгізілуіне байланысты библиографиялық сипаттау – МЕСТ(ГОСТ) 7.1-2003 бойынша біздің университетте ұйым стандартының өңдемесі жасалады, ол 2005-2006 бастап өндіріске енгізілді. Тақырыпты сипатттау саласына өзгерістер енгізіліп, МЕСТ-тің тәртібіне қойылды. 7.80-2000 «Библиографиялық жазылым. Тақырып. Жалпы талап пен ережелерді құрастыру». Библиографиялық сипаттама құрастырудың жалпы ережесі мен талабын стандарт бекітеді; оның бөлімдер мен құжаттар тобы және оларды библиографиялық құжаттарды сипатттауда пайдалану әрі тарату, студенттер, магистранттар, аспиранттар, ұстаздар, ғалымдар ғылыми білімін жұмыстарда пайдаланады.

Библиографиялық ізденіс, каталогтармен жұмыс.

Библиографиялық ізденіс. Әдебиеттерді оқып, қажетті, нақты материалдарды таңдап алу туралы мәлімдеңіз

Библиография дегеніміз гректің «библио – кітап», «графо – жазамын» деген мағынаны білдіреді.
Библиография-басылымдарды оқырмандардың саяси, ғылыми тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамасыз ету жолдарын зерттейді. Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне, аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік, жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді.

Әдебиеттермен танысудың арқасында әрі қай проблеманың қандай тақырыптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) - түзу зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферает жазу - жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнына қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.

Ғылыми мәтіндер құрастыру (рецензия, анотация, цитата, конспект, көшірме, тезис)

Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Зерттеу жұмыстарының көздерін толықтыр:. Тақырыптың

аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель. Тапсырмалар-ұйымдастырудың кезекті кезеңдері және зерттеуді басынан аяғына дейін өткізу. Сондай-ақ ол қатыстық – қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатысы көрініс табады. Эпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады. Болжам(гипотеза)-құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. Files - Ескерту. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Студент тақырыпты таңдаған соң, оны жазу үшін рұқсат алуға өзін даярлап отырған кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады. Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі-зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл. Сіздің шешкелі отырған проблемаңызды сол оқу орнының міндеттерімен логикалық байланыстыру. Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады.

Ғылыми терминология

Термин (лат). terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттану ғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идеямазмұн мен түрі сюжетлирикаэпосдрамастиль
өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек

Ғылым және тәжірибе деректерін жинау

Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.

Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.

Ғылыми әдістер

Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды.

Теориялық зерттеу ғылымның түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты.