Файл: Суа батырылан тыына сер ететін кері итеруші кш 49 Н. Егер тыынны тыыздыы 240 кгм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

  1. Суға батырылған тығынға әсер ететін кері итеруші күш 49 Н. Егер тығынның тығыздығы 240 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?



  1. Массасы 195 кг, көлемі 0,5 м2 бетон плитаның түсіретін қысымы қандай?



  1. Тығыздығы 710 кг/м3 болатын бензиннің цистернаның түбіне түсіретін қысымы қандай? Бензин бағанасының биіктігі 0,6 м.



  1. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 0,1 м2 ал үлкен поршенінің ауданы 10 м2. Массасы 200 кг жүкті көтеру үшін кіші поршенге қандай күш түсіру керек?



  1. Массасы 100 кг, көлемі 0,2 м3 дене су бетінде жүзе ме әлде батып кете ме?



  1. Мұз 45 кПа дейінгі қысымда жарылмайды. Массасы 2,7 т және табанының ауданы 0,75 м2 болатын трактор осы мұздың бетімен өте ала ма?



  1. Спирттің тығыздығы 800 кг/м3. 1,2 кПа қысымда спирт құйылған ыдыстың биіктігі қандай болады?



  1. Ауданы 0,1 м2 болатын кіші поршенге ауданы 5 м2 болатын үлкен поршенде орналасқан салмағы 500 Н затты көтеру үшін қандай күш түсіру керек?

ТЕСТ


  1. Заттың неше күйі бар?


А) 5

В) 4

С) 3

Д) 2


  1. Сұйыққа батырылған дене өз __________ тең сұйықтықты ығыстырып шығарады.


А) массасына

В) тығыздығына

С) көлеміне

Д) ауданына



  1. Газ қысымының айырымын өлшеуге арналған құрал?


А) альтиметр

В) барометр

С) манометр

Д) динамометр



  1. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым қалай беріледі?


А) биіктігіне қарай

В) барлық нүктесіне бірдей

С) тығыздығына қарай

Д) әр түрлі



  1. Пішіні мен көлемін сақтау заттың қай күйіне тән?


А) сұйық

В) аморфты

С) газ

Д) қатты



  1. Бірлік ауданға түсірілген күш қалай аталады?


А) тығыздық

В) кері итеруші күш

С) қысым

Д) салмақ



  1. Қатынас ыдыстар дегеніміз қандай ыдыстар?


А) ортақ түптері бар

В) аудандары бірдей

С) көлемдері әр түрлі

Д) дефектімен жасалған ыдыстар



  1. Қалыпты жағдайда атмосфералық қысымның сан мәні қандай?


А) 103 Па

В) 105 Па

С) 10 Па

Д) 106 Па



  1. Пішінін оңай өзгерту, аққыштық заттың қай күйіне тән?


А) газ

В) сұйық

С) плазма

Д) аморфты



  1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең кіші бөлшегі?


А) протон

В) молекула

С) ион

Д) атом



  1. Молекула кинетикалық теорияның неше қағидасы бар?


А) 5

В) 2

С) 4

Д) 3



  1. Қатты денелердегі қысымды анықтауға арналған формула?


А) P=ρgh

В) P= FS

С) P=

Д) P= mV



  1. Сұйыққа немесе газға берілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қай заң?


А) МКТ қағидасы

В) Ломоносов заңы

С) Паскаль заңы

Д) Торричелли заңы



  1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал?


А) психрометр

В) манометр

С) барометр

Д) динамометр


  1. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 0,2 кг уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18 кг/м3 болса, көлемі қандай?


А) 1 м3

В) 3,6 м3

С) 0,01 м3

Д) 0,5 м3



  1. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күш қалай аталады?


А) Үйкеліс күші

В) Ауырлық күші

С) Серпімділік күші

Д) Архимед күшІ


ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРДІ ХБЖ-НЕ АЙНАЛДЫРУ

  1. 3 г = 100 г = 4000 г = 0,5 г = 20 г =



  1. 4 см = 200 см = 2000 см = 0,3 см = 10 см =



  1. 8 см2 = 400 см2 = 9000 см2 = 0,9 см2 = 30 см2 =



  1. 4 см3 = 600 см3 = 7000 см3 = 0,8 см3 = 70 см3 =



  1. 7 л = 200 л= 3000 л = 0,1 л = 10 л =



  1. 4 г/см3 = 200 г/см3 = 2000 г/см3 = 0,3 г/см3 = 10 г/см3 =



  1. 3 кПа = 20 кПа = 900 кПа = 0,5 кПа = 5000 кПа =

СУРЕТПЕН ТАПСЫРМА

4

  1. Қай суреттегі дененің қысымы көп? Жауабыңды толық жаз.

3

2

1



  1. Неге мына суретте көлемдері бірдей заттардың массалары тең емес, ал көлемдері әр түрлі заттар таразыда теңесіп тұр? Жауабыңды толық жаз.