Файл: Тобы мдб Н18 Практика трі Жазы педагогикалы тжірибеге дайынды оу практикасы тілетін кні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қайырлы күн,Оқытушы!

Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Тобы: МДБ –Н-18

Практика түрі: «Жазғы педагогикалық тәжірибеге дайындық» оқу практикасы

Өтілетін күні: 01 .06.2021 жыл

Әдіскер: Маханбетабдиева А

Студент: Нұрымбетова М

Құрметті машықтанушылар, берілген нұсқаулармен толық танысып болсаңыздар, төменде берілген практикалық тапсырмаларды орындап, қайта салып жіберулеріңізді сұраймын.
Тапсырма: Жаз мезгілінде атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау:



Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:Алақай,жаз келді!”
Мақсаты:Жаз мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.Сурет бойынша әңгіме құрауға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыландыру. Білімділік: жаз мезгілі,жазғы ойындар,жазғы табиғат жайлы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Табиғатқа,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру

Әдістәсілі: Сұрақ-жауап,сурет бойынша сөйлем құрау.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, үлестірмелі суреттер.

Барысы:

1-кезең

Шаттық шеңбері.
Күлімдеп күн бүгін.

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін.

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін.

Шуағын шашып тұр.

Қайырлы таң,апайлар!

Қайырлы таң,достарым!

2-кезең

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Қандай?Қазір қай мезгіл?

-Көктем айларын айтыңдаршы?
Балаларды
ң назарын тақтадағы суретке аудару.Сұрақ-жауап арқылы балалар әңгімелейді.Олай болса,бүгінгі оқу-қызметімізде біз жаз мезгілі жайлы айтатын боламыз.Жазда ауа-райы ыстық болады.Жаз айлары;маусым,шілде,тамыз.Айнала гүлденіп,жап-жасыл күйге енеді.Жаз мезгілінің ауасы да тамаша болады.Жазда балалар суға шомылады,далада көп ойнайды.Жеміс-жидек піседі.Гүлдер жайқалып өсіп,қызыл-жасыл көбелектер гүлден-гүлге ұшып-қонады.
Көбелек есік қағып кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаз мезгілі жайында өтіп жатқандарыңды естіп,ұшып келдім.Сендерге жаз мезгілі ұнай ма?Маған да ұнайды.Маған жаз туралы тақпақ айтып беріңдерші. 

Билиньгвалдыкомпонент;жазлето,көбелекбабочка

Тілұстартужаттығуы; Аз-аз-аз, Жайдары жаз. Үн-үн-үн, Ыстық күн. Ға-ға-ға, Шомыламыз суға.

Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып. Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып. Көбелек боп қона алам.
-Балалар,енді біз партаға орнымызға отырып,сурет құраймыз.Алдарыңа берілген суретті құраймыз және әңгімелейміз.

Балалардың жұмысы.

Көбелек,біздің балалардың жұмысы ұнады ма?
Жарайсыңдар балалар!Өте тамаша екен! Сендер,жаз мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер.Мен қуанып қалдым.Мен енді гүлдеріме оралайын.Сау болыңдар!Рахмет.

Дидактикалық ойын: « Үлкен-кіші доптар»

Ойын шарты; үлкен допты бір себетке,кіші допты екінші себетке жинау.

3-кезең

Біз бүгін жылдың қай мезгілі туралы айттық?

-Ауа-райы қандай болады?

-Қандай ойындар ойнаймыз?

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жаз мезгілінің ерекшеліктерін.

Игереді: суретті құрастыруды.

Меңгереді:суретке қарап әңгіме құрап айтуды.