Файл: Пн Сауат ашу Мектеп за мерзімді жоспар блімі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: Сауат ашу

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Оқылым. Менің мектебім

Күні:

Сынып:1


Мұғалімі: Серікова Гүлнар

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс уақытта. Ш дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаты:

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;

1.2.1.2 Оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу;

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Ш әрпін танып, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, оқу түрлерін қолданады, түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана біліп, сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгідерін қоя біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ш дауыссыз екенін ажырата алады. Ш дыбысы бар сөздерді айтады

Кейбір оқушылар орындай алады: Сөздердің мағыналарын ажыратады. Алған білімді өмірде қолдана алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқудың түрлерін қолданады.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, қарым-қатынас, қамқорлық көрсету

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, аудио жазба, таныстырылым, суреттер, кеспе буындар, әріптер

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, ана тілі, дүниетану.

Бастапқы білім

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату. Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Жоспары

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Білу


  1. Ширату: «Сөздерді таңда» әдісі

(Әр білім алушы сөздерді таңдап алады, сөздерді оқиды, буынға бөледі)

Мақсатым:«У» дыбысы мен әрпіне байланысты сөздерді оқытып, буынға бөлдіру, сөзде неше дауысты және дауыссыз дыбыс барын айтады.

-Жарайсындар!

У дыбысы кездесетін сөздер және суреттер

Сабақтың ортасы

Түсіну


Ой қозғау: Жұмбақ шешу 

  1. Қызыл, жасыл домалақ, әуеде ұшар домалап. (ШАР)

  2. Тікен тікен тік пісте, қысы жазы бір түсте.    (ШЫРША)

(Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді бірге айтады. Сөздердегі таныс емес Ш дыбысына назар аударады.)






Белсенді оқу ортасы

1.Ширату: «Назар аудар»

Білім алушыларға қызыл, көк, сары шардан бере отырып, түстерге қарай топқа бөле отырып, іздену жұмысын ұйымдастырамын.

-Шарды үріп, желі шыққандағы, шар дыбыстарына назар аударыңыз. («ыш»)

Тыңдалым:

1.Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатамын.

Шара бүгін алтыға толды. Шора Шараға тосынсый жасамақшы. Ол әр түсті шар сатып алды. Олардың әрқайсысына құттықтау сөздерін жазды. Шарларды үрлей бастады. Соңғы үрленген шарын жіппен байлап үлгермеді. Қолынан шығып кеткен шар «ыш» деген дыбыс шығарып, жерге жалп етті

-Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдау арқылы шардан шыққан дыбысқа «ыш» деген дыбысқа назар аудартамын.

(үнтаспаға жазылған мәтінді тыңдату арқылы білім алушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастырады)

Шығармашылық жұмыс

Шора шарларға қандай құттықтау сөздерін жазды?»,

-«Сен Шораның орнында болсаң, қандай сөздер жазар едің?» сұрақтарына жауап алуды ұйымдастырамын.

(Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу мақсатында).

Оқылым:

Мәтіндегі «Шара», «Шора», «шар» сөздері мен «ыш» дыбысына назар аудартамын. .

-Бұл қай дыбыс?

-Ол қандай дыбыс? (сұрауларды беру арқылы жаңа дыбыс «ш»-ны байқатамын. Оның дауысты, дауыссыз екенін ажыратамыз.)

–Бұл жаңа «ш» дыбысы

Айтылым: Жұппен жұмыс

-Сызбаның және сөздердің көмегімен оқы. Интербелсенді тақта жоғарыда тыңдаған мәтін бойынша сурет, сызбаларын оқытамын.

Шара 6 .

Шора шар .

Ол шар .

Шар ыш , .

Дескриптор:

- Буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас және түсініп оқиды.

Топпен жұмыс:

І-топ. Сызба және сөздердің көмегімен оқы. Дескриптор:

- Буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас және түсініп оқиды

ІІ топ. «Ш» дыбысына байланысты суреттерді жина.

Дескриптор:

  1. «Ш» дыбысына байланысты суреттерді таниды.

  2. «Ш» дыбысына байланысты суреттерді жинайды

ІІІ топ. «Адасқан әріптер»

Адасқан әріптерді орнына қой.

Дескриптор:

- Ш дыбысы мен әрпін ажырата алады және сәйкестіндіреді.

-Берілген сөзді оқи алады.

Білім алушылар тапсырма төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығарады. Топта ортақ шешімге келіп, жұмыстарын жариялайды.

(Постер жасап, қорғап, талданады. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасалады.) ҚБ

Жазылым

«Сиқырлы әліппе»

Бейнетаспадан Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстырылады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерден «Ш» әрпін бастырып жазады және «Ш» әрпі кездесетін сөздерді бастырып, соған қарап жазады.

қызыл, сары, көк түсті шарлар
аудио үнтаспа, оқулық

Шш дыбысы мен әрпі




Интербелсенді тақта , сызба


Оқулық

слайд


Шаш, шар, шырша,

Шана, қарлығаш т.б суреттері




бейнетаспа




Соңы

Жинақтау


Саралау тапсырмалары:

1-тапсырма

«Артығын тап » ойынын ойнату




2-тапсырма

Сөздерді оқу және сәйкес суреттермен байланыстырып сызу.

ша-на шар шор-тан шаш








«Тез ойла, сөз ойла» әдісі

(Ш дыбысына сөз ойлап, сол сөзге сөйлем ойлау мақсатында) ҚБ