Файл: аза тілі жне дебиеті сабатарында оушыларды шыармашылы дербестігін дамыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 2
Бүгін сенің досыңның туған күні. Сен туған күнге бару үшін ата-анаңнан қалай рұқсат сұрайсың?
№ 3
Әкең саған театрға екі билет сатып әкелді. Құрбыңды спектакль көруге шақыр.
№ 4
Сен сыныпта кезекші болдың. Байқамай гүлді құлатып алдың. Мұғаліміңе не айтасың?
№ 5
Жуықта Наурыз мерекесі. Наурыз көжені қалай дайындайсың?
№ 6
8 наурыз мерекесімен анаңды қалай құттықтайсың?
№ 7
Анаң сені дүкенге жіберді. Дүкеннен сүт, ірімшік, қант әкелуді тапсырды. Сатушымен сөйлес.
№ 8
Сен жазғы демалыста ауылдағы әжеңе барып көмектестің. Үйге келген соң, ата-анаң әжеңе қалай көмектескенің туралы сұрады. Әңгімелеп бер.
№ 9
Сен үйге берілген шығарманы жазып әкелдің. Сыныптасың сенен көшіріп алды. Мұғалім екеуіңе де «екі» қойды. Ата-анаңа қалай түсіндіресің?
№ 10
Сен асығыс жұмыстарыңмен кетуге жиналғанда, үйіңе досың келді. Сен оған не айтасың?
Мұндай жағдаяттық тапсырмалар қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып, ой - өрісін дамытады. Тапсырмаларға лайық өз бетімен сөйлемдер құрастырып, ізденуіне мүмкіндік тудырады. Бұл тұста тілге ғана тән ерекшелік көрініп қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де байқалады. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру, дамытуда әдебиет сабағының орын ерекше. Оқушы бай ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының көркемдік қуаты мол үлгілерін оқып білу арқылы қазақ халқының ұлттық рухын, дүниетанымын, мәдениетін танып, әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасады. Қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, өз ойларын қазақ тілінде қорғай білуге үйренеді. Әдебиет сабақтарында «ПАЙДА –ЗИЯН» стратегиясын қолдану сөйлеу әрекетін дамытып қана қоймай, өз пікірін білдіріп, шығармашылық дербестігін дамытуға ықпал етеді.
Мысалы: Шортанбай Қанайұлы өлеңдерінің мазмұны бойынша оқушыларға кестені толтыртамын:
Ақша туралы ақынның пікірі қандай?
Ақшаның пайдасы | Ақшаның зияны |
| |
Өмірде кездесетін жағдайларды сабақта қолдану, олардың шешімін табу арқылы оқушының шығармашылық қиялы дамиды. Мемлекеттік тілді меңгерту үшін мұғалімнің теориялық білімінің болуы жеткіліксіз, сапалы оқулық пен бағдарлама, оқытудың белсенді түрлерін қолдану оң нәтижеге жеткізеді. Біздің жағдайымызда мемлекеттік тілдің дамуына тілдік ортаның болмауы тежеу болып отыр. Қазақ тілін саналы түрде үйренуге бағытталған, тілдік жаттығуларды жиі қолдануға мүмкіндік беретін, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолданысқа енгізу керек. Тілді меңгеруде мотивацияның (уәж) жоғары болуы - табыстың кілті. Мотивацияның (уәж) жоғарылауына сабақтардың қызықты өткізілуі әсер етеді.
Жоба әдісі. Оқушылар тілді толық меңгермегендіктен, жобаның ақпараттық түрлерін жиі қолданамын. Оқушы берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды, оны іріктейді. Материалды ресімдейді, презентация дайындайды.
Қорытынды:
Аталған әдіс – тәсілдер, сабақ түрлері мен стратегиялар
- оқушының ойлауын дамытуға;
- сөйлеу тілін, артикуляциясын дамытуға;
- өзгелерді тыңдауға, олардың пікірін құрметтеуге;
- өз ойын жеткізе білуге;
- сыни тұрғыда ойлауға;
- қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы, шығармашылық қабілет бірнеше құрамдас бөліктен тұратын ұғым:
-
жаңаны тануға деген құлшыныс; -
жаңаша ойлау; -
алған білімін тәжірибеде қолдану біліктілігі; -
қиял еркіндігі.
Оқытудың дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін қолдану оқушының қызығушылығын оятады, тілді үйренуде табысқа жетуге мүмкіндік береді. Сабақты жоспарлағанда, мұғалім оқушылардың тек жаңа сөздерді жадында сақтауын ғана емес, әр оқушының дербес тұлға ретінде дамуы үшін жағдай жасауды есінен шығармауы керек. Сондай-ақ, мұғалім білім сапасын көтеру, оқытудың тиімділігін арттырудың жолдарын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қандай әдіс-тәсілдер, технологиялар арқылы қолдау керек екенін білуі қажет. Әрбір оқушы дербес тұлға болып қалыптасады. Ал шығармашылық дербестік дегеніміз – әр оқушының өз ой-пікірі болуы, өмірлік тәжірибеде алған білімін қолдана алуы.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін ұсынылатын
жұмыс түрлері:
-
Зерттеу, шығармашылық аспектілері бар жеке тапсырмалар; -
Ғылыми жоба, шолу, баяндамаларды дайындау және қорғау; -
Пәндік олимпиадалар; -
Жағдаяттарды қолдану; -
Интеллектуалды сайыстар;
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
«В.Комаров атындағы №7 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығармашылық жұмыс тақырыбы:
«Шығармашылық дербестік қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы»
Дайындаған : Касимова А.А