ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары
САБАҚ: | Мектеп: О.Мухаммадий атындағы орта мектеп | |||||
Сабақтың тақырыбы: Тағдырлас елдер | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Жумабаева Дианура Абилхановна | |||||
СЫНЫП: 9 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Аудиоторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырып, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып,түрлендіріп қолданады. | |||||
Бағалау критерийі | 1.Аудиоторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады. 2.Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолданады. | |||||
Ойлау деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | |||||
Құндылықтар | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 2 бөлімі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы оқушыны ұлтжандылыққа , ынтамақтастықа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыс | география пәні бойынша халықтың саны, өсімі, өзге елдердің рәміздері туралы біледі | |||||
Алдыңғы оқу: | Ұлттың болашағы – халықтың демографиялық өсімі туралы біледі | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||
Басы 5 минут | Сәлемдесу,түгендеу Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу. Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады. Үй тапсырмасын тексеру «Таза тақта» әдісі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады. Оқушыларды қима қағаз арқылы 3 топқа бөлемін. Топ ережесімен таныстырамын. Тақтада тақырыпқа байланысты сурет ілініп тұрады. Оқушылар сурет арқылы тақырыпты анықтайды. Сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсатын ,бағалау критерийін таныстырамын. | «Мозайка» әдісі | ||||
Ортасы 10 минут 13 минут 7 минут 2 минут | ТЖ. Жазылым алдындағы тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Әр топқа үш мәтін беріледі. Мәтіннің жазылым түрін айтыңдар. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңдар. 1-мәтін. XXI ғасырдың соңына дейін Украина халқының саны 20 миллион адамды құрайтын болады дейді сарапшылар. Бұл қазіргіден екі есе төмен көрсеткіш. Халық санының жаппай қысқаруына - эмиграция, өлім көрсеткішінің жоғарылауы, туу көрсеткішінің төмендеуі себеп болуы мүмкін. Және бұл жағдай бірнеше ондаған жылға созылады деп күтіледі. Бұл туралы ТАСС хаарлайды. Қазіргі уақытта Украина халқының нақты санын ешкім білмейді, себебі соңғы санақ 2001 жылы өткен. Ол уақытта елде барлығы 48,5 миллион адам тұрады деп есептелген. Жыл сайын халық саны шамамен 200 мыңға дейін қысқарып отырады. 2-мәтін Мақалада автор ресейлік архив материалдары негізінде ХХ ғасыр басындағы Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесіндегі Ресей империясының қоныстандыру саясатының мақсаты, барысы мен нәтижелерін қарастырады. Түйін сөздер: Қазақстан, шығыс, Алтай өлкесі, Ресей империясы, орыс шаруалары, қоныстандыру саясаты. 3-мәтін Өзбекстан Республикасы (өз. O‘zbekiston Respublikasi) — Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет. Дескриптор 1Оқушылар жазылым түрлерін айтады. 2.Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады. ҚБ «Допты лақтыру» әдісі топтар бір-біріне доп лақтыру арқылы мәтіннен тапқан салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлеріне жататын сөйлемдерді бір-біріне оқып беріп,дұрыс-бұрысын анықтап, тиімді кері байланыс орнайды. Жазылым тапсырмасы. ТЖ «Фотогалереяға саяхат» әдісі. Әр топтан сурет таңдайды. Сол сурет бойынша мәтін құрастырады. Мынадай жазылым түрлерін таңдау мүмкіндігі бар. -Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. - Аннотация латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақатаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттам - Тезис бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. «Редактор әдісі». Мәтін құрауда мына сөздерді пайдалан:ғасырлардан ғасырларға, кейбір құжаттар, көзге жас үйіріледі, кему, иек артты, қасірет-құрбандық, «тар жол,тайғақ кешу», қан төгу, аман-есен, тәубе. Мәтінге салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп қолданыңдар. Дескриптор 1.Мәтін құрауда берілген сөздерді қолданады. 2.Оқушылар жазылым түрлерін таңдап, мәтін жазады. 3.Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолданады. ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» топтар бір-бірін бағалайды. Жазылымнан кейінгі тапсырма Ж. «Буриме» әдісі Берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрасытру .................. ұраны, ................. алтын күн. ................. қыраны ................ халқымның. Дескриптор 1.Сөз мағынасына қарай дұрыс қолданылу керек 2.Әр тармақтағы сөз дұрыс байланысу керек 3.Буын саны сәйкес келу керек ҚБ Оқушылар өз өлеңдерінің қаншалықты дұрыс екенін баспалдақ арқылы көрсетеді. Сабақты бекіту «Бумеранг» әдісі Әр топ мүшелері жаңа тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймыз. | «Фотогалерея ға саяхат»әдісі Фотосуреттер «Редактор әдісі» «Буриме»әдісі «Бумеранг» әдісі | ||||
Рефлексия'>Соңы 3 минут | Үйге тапсырма 4 –тапсырма, 83 -бет Рефлексия Чемодан (маған қажет), Еттартқыш (қайта қарастыру қажет), Қоқыс жәшігі (маған қажет емес) Өз көңіл күйлерін бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар! | Рефлексия стикер | ||||
Қосымша ақпарат | Көрші елдер туралы біледі. | |||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі) | ||||
«Қарым-қатынас формалары» бойынша саралаудың түрін топтық жұмыста қолдандым.Топтық жұмыста «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісінде мәтіннің стилін ажырату керек. бердім. Оқушылар бұл әдісте ойлау дағдыларын дамытады. Жұппен бөлісу арқылы өз ойын еркін жеткізуге үйренеді. «Фотогалереяға саяхат» әдісі арқылы оқушыларды сурет арқылы сабаққа қызығушылығы танытады. «Редактор»әдісі арқылы оқушыларға сөздер берем,сол сөздерді мәтінге қосып жазады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау кезінде жекелей, топтық жұмысты ұсындым. Сабақ барысында жекелей тапсырманы орындауда «Буриме» әдісін қолдандым. Тапсырмаларды орындау барысында деңгейі төмен оқушыға мейілінше қолдау көрсетемін. | Сабағымды жоспарлауда оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, өз дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажеттілігін ескердім. Осылайша сабақ кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолдандым. Мұғалім тарапынан бағалау кезінде «Допты лақтыру», «Екі жұлдыз,бір тілек», «Жұлдызды баспалдақ» әдісін қолдандым. «Допты лақтыру» әдісі кезінде өз тарапымнан оқушыға"Жарайсың!" "Жауабың тамаша!" "Жақсы" "Мұқият бол" "Талпын" "Қосымша оқы" деген сияқты сөздерді айтып бағаладым. Топтық жұмыста «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы топтар бір-бірін бағалайды,ұсыныс айтады. Оқушылар өз ойын еркін жеткізеді. Жеке жұмыста «Өзін-өзі бағалау баспалдағы» әдісін қолдандым.Оқушылар өз өзін бағалауға үйренеді. | 1.Көрші елдің халық өсімі,халық саны,рәміздерін білу арқылы география пәнімен байланысады. 2.АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды әдісі ретінде қолданамын. 3. Сабақ барысында денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. 4.«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 2 бөлімі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы арқылы оқушыны ұлтжандылыққа , ынтамақтастықа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. | ||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? | Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
| ||||||
Қорытынды бағалау | ||||||
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) | | |||||
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? | | |||||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? | |