ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім атауы: | Кеңістік пен уақыт | |
Педагогтің ТА Ә | Смагулов Дастен Каирбекович | |
Күні: | | |
Сыныбы: 11-сынып I тоқсан | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: | О.Бөкей «Атау кере» повесі | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну 11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау | |
Сабақтың мақсаты: | әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасайды; - жанрлық ерекшелігін түсінеді - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды ЕҚБ: мұғалімнің колдауымен шығарманың бір бөліміне сюжеттік- композициялық талдау жасайды; - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын 3-4 сөйлеммен жазады | |
Бағалау критерийлері | - әдеби шығармаға сюжеттік композициялық құрылысына талдайды - жанрлық ерекшелігін түсінеді; - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды | |
ОДД | Қолдану ,жоғарғы деңгей |
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы | 1.Психологиялық ахуал «Нейро жаттығулары» 2.Оқу мақсатын айту 3.Сабақ мақсатын анықтау 4. Бағалау критерийлерін айту | Нейро жаттығуларға қатысады Оқу мақсатымен танысады Сабақ мақсатын анықтайды Бағалау критерийлерімен танысады | Мадақтау | Интербелсенді тақта |
Ортасы | 1-тапсырма «Бес қадам» әдісі. Шығарма мазмұнына бойынша берілген тапсырмаларды орындау ЕҚБ:Мұғалімнің қолдауымен берілген тапсырманың әр қайсысына 3 жауаптан беру Функционалдық сауаттылық: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын айқындап,қажетті ақпараттарды іріктейді. 2-тапсырма «Сюжеттік кестелер» Оқушылар әдеби шығарманы оқи отырып,сюжеттік-композициялық құрылымына талдап кестені толтырады ЕҚБ:Мұғалімнің қолдауымен шығарманың бір бөлімін сюжеттік-композициялық құрлымына талдау жасайды. Функционалдық сауаттылық: Мәтіндердің мазмұнын салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін көре біледі сюжеттік-композициялық желісіне талдайды. 3-тапсырма «Фактілер мен пікірлер» Шығармада Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»деген сөзімен Тағанның айтқысы келген ойын анықтап және қазіргі қоғам тұрғысынан талдап 7-8 сөйлеммен жазыңыз. ЕҚБ:Мұғалімнің қолдауымен Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»деген сөзімен Тағанның айтқысы келген ойын анықтап және қазіргі қоғам тұрғысынан талдап 3-4 сөйлеммен жазады. Функционалдық сауаттылық:Кейіпкерлер характерін қазіргі қоғам тұрғысынан өмірмен байланыстырып айтады. | Шығарма мазмүны бойынша берілген тапсырманы орындайды Мұғалімнің қолдауымен берілген тапсырманың әр қайсысына 3 жауаптан береді Шығарманы сюжеттік-композициялық құрылымына талдап кестені толтырады Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»деген сөзімен Тағанның айтқысы келген ойын анықтап және қазіргі қоғам тұрғысынан талдап 7-8 сөйлеммен жазады. | ҚБ:Өзара бағалау ҚБ:Жұптық бағалау ҚБ:Топтық бағалау | Сұрақтар жазылған карталар Кесте Мәтін |
Соңы | Кері байланыс:«3Қ» әдісі. Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша қиын, қажет, қызық болған жайттармен бөліседі. | | | |
Тапсырмалар:
1-тапсырма
«Бес қадам» әдісі.
1.Шығарманың маңызды бес кейіпкерін атаңыз.
2.Шығармадан бес қанатты сөзді табыңыз.
3.Нюра апайға бес сөзбен сипаттама беріңіз
4.Шығармадағы маңызды бес оқиғаны атаңыз
ЕҚБ: Мұғалімнің қолдауымен берілген тапсырманың әр қайсысына 3 жауаптан беру
2-тапсырма
«Сюжеттік кестелер»
Сюжеттік-композициялық Құрылымы | Мәтін |
Шығарманың басталуы | |
Шығарманың дамуы | |
Шығарманың шиеленісуі | |
Шығарманың шарықтау шегі | |
Шығарманың шешімі | |
Мәтін.
1.Еріктің былтырдан бері ауылға келгені осы. Өзгермеген.
Өзгергені өзі ғана секілді, көшеде көрген жұрттың бәрі бұған
үрке қарайтындай сезікті сезінді. Бұрынғыдай емес, бұл
ауылдың адамдары бұлдана есендесетіндей, бейне бір кісікиік
көргендей көздерінің астымен сүзе қарайды, не болмаса
байқамағансып, байырқаламай асығыс өте шығады. Соңғы
кезде адамдар мінезіне санамен кіріп, сыздата бүлдіріп жүрген
осына тоңмойындық ауылдастарының баяғы жайсаң жаны
қай жылдардан бастап қасаңдай бастағанын, зейін қойып,
зерттер зерде Ерікте бар-жоғын білмейміз; біздің білетініміз:
замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын өмір
сүру жеңілденіп, сауық-сайран көбейген сайын санамыз
сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын
құлқынымызға құм түскендей қатал да қайырымсыз; ешкімге
де, еш нәрсеге де сенбейтін сезімсіз «сергектік» жайлағандай
еді бойымызды. Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық
пен жалтақтықтан ада, асау батылдық балталасаң да қыңқ
етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес
көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып
жүрген жоқпыз ба деген күнәлі ой түрткілеп мазаны алар еді.
Еріктің туған ауылынан кеткеніне, сонда да мүлдемге емес, үшақ жыл болса да өзін осыншалық жат, өзгеше бір өгейлікпен
қарсы алады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірген жоқ.
2. Үлкен ойдың жетегінде жүріп құлындарды ноқталады;
үлкен ойдың жетегінде жүріп сиыр сауды; үлкен ойдың жетегінде жүріп самаурынға су құйып, шоқ салды; үлкен ойдың
жетегінде жүріп барлық шаруаны тындырды... күн қыза,
дестедегі шөпті жинай бастады. Әуелі әр дестені бір жерге
шүйкелеп үйді. Содан соң биыл қара басып қысыр қалған
кер биені жегіп, әлгі пішенді сүйретпеге салды. Кеше төбесі
шықпай, жапырайып қалған шөмелеге тасымалдай бастаған.
Шық суынан әлі де арыла алмай дымқыл тартқан пішен тырма
мен айырдың илеуіне түсіп, ары-бері аударыстыра келгенде өзөзінен дегдіп қалған. Осы қарекетпен түске дейін жан дәрмен
қимылдаған айна шаруасын іркіп, үйге барды. Енесі мұны
жайдары қарсы алды. Таңертең шай үстінде оқыстан айтып
қалған сөзінің артын жуып-шайғаны емес, мәймөңкесі жоқ
көңілімен шынайы жақсы көруі еді.
.3. – Ей, Қарабура, сен маған еріп жүр. аузыңнан арақ,
алдыңнан тамақ кетпейді.
– рас айтасың ба, алдамайсың ба? – деді екі көзімен Еріктің
қолындағы шөлмекті ішіп-жей. – Иен таудың басында арақ
заводың бар ма?
– арақ заводы жоқ болса да, сыра заводы бар. Шырмауық
салып қайнатқан алтайдың бал сырасы грузиндердің
виносынан кем деп кім айтты.
– Да, да, – деп тамсанды. – медеуха... ішкенмін... айда,
ердім соңыңнан, милициясы, дружиннигі, он бес тәулігі жоқ
бостандыққа аттанайық. Тек анауыңнан тағы бір жұтқыз.
– Жұтасың, осының бәрі сенікі, мен ішіп жатқам жоқ. Ол аз
десең, мына сумканың іші толған сенің горючиің...
