Файл: Реферат Таырыбы Мрын аймаыны топографиялы анатомиясы. Балалардаы ерекшеліктері. ойнаулар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қарағанды медицина университеті .

Морфология және физиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Мұрын аймағының топографиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері . Қойнаулар.

Орындаған : Теллур Алина Теллурқызы

Қабылдаған: Мухаметжанова З.Т.

Топ: 3-018

Қарағанды 2023жыл

Жоспары

  1. Мұрын аймағының шекарасы , қабаттары .

  2. Сыртқы мұрын

  3. Ішкі мұрын

  4. Мұрын маңы қойнаулары .

  5. Қолданылған әдебиеттір тізімі.

МҰРЫН АЙМАҒЫ (REGIO NASALIS)

Шекаралары:

  • Жоғарғы глабелла (glabella) – суперцилиарлы доғалардың медиальды бөліктері арасында орналасқан платформа

  • Төменнен мұрын қалқасының табаны арқылы жүргізілген көлденең сызықпен;

  • Бүйірінен мұрын-ерін және мұрын-ерін қатпарлары бар жақтан.

Қабаттары: Мұрын ұшы мен қанатының терісі қалың, сыртқы мұрын шеміршектерімен тығыз біріктірілген, көптеген май бездері бар. Тері асты шелі тамырларға бай. Онда мимикалық бүлшықеттер орналасқан (т. nasalis, т. depressor septi).

Мұрын қуысы кілегей қабатының ерекшеліктері:

Кілегей қабат - көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған, жұтылатын ауаны тазартады. Эпителий клеткаларының арасында кілегей қабаттың меншікті бездері орналасады да, сөл бөліп жұтылатын ауа ылғалдап тазартылады.

Қан капиллярлары кілегей қабаттың бетіне жақын орналасқан,сол себепті қан жұтылатын ауаны жылытады. Ол ортаңғы мұрын жолдарының тұсында ауаны жылытатын үңгірлі венозды өрімдер-plexus cavernosi concharum бар.

Мұрын аймағында сыртқы мұрын (nasus externus), мұрын қуысына (cavitas nasi) бөлінеді .

СЫРТҚЫ МҰРЫН- nasus externus, грекше Rhinos/rhis

Анатомиялық бөліктері:

  • мұрын түбірі- radix nasi

  • мұрын қыры - dorsum nasi

  • мұрын ұшы- apex nasi

  • мұрын қанаты, alae nasi

  • таңау-nares

Сыртқы мұрынның қабырғасы:

1. Сүйектік бөлігі: 2 жұп сүйектен құралған:мұрын сүйегі-os nasale жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісі-processus frontalis maxillae

2. Шеміршектік бөлігі: гиалин шеміршектерінен құралған:

  • мұрынның латералды шеміршегі-cartilago nasi lateralis, жұп, пішіні үшбұрыш мұрынның бүйір қабырғасын құрайды.


-Алдыңғы қыры бірігіп, dorsum nasi-ді құрайды

-Төменгі қыры cartilage alaris major-мен байланысқан

  • Мұрын қанатының үлкен шеміршегі- cartilago alaris major, мұрынның сыртқы тесігі таңау. Nares құрауға қатысатын жұп шеміршек

  • Мұрын қанатының кіші шеміршегі- cartilago alaris minor, қанаттың үлкен шеміршегінің артында орналасқан 2-3 ұсақ шеміршек

  • Мұрын қуысының аралық шеміршегі- cartilago septi nasi, тақ шеміршек, пішіні төртбұрышты, торлы сүйектің перпиндикулярлы табақшасымен желбезекпен шектелген.

  • Қосалқы шеміршектер- cart.nasales accessoriae сыртқы пішіні өзгермелі, латералды және үлкен шеміршектер аралығында кездеседі.

МҰРЫН ҚУЫСЫ– cavitas nasi

Топографиясы: бас сүйек негізінің астында, ауыз қуысының үстінде, көз ұяларының арасында орналасқан.

