Файл: Дене трбиесі пні малімдеріне арналан дістемелік сыныстар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.3. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі

спорттық жаттығу дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филалдары) ауылдарда оқушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүгізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты – оқушылармен жаттықтыру, тәрбие жұмыстарын жүргізу, спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету.

Міндеттері: оқушылардың денсаулығын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен қабілеттерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанының намысын қорғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойындары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің бағыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Спорт мектептері «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастырудың тәртібі туралы ереже-регламент» бойынша жұмыс істейді. Ол ережеде спорт мектептерінің құрылымы, оқу топтарындағы сағаттар мен балалар саны, басқарушылар мен қызметкерлер сандары, ұйымдастыру мен жұмыс істеу тәртібі, дәрігерлік бақылау, жоспарлау мен есепке алу, есеп беру түрлері жазылған.

Қазақстан мемлекетінің туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2003 жылы 15 шілде айындағы № 06-2-2 бұйрығымен бекітілген спорт мектептерінің ереже-регламенті бойынша оқу топтары мен оларға жүргізілетін бір апталық сағат сандары төмендегідей болып белгіленген. Оны келесі беттен көруге болады.

Спорт мектебін директор басқарады. Директор мамандар мен қызметкерлерді іріктеу мен қабылдауға, мектепті мамандармен, оқу топтарымен қамтамасыз етуге, жаттығу – тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен сапасына, спорт мектебіндегі барлық жұмыстарға жалпы басшылық етеді.

Спорт мектебінде жұмыс істеушілер құрамына: оқу жұмысының меңгерушісі, әдіскер-нұсқаушы, спорт түрлерінің жаттықтырушылары, дәрігер, шаруашылық меңгерушісі жатады.


Мектептің оқу жұмысының меңгерушісі оқу топтарының толықтығына, жоспарлауға, оқу құжаттарына, жаттығу кестелеріне, күнтізбелік жарыс жоспарларына, оның орындалуына, жаттығу сабақтарының сапасына, бапкерлердің білім көтеру курстарының уақытында өтуіне жауап береді. Әдіскер- нұсқаушы оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуін бақылайды, әдістемелік, ұйымдастыру нұсқауларын береді.


Спорт мектептерінің оқу топтарын,

топтардағы жаттығушылар санын,

оқу-жаттықтыру жұмысының тәртібін бекіту


3-кесте



Жаттығу

топтары



Жаттығу жылдары

Оқу топтары мен

оқу-жаттықтыру жұмыстарының

тәртібі (аптадағы сағат саны)

Оқу топтарының саны

Спорт түрлерінің топтары


1


2


3


4

1. Спортшы оқушыларды спорт мектептерінің әр түрлі кезеңдеріне дайындау

Жоғары

спорттық шеберлік

Барлық уақытқа

32(36)

3

6

4

2

Спорттық жетілдіру

1 жыл

2 жыл

2 жыл-

дан жоғары

24

26

28

5

4

4

6

6

6

6

5

5

3

3

3

Оқу-жат-

тықтыру

1 жыл

2 жыл

3 жыл

3 жыл-

дан жоғары

12

14

18

20

8

8

6

6

12

12

12

12

10

10

8

8

5

4

4

3

Алғашқы дайындық

1жылдан жоғары

8

10

14

12

18

16

14

12

8

6

Спорттық сауықтыру

Барлық уақытқа

6

16

20

18

12

2. Жаттығушыларды дене тәрбиесі және спорттық мекемелерде дайындау

Спорттық секциялар

Барлық уақытқа

6

16

20

18

12

Спорттық сауықтыру

Барлық уақытқа

6

20

20

20

20



Жаттықтырушылар өз спорт түрлерінен жүргізілетін жаттығуларға, жоспарлау, есепке алу құжаттарының дұрыс сауатты толтыруларына, балалардың спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорттық дәрежелері тұрақты жоғары өсіп отыруларына, жоғары спорттық жетістіктеріне жетуіне жауап береді.

Спорт мектептеріндегі спорт түрлерінің жаттығу сабақтарына денсаулықтары мықты, дәрігердің, ата-анасының, мектеп директорының рұқсатын алған оқушылар жіберіледі. Оларды іріктеу жұмыстары мектептің дене тәрбиесі сабақтарында, жарыстарында, мектептің жаттықтыру секцияларында жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды спорт мектептеріндегі жаттықтыруларға бағыттап, ұсынып отырулары керек.


Әдебиеттер тізімі


1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического воспитания. – М., 1990.-234 с.

2. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена. – М .: ФиС., 1977.

3. Вайцеховский С.М. Книга тренера. – М.: ФиС., 1971. - 312 с.

4. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. – М.: ФиС., 1980. – 136 с.

5. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. – М .: ФиС., 1986.

6. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.

7. Евсеев Ю.И. Физическая культура. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002. –

с. 381.

