Файл: 1 Чернорецк жоббм математика пніні малімі Бахытхаг Айботаны 5 сыныбында.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


№1 Чернорецк ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі

Бахытхаг Айботаның 5 «қ» сыныбында

16 қараша 2022 жылы өткен ашық сабағы туралы

ПІКІР.

Сабақтын тақырыбы: «Жай бөлшектерді қосу және азайту»

Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары, оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған. «Шаттық шеңбер» әдісі арқылы топқа бөліп, «Ақиқат-жалған» әдісі – үй тапсырмасын сұрау, қайталау өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою арқылы өткізілді.

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Кім жылдам», «Миға шабуыл», және «Ойлан, жұптас, талқыла», «Тірек сызба», «Құпия жәшік» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.

Жаңа материалды ашу бөлімінде сызбаларды ұтымды пайдаланылды. Сызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын және «Ойлан, жұптас, талқыла», «Тірек сызба», «Құпия жәшік» бұл әдістер оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.

Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты.Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.

Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар тығыздықтың формуласын есептеп шығаруды, қолдануды меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
Пікір жазған:___________________________ Ховдабай Өрік

№1Чернорецк ЖОББМ

Бастауыш мұғалімі және ата-ана

№1 Чернорецк жалпы орта білім беретін мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі Бахытха Айбота

6қ сыныбында 21 қараша 2022 жылы өтетін ашық сабағына

ПІКІР

Мазиханова Айжан Бекболтаевна физика пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыстанып келеді. Физика пәніне деген оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау, зейіндік қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.

Осындай сабақтарының бірі 7қ сыныбында өтілген «Тығыздықты есептеу» атты сабағы. Өткен материалды«Кім жылдам» және «Миға шабуыл» әдістері арқылы өткізді . Жаңа тақырып бойынша топпен физикалық эксперимент жасап, тапсырманы оқып, топпен бірлесе отырып талқылап және құралдарды пайдалана отырып,өлшеулер жүргізіп, есептеулерді орындады
. Білімдерін тексеру бағытында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берді.Сабақ сематикалық картаны толтыру арқылы бекітілді. Бағалау тәсілі бағалау парақшасы арқылы өткізілді .Оқушылар білімдерін өздері бақылап отырды.Сабақ мақсатына жетті.Осындай өткізген сабағына ризамын,көп-көп рахмет айтамын.Болашақта жұмысына табыс тілеймін..

Пікір жазған: ____________________ №1 Чернорецк ЖОББМ

химия пәнінің мұғалімі

Жанай Ардакелд