4.Осы өңірге екі
жылдан бері қоныстанған «қауіпті будан», яғни ғылыми тілде
«жауыз ара» деп аталар араның жаңа тұқымы алапат еңбекқор
еді. Жұмысын жергілікті шыбындардан гөрі тым ерте бастайды
да, күн батқан соң да, екі сағат нәр таситын. араның осы бір
бұл елде жоқ түрін алғаш рет вертолетші жігіттен естігенде,
Ерік жанын қоярға жер таппай аса қызыққан және «не алсаң да
маған тауып бер» деп, ұшқыш жолдасына қолқа салған. «Наука
и жизнь» журналынан «Қауіпті гибрид» деген мақаланы оқып
шыққан соң, аңсары одан ары ауып, қалай да қолға түсірудін
жолын іздеді. ал бұл араның қысқаша өмірбаяны былай еді:
1956 жылы генетик-селекционер У. Керр африкалық бал
арасын алып келеді де, жергілікті тұқыммен будандастырады.
африканың аралары шапшаң әрі алысқа ұшады, анасы
балалағыш. Буданнан пайда болған африкаландырылған араның
сыртқы пішінінде пәлендей айырмашылық болмағанымен,
еңбекқор және қауіп төнсе, тобымен шабуыл жасайтын өте
агрессивті болып қалыптасқан. «Жауыз ара» атануы да содан
5 - Олай болса, мен дайынмын! - деді ұлы тәуекелге бел
буғандай ширыққан Таған. – Құдай да, адам да кешер бұл
ісімізді.
- Бұл жалғанда сенерің, сүйенерің, құтқарарың, қол ұшын
берерің болғанға не жетсін, - деді басын көтеріп, орнынан
тұрған айна сергек үнмен.
Таған келіншектің су-су шашынан сипап, алғаш рет
маңдайынан иіскеді.
- Сен болмасаң, менің де сау-саламат жүруім екіталай,
айнам, ішіп-ішіп өліп қалар едім.
- Қызық екен, аға, - деп әнтек жымиды. – Бұрын сізден
ішімдіктің иісі шығатын, қазір сәбидің бе, сәби жөргегінің бе,
әйтеуір, жаныңды жарылқайтын өзгеше бір таныс та бейтаныс
иіс сезіледі...
Тихой өзеншесінен айнаны көтерген күйі, белуардан кешіп
өткен Таған Шалдың «мемлекетіне» жетелейтін білте жолмен
алтайдың қара орманына сіңіп бара жатты.
ЕҚБ:Мұғалімнің қолдауымен шығарманың «Ене мен келін» бөлімін сюжеттік-композициялық құрлымына талдау жасайды.
3-тапсырма
«Фактілер мен пікірлер»
Шығармада Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»деген сөзімен Тағанның айтқысы келген ойын анықтап және қазіргі қоғам тұрғысынан талдап 7-8 сөйлем жазыңыз.
ЕҚБ:Мұғалімнің қолдауымен Тағанның «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»деген сөзімен Тағанның айтқысы келген ойын анықтап және қазіргі қоғам тұрғысынан талдап 3-4 сөйлеммен жазады.
«НЕГЕ БІЗ ОСЫ ҚАТЫГЕЗ ДЕ ҚАСИЕТСІЗ БОЛЫП
КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСЫ...»
2. Халықаралық жағдайдың шиеленісіп тұрғанын,
әсіресе, адамзат басына ядролық апаттың төніп тұрғанын, ал
адамзат бұл қауіпті жағдайға тек қана тым-тым милылығынан
душар болғанын, ақылдан азап шегіп отырғанын шегелей
ұғындырды. Бірақ ол осыншалық ақ тер, қара тері шып-шып
шыға айтқан сөзін бірде-бір аяқты тыңдай алмағанын сезген
жоқ-ты, жазған-ай. Егер әлем саясаткерлері мен тарихшылары
Тағанға ізгілік, ақиқат, болашақ туралы болжамдар мен өмірлік
проблемалардан емтихан тапсырса, ешқайсысы да зачет ала
алмас еді. Оңдай атты күн қа-й-да-а... «НЕГЕ БІЗ ОСы...»