8. Зациорский М.Я. Физические качества спортсмена. – М., 1980. – 200 с.

9. Коршунов А.М. Секреты долгой молодости профессора Никитина. – М.: Советский спорт, 1990.

10. Ленчеков И.С. Физкультурно-оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2003.

11. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М., 1991, - 336 с,

12. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС., 1977,

13. Менхин Ю.В., Менхин А.В. Оздоровительная гимнастика: теория и методика. – Ростов-на-Дону: Феникс,2002. – 384 с.

14. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2002. – 208 с.

15. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 2004. – 277 с.

16. Уанбаев Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.

17. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.

18. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.

19. Филин В.П., Фомин Н.А.Основы юношеского спорта. – М.: ФиС., 1980. – 255 с.


20. Холодов Ж.К., Кузнецов В.К. Теория и методика физического воспитания и спорта. – М.: 2002. – 478 с.

21. Холодов Ж.К. Кузнецов В.К. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. – М.: Академия. 2001. – 143 с.

22. Кофман Л.Б. Настольная книга учителя физической культуры. – М.: ФиС., 1998

23. Янсон Ю.А. Физическая культура в школе. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

24. Мамытов А. Теория спорта. – Бишкек: ЫГУ им. Тыныстанова, 2005. – 234 с.

25. Қасымбекова С.И., Телеугалиев Ю.Г., Тайжанов С. Программа по физической культуре для 5-11классов – Алматы, 2000. – 47 с.

26. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. – Алматы, 1998. – 40 с.

27. Республиканская учебная программа по физической культуре профессиональных технических учебных заведений. – Алматы, 1993. – 70 с.

28. Рекламент о порядке организации учебно-тренировочного процесса в спортивных школах. – Астана, 2003.

МАЗМҰНЫ

1. МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫПТАН ТЫС ЖӘНЕ КҮН ТӘРТІБІ

ІШІНДЕГІ СПОРТ, КӨПШІЛІК СПОРТ, САУЫҚТЫРУ

ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................................................3

1.1. Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт

жұмыстарын ұйымдастыру.............................................................................3

1.2. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.......................5

1.3. Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын

жоспарлау...........................................................................................................5

1.4. Оқу күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі – сауықтыру

шаралары............................................................................................................7

2. МЕКТЕПТЕН ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ

ЖҰМЫСТАРЫ..................................................................................................7

2.1. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының

түрлері.................................................................................................................7

2.2. Жазғы демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру

жұмыстары.........................................................................................................8

2.3. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі

спорттық жаттығу дайындықтары...................................................................11
Әдебиет тізімі......................................................................................................13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Дене тәрбиесінің ғылыми-практикалық орталығы

Спорт ілімі терминдеріне түсініктер

(әдістемелік ұсыныстар)

2012 ж.


М.Ш. Тұяқбаева

Спорт ілімі терминдеріне түсініктер. (әдістемелік ұсыныстар), 2012ж.-32 бет

Пікір жазғандар:

Сухов С.В. – м.ғ.д.

Ильясов Ж.О.- п.ғк.

Бекмұханбетов Б.С. – п.ғ.к. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы


Ұсынып отырған әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.

Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңесі ұсынған.

КІРІСПЕ
Дене мәдениетінің де экономика, әдебиет, өнер және де басқа қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның мағынасы, ұйымдастыру түрлері, әдістемелік тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы жаңа түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды анықтауды талап етеді.

Қазақстан Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер кепілді түрде өз қолдауын табады.

Дене тәрбиесі мәдениеті және спорттың бүгінгі қызметкерлерінің «Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі» түсініктерін толық меңгермей еңбегінің жемісті болуы қиын. Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі бойынша оқулық әдебиеттердің қазақ тілінде жоқтығы әдістемелік нұсқауларды шығарудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

Әдістемелік нұсқаулардағы түсініктер оқулық бағдарламалары талабына сай жасалды. Бұл еңбек студенттерге, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары мен оқытушыларына және жаттықтырушылар мен спорт жұмыстарын ұйымдастырушы қызметкерлерге арналған. Осы әдістемелік құралдағы түсініктер мазмұны, дене тәрбиесі мәдениетінде шығармашылық ізденістер көрсету негізінде пайдалана отырып оқыту сапасын арттыруға, спортта сапалы спорт дайындығын жоғарлатуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

II. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МӘДЕНИЕТІ ІЛІМІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ

ТҮСІНІКТЕРІ

ПОНЯТИЯ ТЕОРИИ И МЕТОДИКИ ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ


1. М ә д е н и е т /латын тілінде – жетілу, тәрбие, білім, даму/ адам заттың тарихи дамуы барысында адам қолымен жасалған материалдық және рухани қазыналардың жиынтығы. Бұл ұғым әр түрлі қоғамдағы техникалық, білім, ғылым, әдебиет, өнер, философия, адамгершілік және соған тән мекемелердің дамуы жолындағы қол жеткен табыстарын қамти көрсетеді.