Файл: Блім Буын жне тасымал.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әліпби

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсат- тары

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің көмегімен өлеңде не туралы айтылғанын анықтайды, өлеңді түсініп оқиды. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді әліпби ретімен жазады.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық

Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім бір сөзді айтып, допты лақтырады. Қағып алған оқушы бірден сол сөздегі буын санын айтады. (Егер айтуға қиналса, буынға бөліп айтуына болады.)

Мұғалім:

– Сөздегі буын саны неге байланысты? Неліктен сөздер бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды болады?

Топқа бөлу. «Буын саны». Балалар қағазға жазылған сөздерді алып оқиды. Сөздің буын санына қарай топқа бөлінеді.

1-топ. Бір буынды сөздер. 2-топ. Екі буынды сөздер. 3-топ. Үш буынды сөздер. 4-топ. Төрт буынды сөздер.

Алма – 2 буын, доп – 1 буын, қарлығаш – 3 буын. Буын санын анықтайды.


Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру және бекіту үшін сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.




Ортасы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Автор жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

Ермек Өтетілеуұлы – балалар ақыны. 1938 жылы бұрынғы Ақмола, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында туған. «Балдырған» журналында қызмет еткен. «Өсіп келе жатырмыз» атты өлеңдер жинағы, «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы бар.

Өлеңді мұғалім дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Өлеңді барлық оқушы бір жолдан тізбектей оқып шығады.

– Өлеңде не туралы айтылған? Әліпби деген не?


Автор жайлы мағлұмат алады.

«Түртіп алу жүйесі» бойынша оқушылар өздеріне түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.

Өлеңді барлық оқушы бір жолдан тізбектей оқып шығады.

Мұғалімнің көмегімен өлең мазмұнына талдау жасалады.

ҚБ.

«Отшашу»

арқылы бағалау.


https:// kk.wikipedia. org/wiki/ Ермек_ Өтетілеуұлы





111



112






Дәптермен жұмыс

Сауатты, көлбеу, көркем жазуға дағдыланады. (Мұғалім оқушының орындықта түзу, орнықты отыруына назар аударады.)

Көркем жазу

Ф Ф Ф Ф Ф Ф Ф

ф ф ф ф ф ф ф



  1. жаттығу. Барлық оқушы тізбектей оқып шығады.

Дауыссыз дыбыстардың қалай оқылатынын айтады.


  1. жаттығуды жазбаша орындайды. Суреттердің орнына жасырынған сөздерді тауып, шыққан сөзді әліпби ретімен жазады. Мысалы: жұлдызша, Айжан, балықшы,

... .

Жұмыс дәптеріндегі шығарма- шылық тапсырманы орындай- ды. Қоянға әріптерді әліпби ретімен жинауға көмектеседі. Мысалы: А, Ә, Б, В, …







2-жаттығу. Әріптерді оқы. Дауыссыз дыбыстардың қалай оқылатынын айт. Қай таңбалар оқылмайды?

ҚБ. «Шапалақ» арқылы бағалайды.





3-жаттығу жазбаша орындалады. Сөздерді тауып, оларды әліпби ретімен жазады.







Топтық жұмыс.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

  1. топ: Дауысты дыбыстарды қызыл үйге кіргізіңдер. Әндетіп айтыңдар.

  2. топ: Дауыссыз дыбыстарды көк үйге кіргізіңдер.

  3. топ: Екі таңбаға сөз ойлаңдар. Айырмашылығын айтыңдар.

  4. топ: Қосарлы дыбыстарға сөз тауып айтыңдар.

Сергіту сәті

«Әліппе әнін» хормен айтады. Қимылдар жасап билейді.

Шығармашылық тапсырма.

Қоянға әріптерді әліпби ретімен жинауға көмектесетіндері түсіндіріледі. Алдымен алфавитті естеріне түсіріп қайталатып жіберуге болады.





«Әліппе әні» https://youtu. be/ 97pJRMJi7GE

Соңы

«Менің есімім» ойыны. Сыныптағы барлық оқушы есімдері бойынша әліпби ретімен шеңберге тұрып, өз есімдерінің мағынасын айтады.

Мысалы: Айнұр – айдың нұрындай сұлу болсын деген мағына береді. Әсел – балдай

Әр оқушы өз есімінің мағынасын айтады.

ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.








тәтті қыз болсын деген мағынада қойған. Осылайша жалғаса береді.