Алдыңғы шекарасы- таңау, nares

Артқы шекарасы: Хоан –choane тесігі арқылы жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен байланысады

Мұрын қалқасы, septum nasi мұрын қуысын оң және солға бөледі

Мұрын қуысының бөліктері:

1.Кіреберіс бөлігі- vestibulum nasi, май-тер бездерінен, шаштар/вибристар көп орналасқан. Қызметі: қорғаныштық, сырттан келген шаң-тозаңдарды ұстап қалады

2.меншікті мұрын қуысы – cavum nasi proprium қабырғалары сыртқы мұрын мен бет сүйектерінен құралған. Кіреберіс және меншікті қуыс limen nasi/мұрын қуысы босағасы арқылы шектелген.



Балалардығы ерекшелігі :Көбінесе жана туылған нәрестелерде хоана дөнгелек, сирек жағдайда үшбұрыш пішінде болады. Шырышты қабатының кұрылысы нәзік болады. Тамырлар өрімдері жақсы дамыған, бірақ мұрынның артқы белігінде шырыш асты кабыкта үңгірлі тіндер нашар дамыған, сондыктан осы жастагы балалардын мұрнынан қанның ағуы сирек болады. Мұрын жолдарына мұрын койнаулары ашылады: жоғарғы мұрын жолына-торлы сүйектің ортаңғы және арткы жасушалары, негізгі койнау, ортаңғыға-торлы суйек лабиринтінін алдынгы жасушасы, мандай және жоғарғы жак койнаулары, төменгі мұрын жолына мұрын-жас өзегі ашылады.

Мұрын қуысының қабырғалары:

1. Жоғарғы қабырғасы тұрады:

-сыртқы мұрын латеральді шеміршегі, cartilago nasi lateralis

-мұрын сүйегі, os nasale

-торлы сүйектің торлы табағы, lamina criboza

-сына сүйектің денесі, corpus ossis sphenoidales
2. Төменгі қабырғасы тұрады:

-қатты таңдай, palatum durum

-жұмсақ таңдай, palatum molle
3. Латералды қабырғасы тұрады:

-facies nasalis maxillae-жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен

-facies nasalis labyrinthi ethmoidalis- торлы лабиринт мұрын бетінен


-os lacrimale- көзжас сүйегі, os nasale –мұрын сүйегі

-lamina perpendicularis- таңдай сүйектің перпендикулярлы табағы

-concha nasalis inferior- төменгі мұрын қалқасы
4. Медиалды қабырғасы: мұрын қалқасы/septum nasi сәйкес келеді, оның 3 бөлігі бар:

(1.жоғарғы-сүйектік бөлігі. 2.алдыңғы- шеміршектік. 3.төменгі- жарғақтық бөлігі)

Бүйір қабырғасында 3 мұрын қалқаны және 3 мұрын жолын көруге болады:
Мұрын қалқаны:

1.Жоғарғы мұрын қалқаны/ concha nasalis superior,

2.Ортаңғы мұрын қалқаны /concha nasalis medius, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқаны- торлы сүйектің мұрын табақшасына сәйкес келеді

3.Төменгі мұрын қалқаны / concha nasalis inferior – ең ірі бет сүйегінің жеке сүйегі.

Мұрын жолдары:

1.Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior – жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. сына сүйектің қойнауымен және торлы ұяшықпен. байланысқан.

2.Ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius – ортаңғы және төменгі мұрын қалқандары аралығында орналасқан. Маңдай қойнауымен, жоғарғы жақсүйек қойнауы, алдыңғы, ортаңғы, торлы ұяшықтармен байланысады.

3.Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior – төменгі мұрын қалқанымен таңдай аралығында орналасқан. мұрын-көзжас өзегі ашылады, күректіс өзегі арқылы ауызқуысымен байланысқан.

Мұрын қуысы 2 аймаққа бөлінеді:

жоғарғы мұрын жолы-иіс сезу аймағы- pars olfactoria,

ортаңғы, төменгі мұрын жолы-тыныс алу аймағы-pars respiratoria



Балалардағы ерекшелігі :Көбінесе (88%) жағдайда төрт мұрын куысы болады: теменгі, ортанғы, жоғарғы және косымша ең жоғарғы concha suprema, бірак туылған соң ол кері дамуға ұшырайды. Жас нәрестелерде төменгі мұрын жолы болмайды, өйткені төменгі кеуелжір мұрынның төменгі қабырғасына жабысып жатады, ол 6 айдан бастап калыптаса бастайды және 13 жасқа дейін дамиды. Ортанғы мұрын жолы дамыған, туылған сәттен бастап 6 айға дейін үлкейеді, содан сон өсуі баяулайды. Жоғарғы мұрын жолы тар. Кеуелжірдің медиалды беті мұрын пердесіне жетпейді, сол себепті жалпы мұрын жолы бос болады да, сол аркылы нәресте дем алады. 3 жастан кейін бала ортаңғы мұрын жолы арқылы тыныстай бастайды. 7 жастан кейін төменгі мұрын жолы өз қызметін аткарып бала тыныс ала бастайды.

Мұрын маңы қойнаулары(sinus paranosalis)

1. Жоғарғы жақ (гаймор) Sinus maxillaris қойнауы төрт жақты пирамидаға үқсас:

a ) алдыңғы қабырғасы, жоғарғы жақтық көзасты шетімен үяшықтың өсіндісінің арасына сәйкес. Бүл қабырға жұқа. Алдыңғы қабырғасына (иттіс шүңқырына) пункция жасағанда, жоғарғы жақ қойнауды тазартуға және антибиотиктер енгізуге болады. Трепанация жасап қойнауды механикалың тазартуға болады. Осындай әдістер жасағанда, көзасты тесіктен п. infraorbitalis (үш тік нервтің II тармағынан) шығатынын ескеру керек;


b) артқы-сыртқы қабырғасы жоғарғы жақтың төмпегінен тұрады;

c) үстіңгі қабырғасы, көз үясының төменгі қабырғасы болады. Сондықтан гайморит көзүясына тарауы мүмкін;

d ) төменгі қабырғасы жоғарғы жақтың үяшықтық өсіндісінен қүрылған. Кейде сүйек жоқ болады да, тістің түбірі жоғарғы жақ қойнауының кілегейіне тиіп түрады. Осындай тісті жүлғанда ңойнаудың кілегей қабаты жыртылып, жүлынған тістің орны ауыз қуысымен байланысты болады. Бүндай асқыну кезінде, тістің орны арқылы қойнаудың қаны , іріңі шығады. медиалды қабырғаға алдынан мүрын — жас өзегі, артқы — үстіңгі жағына торлы үяшықтар тиіп жатады .



Балалардағы ерекшелігі: Жана туылған балаларда басқа қойнауларға қарағанда жогаргы жак немесе Гайморов койнауы жақсы дамыған. Ол мұрын қуысынын латералды кабыргасынан төменгі мұрын жолына дейін созылып жаткан ойыс болып табылады. Гайморов койнауы баланың дамуы мен өсуіне қарай үлкейеді. Екі жастан бастап ол көз асты өзегінде, кішкене медиалды жаққа таман орналасады. 5 жаста қойнау латералды жаққа қарай кеңейеді және 9 жаста бетсүйектің өсіндісіне жетеді. 1 жастағы балаларда койнаудың түбі мұрын куысынан 4 мм-ге жоғары жатады да, бірте-бірте төменге түсе отырып 9 жаста тенеседі. Гайморов койнауының төменгі қабырғасының арткы белігі медиалды жакка карай түсе отырып, 15 жаста мұрын қуысы түбінің денгейіне туседі.

2. Маңдай қойнауы. Sinus frontalis Көлемі жеке өзгергіш болады. Қойнау маңдай сүйегінің қалыңдығында орналасқан, қасүсті доғаның медиалды бөлігіне проекцияланады. Алдыңғы қабырға — маңдай сүйегі. Қойнауды ашу үшін қуыстың алдыңғы қабырғасына трепанация жүргізеді. Медиалды қабырғасы — сынатәрізді сүйектің кіші қанаты және көру нервінің өзегі. М аңдай қойнауында қабыну (фронтит), іріңдік бас қорабының алдыңғы шұңқырына және көзүясына тарауы мүмкін. Латералды қабырғасы — маңдай сүйегінің бет сүйектік өсіндісі. Маңдай қойнауының тесігі мүрын қуысының ортадағы жолына ашылады.



Балалардағы ерекшелігі: Мандай койнауы мүлдем дамымаған, мандай сүйекке бағытталған шырыш асты кабат катпарлы болады. Жаңа туылған балаларда негізгі койнау келемі улкен болмайды. Негізгі қойнау тесігі жоғарғы кеуелжірден жоғары ашылады және ұл балаларда нукте тәрізді олады.

3. Сынатәрізді қойнау.Sinus sphenoidalis
Сынатәрізді қойнау аттас сүйектің ішінде орналасқан.

a ) сынатәрізді сүйектің алдыңғы қабырғасындағы тесік арқылы мүрын қуысының жоғарғы жолы мен қатынасады ;

b) төменгі қабырғасы мүрын қуысының төбесін құрады;

c ) жоғарғы қабырғасының ортасы түрік ері мен гипофизге, ал алдыңғы беті — көз нервтерінің қиылысатын жеріне сәйкес келеді;

d ) латералды қабырғасының жоғарғы бөлігіне үңгірлі синус тиіп жатады;

e) медиалды қабырғасы — septum sinum sphenoidalium сынатәрізді қойнауды екіге — оң жақ және сол жаққа бөледі. Сынатәрізді қойнау арқылы гипофизге, үңгірлі синусқа, көз нервтерінің қиылысына эндовидеохирургиялық немесе ашық әдіспен жетіп операциялауға болады. Мұрынның қойнаулары қабырғадан неврологиялық ауырсыну немесе синус — тромбоз дамуы сынатәрізді сүйектің, үңгірлі синус және көз нервінің қиылысқан жерінің бір-біріне көршілес екендігімен түсіндіріледі.

4. Торлы қойнаy.Cellulae ethmoidalis Торлы қойнау сынатәрізді сүйектің алдында орналасқан. Мүрын қуысының латералды қабырғасын құрады.

а ) жоғары да — маңдай сүйегінің көз бөлігімен;

б ) төменде — жоғарғы жақтың денесімен;

с)латералды жағынан — торлы сүйектің көз бөлігі және көз жасы сүйегімен шектелген.. Торлы лабиринттің алдыңғы ж әне ортаңғы ұяшықтары мұрынның ортадағы жолына, ал артқы үяшықтан — мүрынның жоғарғы жолына өтеді



Балалардағы ерекшелігі: Торлы сүйектің жасушалары ұрык түрінде болады. Олар дөңгелек пішінде және оны мұрын пердесі бөліп тұрады. Торлы сүйектің жасушалары жақсы, тез өседі де, 14 жаста ересектердікі тәрізді келемде болады. Мұрынның меншікті қойнаулары мұрын қуысынан келетін шырышты кабыкпен капталады. Дамудың барысында мұрын қуысындағы қабыну үдерістері кезінде мұрынның меншікті қойнауларында қамтуы мүмкін.

Мұрын куысының қанмен камтамасыз етілуі.

Артериялары: Мұрын қуысының шырышты қабығы (жоғарғы жақсүйек артериясының тармағы) сынатәрізді - тандай артериясының тармақтарымен, a. sphenopalatina, және (көз артериясының тармағы) жұп алдыңғы және арткы торлы артериялармен, аа. ethmoidales anterior et posterior, қандандырылады.

Веналары: сыртқы мұрыннан веналық кан бет және көз веналарына, vv. facialis etophtalmica, ағады. Мүрын қуысының шырышты қабығынан сынатәрізді - тандай венасы, v. sphenopalatina, арқылы канаттық өрімге, (plexus pteriygoideus) ағады.