ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты-жөні: | | ||||||||
Пән/Сынып: | Химия, 9 сынып | ||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | 23- сабақ | ||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | VІ тарау. Металдар мен құймалар | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Металдардың жалпы сипаттамасы №4 көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері» | ||||||||
Оқу мақсаты: | 9.1.4.1 –металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу; 9.1.4.2 –металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру; | ||||||||
Бағалау критериі: |
| ||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау. | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету. | Жеке жұмыс Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды. | |||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не? | Бағалау | Ресурстар | |||
3 минут 00:00 – 03:00 | Ұйымдастыру | Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен қашықтықтан оқытуды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Металдардың жалпы сипаттамасы» Бүгінгі сабақта: Бүгінгі сабақтың тірек сөздері: металдар; химиялық элемент; жай зат; металдық байланыс; металдық кристалдық тор; металдарға тән ортақ физикалық қасиеттер; металдарға тән ортақ химиялық қасиеттер; Сенің білетінің:
Сенің меңгеретінің:
| Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру | | | ПрезентацияСлайд №1 | |||
16 минут 03:00 – 19:00 | Жаңа сабақ | Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты. Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола. Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады. Металдардың химиялық қасиеттері. Жай заттармен: 2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы Fe + S = FeS темір (II) сульфиді Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді. Металдардың құрылысы және физикалық қасиеттері Металдар – металдық кристал торын түзеді. Бұл кезде химиялық байланыстың ерекше түрі – металдық байланыс пайда болады. Валентті электрондары аз және радиусы үлкен болғандықтан металл атомдары бұл электрондарды жеңіл жоғалтып, иондарға айналады (бұл айналулар қайтымды): Ме0-nē→Меn+ 1. Агрегаттық күйі - қатты. (Ерекшелік! Нg, сынап - сұйық). 2. Түсі сұр. (Ерекшелік! Au, алтын – сары, Cu, мыс- қызғылт-сары). 3. Металдық жылтыры бар. (Ag, Ir) 4. Электр- және жылу өткізгіштігі жоғары. 5. Иілгіш, батталғыш, созылғыш. Au, Ag, Cu, Sn, Pb, Zn, Fe к е м и д і | Жаңа тақырыпты меңгеру | | Дескриптор: -металдарды жай заттармен әрекеттестіре алады; - металдардың физикалық қасиеттерін анықтай алады | Слайд №3 Слайд №4 Слайд №5 Слайд №6 Слайд №7 | |||
4 мин 19:00-23:00 | Тәжірибе | Жұмыс барысы: 1 тапсырма. Fe, Cu, Na, Zn, Au, Pb, Mg, Al, Sn, Ag Берілген металдарды а) иілгіштік, ә) электр және жылу өткізгітігі, б) тотықсыздандырғыш қасиеттерінің артуы бойынша орналастырыңдар 2 тапсырма. Мына берілген заттардың өзара әрекеттесетіндерінің теңдеулерін жазыңдар: мыс (ІІ) сульфаты, тұз қышқылы, натрий хлориді, темір, мырыш, натрий | Тақырыпты тапсырмалар арқылы бекіту | | | Слайд №8 Слайд №10 | |||
2 минут 23:00-25:00 | Бекіту | Сабағымызды қорытындылайық. Бүгінгі сабақта
| Тақырыпты меңгергенін анықтау | | | |