Кері байланыс

Бүгінгі сабаққа «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.

Жасыл түс – барлығын түсіндім. Сары түс – маған көмек керек. Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.

Мұғалім сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыны мадақтап, қалған оқушыларды да

белсенділік танытуға шақырады.

Сабаққа, бір-біріне кері байланыс жасап, стикерге жазып, тақтаға жапсырады.




Кері байланыс тақтасы




Ортасы

  • Буын неден құралады?

  • Сөздегі буын саны неге байланысты болады?

  • Бір буынды сөздерге мысал келтір. (екі, үш) Сұрақтарға жауап бергеннен соң, қима қағаздардан тасымал сөзі құралады.

  • Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? Балалар: «Тасымал» деп аталады.

  • Бұл сөзді естігендерің бар ма?

Жұмбақ шешу:

Ғажап екен кіп-кішкентай Сәнді үй.

Ішінде ұйықтап жатыр Балқып әлди.

Бұл не?

  • Бесікке кімді жатқызады?

  • «Бесік жырын» кім орындайды?

Ән тыңдау. Бесік жырынан үзінді тыңдау.

  • Ән сендерге ұнады ма?

  • Ән қалай орындалады?

  • Балалар, әлемдегі ең қымбат, аяулы адам кім?

  • Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

  • Ана сәбиін қалай тербетеді?

Суретпен жұмыс

Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Тағы нені байқадыңдар?

Суретке қарап, өлеңнің мазмұнына болжау жасап көріңдерші. Өлең кім жайында болмақ деп ойлайсыңдар?

Өлеңнің мазмұнымен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Өлеңді тыңдатады.

  2. Жеке оқушыларға оқытады.

  3. Сөздік жұмысын жүргізеді.

  4. Оқушылар «Бесік жырының» әуенімен қосылып, бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


«Бесік жырынан» үзінді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Суретпен жұмыс жүргізеді. Өлеңді оқушылардың бәрі оқиды.

«Бесік жырының» әуенімен қосылып, оқушылар бірге айтады.

ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

ҚБ.

«Отшашу»

арқылы бағалау.






95



96






– Әнге қосыла отырып, біз де сәбиді тербетейік. Әнді орындағанда аналарыңды еске алып, жылы сезіммен орындау керек.

Бесікке жас сәбиді бөлейді. Ұйқысы тыныш болып әрі тоңып қалмауы үшін бесікке салады. Бесікті тербетіп отырып анасы салатын әнді

«Бесік жыры» дейді.

Мазмұнына байланысты сұрақтар қою. Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталады? «Бесік жыры» кімге арналып айтылады? Бөбекке қандай тілектер айтылуы мүмкін? Өлеңде ана баласын нелерге теңеген?

Құрақ, жұлдыз, бала сөздері жазып келе жатқан жолға сыймаса, қалай жазасың? Балалардың жауабын тыңдау. Балаларға осы сөздерді шапалақпен буынға бөлгізу. Балалармен бірге тұжырымдап, ережемен таныстыру.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады: ұс-таз, дә-рігер, дәрі-гер.

Дәптермен жұмыс

  1. жаттығу жазбаша орындалады.




  1. жаттығу ауызша орындалады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмамен жұмыс ұйымдастырылады.


Көркемжазу

ССССССС

с с с с с с с

  1. жаттығуда жұптық жұмыс орындалады. Сөздерді буынға бөледі. Тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазады.

  2. жаттығу. Берілген жұмбақты оқиды. Шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі: ана. Жұмыс дәптерінде берілген суреттер бойынша сөздерді

тасымалдап жазады.







Соңы

«Жалғасын тап» ойыны арқылы жүргізіледі. Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу.

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.













Мұғалім алдын ала «Бесік жырының» шумақтарын қағазға жазып дайындайды. Өлең жолдарының басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар өлең жолдарын толықтырып айтады.

Мысалы: Айналайын шырағым, Көлге біткен ... ,

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы ... .

Өлең жолдарының басы жазылған парақшаларды алып, өлең жолдарын толықтырып айтады.







Кері байланыс

«Білім кемесі» арқылы кері байланыс жасайды.

  • Саған сабақ ұнаса және тапсырма- ның барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түспен боя.

  • Сабақта белгілі бір қиындықтар кездестірген болсаң, желкенді сары түспен боя.

  • Сабақта тапсырмалар орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түспен боя.












97

7 6150