ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілі | | |||||||||||
Күні:16.11.2020ж | | |||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Сөйлем мүшелері | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.5.1* - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау | |||||||||||
Сабақтың барысы. | | |||||||||||
Сабақтың кезең уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Жұмыс ережесін келісу Зерттейік Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Суретке мұқият қара. •Өз отбасың туралы бірнеше сөйлем құрап айт. Отбасының басында кім тұрады және оның мүшелері кімдер? Сөйлем қүрамындағы сөздердің қызметі де отбасына - : ұқсайды. Сөйлемнің басында бастауыш тұрса, соңында баяндауыш тұрады. Олар тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады. Кестені ауызша толтыр. • Сөйлем мүшелері туралы айт. Мысал келтір. 3. Мақалды оқып, жатқа жаз. Ойлаумен ой толады, Ойнаумен бой толады. • Сөйлем мүшелеріне талда. • Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет. Деңгейлік тапсырмалар Ассосациялық карта толтыру Қыс ,көктем,жаз мезгілдеріне жалаң сөйлем,күз мезгіліне жайылма сөйлемдер жаздыру | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. Сөйлем құрайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. | ||||||||
Ортасы | Білу және түсіну 4. Ребусты шешіп, шешуіндегі. сөзбен екі сөйлем құрап жаз. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын. Дескрипторы: Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі. 3-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазыңдар. Ойлаумен ойтолады, Ойнаумен бойтолады. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Олардың байланысын сызбамен көрсетіңдер. 4-жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жазыңдар. Оқушы Ол сөз бірінде бастауыш, бірінде баяндауыш болсын. Оқушы мектепке келді. Айжан – үздік оқушы. Бір сөздің бірінде бастауыш, бірінде баяндауыш қызметін атқару себебін түсіндіріңдер. Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады. Қарқыны жоғары оқушыға: - Ұқсас тапсырмалар құрастыр. | Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. | ||||||||
Соңы | Қолдану Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Түсіндіру. Дәптермен жұмыс. Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. «Мұражайда» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрап жаз. | Оқулықтағы қосымша тапсырмалар. | ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау | Топтық тапсырмалар. | ||||||||
Кері байланыс | БББ кестесі
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Ашық микрофон» кері байланыс | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді. | «Ашық микро фон» | «Ашық микрофон» кері байланыс |