Файл: ыса мерзімді жоспар Пні физика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар




Пәні: физика


Мектеп: №1 О.Есімов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Нартбаев Ә.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты.Элетр тогының жылулық әсері Джоуль-Ленц заңы.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.4.2.12 Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану.

8.4.2.13 Джоуль-ленц заңын есептер шығару үшін қолдану.

Сабақ мақсаты

- Электр тогының жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы мен формуласын білу.

- Жұмыс, қуат және Джоуль- Ленц заңы формулаларын түрлендіре отырып, есептер шығару.

- Тұрмыста қолданып жүрген электр құралдарының электр энергиясының шығынын есептей алу.

Бағалау критериі

- Электр тогының жұмысы мен қуаты және Джоуль- Ленц заңы мен формуласын тұжырымдайды.

-Жұмыс, қуат және Джоуль- Ленц заңы формулаларын түрлендіре отырып, есептер шығарады.

- Тұрмыста қолданып жүрген электр құралдарының электр энергиясының шығынын есептейді.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология

  1. Қуат, энергия, ваттметр,электр есептеуіш сөздеріне қысқаша мәлімет беріп өтемін.

  2. Диалог пен оқыту үшін тілдік мақсаттар.

Электр тогының жұмысы дегеніміз..................

Токтың қуаты дегеніміз.................................

Токтың қуатын өлшейтін аспап –Ваттметр.

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал –Электр есептеуіш.

Құндылықтарды дарыту


Жалпыға бірдей еңбек қоғамында үздіксіз білім алуға және бәсекеге қабілетті болуға дағдыландыру.

Пән аралық байланыс

Математика пәнімен есептер шығару барысында , формула түрлендіру кезінде байланыстырамын, жаратылыстану пәнімен энергия , қуат терминін айта отырып байланыстырамын.

АКТ-ны пайдалану

  • http://bilimland.kz/index.php/kz/




Бастапқы білім


Жаратылыстану пәнінен электр сөзінің ұғымын біледі.Жұмыс ,қуат туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

7 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Балалардың көңіл-күйін смайликтер арқылы анықтау.

«Пианино әдісі» бойынша оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды А, В, С, тобына бөлу.

1-топ: «А» тобы

2-топ: «В» тобы

3-топ: «С» тобы

2 .Үй тапсырмасы «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұралады. Үй тапсырмасын пысықтау үшін және зейінді шоғырландыруға арналған тапсырма.Оқушылардың айтылым, тыңдалым, қолдану дағдыларын қалыптастырамын.



  1. Тізбектей жалғанған тізбектегі ток күші өзгере ме?

  2. Резистор дегеніміз не?

  3. Өткізгішті параллель жалғау дегеніміз не?

  4. Параллель жалғанған өткізгіштердің ұштарындағы кернеу туралы не айтуға болады?

Дескриптор

  1. Өткізгіштерді жалғаудың екі түрін біледі.

  2. Тізбектей және параллель жалғау кезінде тұрақты болатын шамаларды айтады.

Смайликтердің

суреттері


Сабақтың ортасы

25 мин

1-тапсырма.

«Джигсо» әдісі бойынша оқушыларға тапсырма беру. Топтық жұмыс оқушыларда айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын дамытамын.

  1. Топ. Электр тогының жұмысына түсініктеме беру.



  1. Топ Токтың қуатына және формуласына сипаттама беру



  1. Топ. Джоуль-Ленц заңына сипаттама беру.

Дескриптор

  1. Электр тогының жұмысы,қуаты және Джоуль-Ленц заңының анықтамасын айтады.

  2. Электр тогының жұмысы,қуаты және Джоуль-Ленц заңының формуласын біледі.

2- тапсырма

«Есептер банкасы»:әдісі бойынша әрі тез және жылдам есеп шығаруға қалыптастыру.Оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым қолдану дағдыларын қалыптастырамын.

1-Есеп. Жүк шығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120 Дж –ге тең жұмыс атқарады .4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электроматордың қуатын табыңдар..

2-Есеп.Әрқайсысы 6В кернеуге ,0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2мин жанды.Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысты анықтаңдар.

3-Есеп. Мұнай араластырғышты іске қосатын электр қозғалтқышының қуаты 1900 Вт Электр қозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.

4-Есеп. Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300Кл мөлшерінде электр өтеді.Берілген уақыт аралығындағы токтың жұмысын есептеңдер.

5-Есеп. Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом . Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын табыңдар

6-Есеп. Қайнатқыштың элементі 20 минут уақыт аралығында 800кДж энергия бөледі.220 В кернеуде элемент арқылы өтетін ток күшін және оның қуатын анықтаңдар.

Дескриптор.

  1. Есептің шартын құрып, өлшем бірлігін ХБЖ-түрлендіріп электроматордың қуатын табды.

  2. Электр тогының жұмысы мен орамның кедергісін анықтайды

  3. Джоуль- Ленц заңын түрлендіре отырып ,электр тогы мен қуатын анықтайды .

.

3-тапсырма. «Кім шапшаң» әдісін пайдалана отырып,оқушыларды жылдам ойлауға, өз ойын тез жинақтауға және шығармашылыққа бағыттаймын.Оқушылардың айтылым, тыңдалым жазылым, қолдану дағдыларын дамытамын.

Қуаты 150 Вт үй тоңазтқышы 10 күн бойына тоқтамай жұмыс жасады. 1кВтсағ энергия тарифі 4,46тг болғандағы электр энергиясының шығыны қанша?

Электр үтігінің паспортында «220 В,600 Вт» деп жазылған. Кернеуі 220В желіге 3сғ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшері бөледі

Дескриптор.

1. Тоңазытқыштың 1 күндегі тұтынатын энергиясын есептейді.

2. 10 күнге кеткен тоңазытқыштың энергия шығынын анықтайды.

  1. Тұрмыста қолданып жүрген электр аспаптарның электр энергиясының шығынын есептей алады.





Оқулық

Слайдтық

тапсырмалар






Сабақтың соңы

5 мин

  1. Бағалау

  2. Үй жұмысы

  3. Кері байланыс

«Табыс баспалдағы» әдісі: кәдімгі баспалдақтың суреті, баспалдақтың 
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, 
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН




Саралау– Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Балаларға қолдау көрсету үшін «ЖАДА аймағында теорияны топтық және жұптық талқылау нәтижесінде оқушылардың арасында көпіршелердің қалыптасуына ықпал жасаймын.«Есептер банкасы» әдісін берілген тапсырмалардың нәтижесіне қарай оқушыларды қолдаймын. Тапсырмаларды оқушының қабілетін ескере отырып әзірлеймін.

Белсенді оқу арқылы қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы орындап қана қоймай, өз тұжырымын дәлелдеуді ұсынамын.

Әр кезең сайын оқушыларды бағалау критерийлеріне сүйене отырып бағалаймын. Оқушыларды ынталандыру әрі жағымды ахуал туғызу мақсатында мадақтау (өте жақсы, жақсы, керемет) жүргіземін.

Жеке бағалау жүргіземін және өзін –өзі бағалайды.

Сабақтың әр кезеңінде кері байланыс жүзеге асырылады

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау