ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түркістан облысы

Түркістан қаласы

БИЗНЕС ЖОСПАР

Наубайхана ашу






Жоба ұсынушы: Адамбаева Алмагүл Сағатайқызы

Жоба ұсынушы: Пернебай Бақытгүл Жалғасқызы




Түркістан – 2022ж.

ЖОБАНЫҢ ТҮЙІНДЕМЕСІ


Жоба туралы ақпарат:

Жобаның атауы

Наубайхана ашу

Жобаның мақсаты

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құрал жабдықтар санын алу мақсатында грант қаражатын қол жеткізу.

Жобаның саласы

наубайхана

Жобаның негізі

Наубайхананы ұйымдастыру арқылы табысқа жету.

Жобаны жүзеге асыру орны

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, А.Молдағулова №11

Жобаның кезеңі

Басты кезең (бизнес-жоспар құру)

Жобаға қажетті қаражат

1 300 000 тенге

Грант қаражаты

1 225 200 теңге

Меншікті қаражат

74 800 тенге

Жоба үйлестірушісі туралы ақпарат:

Жоба үйлестірушісі

Пернебай Бақытгүл Жалғасқызы

Ұйымдастыру құқықтық формасы

Жеке тұлға

Меншік түрі

Жеке

Мекен-жайы

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, А.Молдағулова №11

ИИН

011212600105

Телефоны:

+7 700 434 20 21



Жоба үйлестірушісі: Пернебай Бақытгүл Жалғасқызы

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, А.Молдағулова №11

ЖСН: 011212300105

Байланыс номері: 8 700 434 20 21

Жоба атауы: Наубайхана ашу
Жобаның тұжырымдамасы

Жоба концепциясы Түркістан қаласы Молдағулова көшесі бойынан Наубайхана ашуды қарастырады. Наубайхананың ашылу мақсаты халыққа сапалы әрі жаңа прісірілген өніммен қамтамасыз ету үшін ұннан пісірілген тағамдарын дайындау.

Наубайхананың артықшылығы: өз ісін жақсы меңгерген, жоғарғы дәрежелі мамандардың жұмыс жасауы; бастапқы уақытта төмен, халыққа тиімді бағамен, тұтынушының көңілінен шығатын сапалы өнім түрін ұсыну. Бұл жобаны жасау барысында барлық мүмкіндік, барлық өнім түрі сараланып, кірістер мен шығыстар есепке алынып, кемшіліктерге өзгертулер енгізіліп жасалды.

Жобаны жүзеге асыру үшін 1 300 000 теңге көлемінде қаражат керек. Ол қаражаттың пайда болу және жұмсалу көздері төмендегі кестеде көрсетілген.

Атауы

Қажеттілік

Грант

Меншікті қаражат

Құрал жабдықтар

1 300 000

1 225 200

74 800


Қаржалық жоспар

Инвестициялық шығындар жоспары




Атауы

Саны

Бағасы

Қажетті қаражат

Оның ішінде

Грант

Меншікті қаражаты

1

Нан пісіретін пеш

1

750 000










2

Нан ашытатын апарат

1

200 000










3

Таразы

2

50 000











4

Стол

2

100 000











5

Тандыр

1

200 00













Барлығы:




1300 000




1 225 200

74 800


Ұйымдастыру жоспары




2022ж.

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

1.Құжат дайындау










2.Грант алу










3.Құрал – жабдық сатып алу










4.Жұмыс орнын дайындау










5.Кәсіпті бастау











Жоба тұжырымдамасы

Кіші наубайхана ұннан пісірілген тағамдарын өндіру мен оны өткізу мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта кіші наубайхана үлкен сұранысқа ие. Жоба келесі артықшылығы бар жоғары сұрыпты ұннан жасалатын нан бұйымдары мен тәтті тағам бұйымдарын шығаруды жоспарлайды:

  • жақсы дәмді;

  • тез сіңетін:

  • дәстүрлі емес рецептімен;

  • тез бұзылмайтын.



Кәсіпорынды суреттеу

Нан мен ұннан пісірілген тағамдарын шығарумен айналысатын кіші наубайхана ашу күтіліп отыр. Тұрғындардың табысы көбейген сайын жай нанды тұтыну азайып, өнімнің дәмділігін жақсартатын ингредит қосылған жаңа дайындалған дәмді нан бұйымдары күннен күнге көбейіп келеді. Бизнес жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формасы-жеке кәсіпкер. Бизнесті жүргізудің бұл формасы салықты үнемдеп, бухгалтерияны және өзара есеп айырсуды жеңілдетеді. Нанға және ұннан пісірілген тағамдарына деген сұраныс әр уақытта жоғары болатындықтан жобаның табыстылық дәрежесі жоғары болады деп күтіліп отыр. Бірінші кезеңде негізгі міндет-бәсекелестігі аз және орташа бәсекелесті табу. Құрал-жабдықты жеткізушілер құрал-жабдықты құрастырады, оның толық дайын болуын және персоналды оқытуды қамтамасыз етеді.

Өнімді суреттеу
Дәстүрлі емес нан бұйымдары-калориясы аз және қосымша қосылған, қабатталған, ашытқы қосылған және бисквитті қамырдан пісірілген нандар. Кіші наубайхананың артықшылығынан бұйымдарының сапасы және шығарылатын өнімдердің көп ассортименті, одан басқа сұраныстың өзгеруіне тез бейімделу.


Нарықтық және өнім өткізуді талдау

Нан пісіру саласы тамақ өнер кәсібінде алдыңғы қатарлы орын алады. Ұннан пісірілген тағамдары бірінші қажеттілікке ие болып келеді. Кіші наубайхана ұннан пісірілген тағамарын өндіру және өткізу мақсатында құрылады. Нанды тұтыну мөлшері қалыпты жағдайда тұрғындардың әр басына 1 жылда 110кг келеді. Тұрғындардың әл ауқаты өскен сайын зауытта дайындалған нанның тұтыну деңгейі төмендеп келеді, әлеуметтік зауытта дайындалған нанның тұтыну деңгейі төмендеп келеді, әлеуметтік зауытта дайындалған нанның ең көп тұтынуы әр адам басына 200кг 1997 жылы болды. Бүгінгі күні нан бұйымдарының нарығы негізінен дәстүрлі емес нандар арқылы дамуда, дайындау рецепті қиын нан сұрыптарына деген сұраныс көбеюде, осыған қарамай «көпшілік» тұтынатын нан ұзақ мерзім бойынша тұрақты болып тұр-оның нарықтық үлесі 50 пайызды құрайды. Өнімді сатуды ұйымдастыру үшін келесілерді орындау қажет:

- бірнеше дүкендерге өнімді жіберу туралы келісім-шарт жасап, өнімді жеткізу керек.

- көтерме фирмалармен келісім-шартқа отыру керек. Бұл нұсқа өнімді сату нарығын ұйымдастырудан сізді босатады, екінші жағынан бұл үнемді, наубайхана үшін автокөлікті және қосымша персоналды ұстаудың қажеті жоқ.

- сату орынын жеке ұйымдастыру. Бұл өте қымбат нұсқа, себебі қосымша көлік және арнайы рұқсат қажет болады. Бірақ бір нұсқаның артықшылығы – сіз әр уақытта өзіңіздің өніміңізді сатасыз.


Өндірістік ғимарат.

Ұннан пісірілген тағамды пісіретін кіші наубайхана ашу үшін 50 шаршы метрден кем болмайтын аудан керек болады, ал Түркістан облысы бойынша статикалық агенттің мәліметі бойынша ғимараттың шаршы метрінің жалға алынатын құны бір айға орташа 664 теңге болады.
Кіші наубайхана ашу бойынша бизнесті бастау үшін сауда нүктесінің орынын  дұрыс таңдау керек. Бұл жерде негізгі өлшем ретінде адамдардың көп болуы саналады. Сауда нүктесінің орынын таңдағаннан кейін іс-әрекетті іске асыру үшін таңдап алынған ауданда сауда жасауға болатыны туралы санитарлық эпидемиялық стансадан шешім алу керек. Жұмыс істейтін әрбір сатушының санитарлық кітапшасы болуы керек.
Технологиялық үдеріс және жоспар

Нан өнімдерін өндіру үшін негізгі шикізат ұн, су,тұз бен ашытқы және ерекше ингредиенттер (көкнар ұрығы, күнжіт және т.б.)  болып табылады. Ұнды алып келгенен кейін ол қоймада сақталады. Пайдаланардың алдында ол арнайы машинадағы електен өткізіледі. Содан кейін қамыр дайындайтын машинаға түседі, онда сумен,  ашытқымен және әртүрлі қосымшалармен араластырылады. Осыдан кейін қамыр жасайтын машинада 20 минуттай ұсталады.  Содан кейін қамыр бөлетін машинаға жетеді, онда бірдей бөліктерге бөлінеді. Одан әрі қамыр оны орайтын машинаға барады, онда батон және әртүрлі ұннан пісірілген тағамдар пайда болады. Онда қамырдың бір бөлігі машинаның валикімен ұзынша келген кеспе дайындалады, содан кейін рулон түрінде оралады.

Осыдан кейін  қамыр пісіп жетіліуі үшін, жұмсақ  және кеуекті болуы үшін ол бірнеше уақыт арнайы шкафта ұсталады. Осыдан кейін ол пешке түседі. Пісірілген нан лотокқа салынып, сатуға жіберіледі.

Бір дана нанды пісіру үшін 198 грамм ұн және 10 грамм қосымша ингредиенттер жұмсалады. Күніне 400 дана, жылына 144 000дана нанды өндіруге 43 000 кг ұн және 1640 кг ингредиенттер керек болады.

Бір жылда шикізат пен материалдардың шығысы:
Маркетингтік жоспар

Бүгінгі таңда наубайхана өнімдері нарығының жағдайы бір жағынан, тұтынушыларды тартудың қиындықтарына, екінші жағынан әлеуметті жаңарту мүмкіндіктеріне ие. Өз кезегінде наубайхананы нөлден бастап ашу ең аз шығынды талап етеді. Жобадағы наубайхананың ұсынған өнімі сапалы, қолжетімді болады. Тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер қарастырылады.

Жылдан-жылға халық саны артып, халықтың табыс көлемдері ұлғаюда. Осыған орай адамдар өзінің тартымдылығына көбірек қаражат жұмсауына мүмкіндіктері мол. Материалды табыстылыққа жеткен адам табысына тиісінше көзге көрінуі тиіс.

Наубайхана нарығындағы өсіп келе жатқан бәсекелестікке сай болу үшін көптеген факторларды ескеретін ұзақ мерзімді нарықтық дамудың стратегиясын қолдану тиіс. Олар: оптималды баға саясаты, тұрақты клиенттерге жеңілдік, үнемі жаңа қызметтер мен қызметте жаңашылдықтарды енгізу, техникалық саясаттың оң орнығуы. Осы факторлардың үйлесуі көрсетілетін өнімдердің жоғары сапалылығын, тұтынушының жайлылығын қамтамасыз етіп, жобаның тәуекелділік деңгейін төмендетеді

Атауы

Шығыс мөлшері, кг

Нан пісіретін бидай ұны жоғары, бірінші және екінші сұрыпты

43 000

Сығымдалған, құрғақ, сұйық нан пісіретін ашытқылар

90

Ас тұзы

280

Құрғақ сүт

420

Маргарин

350

Ұсақ қант

350

Көкнар ұрығы, күнжіт және басқа ингредиенттер

150

Барлығы:

44 640

Сатудан келген түсім: кіші наубайхананың дәм келтіретін ингредиенті бар нанның сату бағасы 100 теңге (аймаққа байланысты) болады. Орташа күніне ең аз дегенде