ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№18 Практикалық жұмыс. «Қанды бояу» эффектісін жасау
Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып, стандартты қаріптердің типінен Arial Black түрін таңдап алыңыз, мөлшерін де үлкендеу етіп алыңыз (216- сурет).
216-сурет
Shape (Форма) құрал-сайманының көмегімен қанның бейнесін жасау қажет. Бірақ бұл әрекетті жасамастан бұрын мәтінді «қисық» түріне келтіріп алыңыз. Ол үшін Pick (Выбор) құрал-сайманын таңдап алып, мәтінге тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые) командасын таңдап алыңыз (217-сурет).
217-сурет
Shape (Форма) құрал-сайманын таңдап алып, ағылған әріп эффектісін келтіріңіз (218-сурет).
218-сурет
Енді мәтінді бояуға кірісейік. Параметрін төменде көрсетілген бойынша береміз (219-сурет).
219-сурет
Interactive Extrude (Интерактивный псевдообъем) құрал-сайманын таңдап алып, Lighting (Освещение) батырмасын басып, бірінші шамның суретін белгілеңіз. Параметрі төменде көрсетілген (220-сурет).
220-сурет
Келесі Bevels (Скосы) батырмасын басып, Use Bevel (Использовать
скос) батырмасына жалауша қойыңыз да, төмендегі параметрлерді енгізіңіз (221- сурет).
221-сурет
Жұмыстың соңғы кезеңі көлеңке жасау болып табылады. Ол үшін объектілерді топтаңыз да, Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын келесі параметрлерімен беріңіз (222-сурет).
222-сурет
Жұмыс аяқталды, нәтижесі төменде 223-суретте көрсетілген.