Файл: Дене трбиесі пні малімдеріне арналан дістемелік сыныстар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 102

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ..............................................................................................19

4.1. Терминдер мен түсініктер.......................................................................................................19

4.2. Ойын және жарыс әдісі............................................................................................................20

4.2.1. Ойын әдісі...............................................................................................................................20

4.2.2. Жарыс әдісі............................................................................................................................20

4.3. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері....................................................................................20

4.3.1. Қимыл-әрекетке үйрету әдістері..........................................................................................21

4.3.2. Дене қасиеттерін дамыту әдістері........................................................................................21

4.4. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері............................................................................................23

5. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.....................................................................................25

5.1. Саналылық және белсенділік қағидасы..................................................................................25

5.2. Көрнекілік қағидасы.................................................................................................................26

5.3. Жүйелілік қағидасы..................................................................................................................26

5.4. Реттілік қағидасы......................................................................................................................28

5.5. Біртіндеушілік қағидасы..........................................................................................................28

5.6. Даралылық қағидасы................................................................................................................29

6. ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ..........................................................................31

6.1. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі...........................................................................31

6.2. Теориялық материалдарды оқыту бөлімі..............................................................................31

6.3. Іс-тәжірибе бөлімі.....................................................................................................................32

6.3.1. Қимыл-әрекетті таныстыру кезеңі.....................................................................................32

6.3.2. Қимыл-әрекетті үйрету кезеңі..............................................................................................32

6.3.3. Қимыл-әрекетті жетілдіру кезеңі........................................................................................34

7. ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІ, ОНЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ...........................................................36

7.1. Дене қасиеттері, анықтамасы, түрлері...................................................................................36

7.2. Күш және оны дамыту әдістемесі...........................................................................................36

7.2.1. Күш, күштің түрлері..............................................................................................................36

7.2.2. Күшті дамыту амалдары мен әдістері..................................................................................37


7.2.3. Жас ерекшеліктеріне байланысты күшті дамыту...............................................................38

7.3. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі..............................................................................38

7.3.1. Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері.............................................38

7.3.2. Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту...............................................40

7.4. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі.................................................................................40

7.4.1. Төзімділік, оны анықтау әдістері, түрлері..........................................................................40

7.4.2. Аэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері................................................41

7.4.3. Анаэробты төзімділікті дамытудың амалдары мен әдістері.............................................41

7.4.4. Жас ерекшеліктеріне байланысты төзімділікті дамыту.....................................................42

7.5. Ептілік және оны дамыту әдістемесі......................................................................................42

7.6. Икемділік және оны дамыту әдістемесі.................................................................................43

7.6.1. Икемділік, оның түрлері.......................................................................................................43

7.6.2. Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері................................................................43

7.6.3. Жас ерекшеліктеріне байланысты икемділікті дамыту.....................................................43

ІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................................................45

8. СӘБИ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................45

8.1. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен

міндеттері.........................................................................................................................................45

8.2. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы ..........................................................................................................46

8.3. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің амалдары.............................50

8.4. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлері................................................................................................................51

8.5. Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемелік ерекшеліктері...................................................................................................................................52

9. МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ

НЕГІЗДЕРІ.......................................................................................................................................54

9.1. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері........................54

9.2. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене дайындығы........................................................................................................................................55


10. МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ......................................... 63

10.1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері..........................................63

10.2. Оқу сабағы – дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі, оның мазмұны мен құрылымы.........................................................................................................................................63

10.3. Денсаулықтарында ауытқушылығы бар әлсіз оқушылардың дене тәрбиесі....................66

10.4. Сабақтарды жүйелеу..............................................................................................................68

10.4.1. Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша топтау.......................................................68

10.4.2. Сабақтарды мазмұнына байланысты топтау.....................................................................68

10.4.3. Сабақтарды міндеттеріне байланысты топтау..................................................................69

10.5. Қолданбалы дене тәрбиесі және оны ұйымдастыру әдістемесі........................................69

10.5.1. Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі.......................70

10.6. Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындығы.................................................................................71

10.7. Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік шеберлік негіздері......................................................73

11. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ, БАҒАЛАУ....................75

11.1. Сабақта жүктемені мөлшерлеу..............................................................................................75

11.2. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.................................................................75

11.3. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу.........................................................................................................................78

11.4. Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау, бағдарлау..................................................79

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................................................................81


«Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі»

(Әдістемелік құрал)
М. Садыкова, М. Тұяқбаева, Е. Уанбаев


Редактор Б. Домдағұлова

Корректор Б. Алғабай

Компьютерде беттеген Г. Әбдірахманова

«Мектептегі сыныптан тыс және күн тәртібі ішіндегі спорт, көпшілік спорт, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» ұсыныстарына автордың аннотациясы

Адамбеков М.І. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Республикалық спортта дарынды балалар интернатының жаттықтырушы-оқытушысы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дене тәрбиесі ілімі мен спорт саласындағы көкейтесті проблемалардың 30 астам жарияланымдарының авторы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығы

Мектептегі сыныптан тыс және күн тәртібі спорт, көпшілік спорт, сауықтару жұмыстарын ұйымдастыру
(Әдістемелік ұсыныстар)

Алматы, 2012


М.І.Адамбеков., Е.Қ. Уанбаев Мектептегі сыныптан тыс және күн тәртібі спорт, көпшілік спорт, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. (Әдістемелік ұсыныстар), 2012 ж. - 14 бет.
Пікір жазғандар:

Сухов С.В. – м.ғ.д.

Әбішев А.Р. – п.ғ.к.

Тайжанов Р. – дене тәрбиесінің мұғалімі


Ұсынып отырған әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.

Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кенесі ұсынған (Протокол №3, 04.05.2012ж.)

1. МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫПТАН ТЫС

ЖӘНЕ СПОРТ- КӨПШІЛІК СПОРТТЫҚ

САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1. Мектептегі сыныптан тыс спорт,


көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру

Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар жүргізеді.

2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.

3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.

4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.

8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.