Файл: Сабаты таырыбы азыбек би Сабаты масаты Білімділігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: «Қазыбек би»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға қазақтың аса айбынды
билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру; жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру;
3. Тәрбиелігі: Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Әдістер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздену, жобалау, зерттеу
Көрнекіліктер: Қазыбек бидің портреті, үш биге байланысты бүктеме, Қазыбек бидің шешендік сөздері жинақталған кітап көрмесі
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. / Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа назарын аудару/
II. Үй тапсырмасын сұрау / 5 мин/
-
Төле биді халық арасында кім деп атаған? / Қарлығаш әулие/ -
Төле би алғашқы төрелігін қанша жасында айтқан? / 15 жаста/ -
«Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін...» деген сөздерін кімге арнаған? / Орманбет би/
III. Жаңа сабақ
Оқушылар, сендер қазақтың шешендік өнерінде ойып тұрып орын алатын атақты үш бидің бірі Ұлы жүздің биі Төле бимен, шешендік сөздерімен таныстыңдар.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үн таспаға құлақ түрейік.
/ Үнтаспадан қаз дауысты Қазыбек бидің Қоңтайшының алдында айтқан сөйлеген сөзі тыңдалады/
Балалар, бұл сөздер кімнің сөзі деп ойлайсыңдар?
Қалмақ ханы Қоңтайшының алдында қасқайып тұрып сөз сөйлеген атқосшы жас бала Қазыбектің жасы сол кезде небары 14-те ғана екен.
Ендеше, бүгінгі сабағымызда өз заманында халықаралық деңгейде келісімдер жүргізген, «ұраны-алаш, керегесі-ағаш» елдің атынан сөз айтқан ұлы бабамыз қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ тарихындағы орны мен әдебиеттегі шешендік сөздері туралы танысамыз.
Халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі- Қаз дауысты Қазыбек шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау , Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған даңқы кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалады.
Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім. Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі. Қалмақ ханына: «Егер бітімге келмесең, тұрысатын жеріңді айт- дей келе,-атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен-қалмақ, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Сен –қабылан болсаң, мен-арыстан, алысқалы келгенбіз»,- деп ойын ашық білдіреді.
Мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштырмай «айтқан сөзі- құрған қақпандай» болғанын анық байқаймыз. Биді халық «Қазып айтқан Қазыбек» деп қастерлеген.
I тапсырма «Би» деген атаққа әр қатар жан-жақты сипаттама беріп көрейік.
қоғам қайреткері сөзге шешен
БИ мәмілегер БИ ақынжанды
хан кеңесшісі кемеңгер
заңды жетік меңгерген от ауызды, орақ тілді
Би дегеніміз- халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Кім жақын?
Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Қазыбек бидің бұл толғауын қандай толғауға жатқызамыз? / шешендік толғау/
Шешендік толғаулар мақал-мәтел, сұрақ-жауап, қанатты сөз түрінде айтылады.
Өлеңде фигураның бір түрі-эпифораны шешен баба шебер қолданған.
Эпифора- өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы.
Сабақты бекіту: Тест жұмысы
-
Төле биге Қазыбек бидің қойған сауалындағы «алыс», «тәтті», «несие», деген сөздері не мағынаны білдіреді?
А) құлағының естуі, немере, дау-дамай мәселесі
В) көз, ұйқы, балалары
С) қадірі, кәрілік, беделі
2. «... Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме!» деген сөздерін Қазыбек кімге айтқан?
А) Хан Қоңтәжіге
В) Ағайындары Бертіс би мен Тілеуке биге
С) інісі Бөдене батырға
3. Қазыбек бидің балаларының ішінде әке жолын жалғастырып, атақты би болған қай баласы?
А) Бекболат
В) Қазымбет
С) Сырымбет
Қорытынды сөз . Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың секілді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бола білген.
Үйге тапсырма: Қазыбек бидің Қоңтәжінің алдында сөйлеген сөзін жатқа айту
Бағалау: Оқушылардың дұрыс жауап берулеріне байланысты бағалау.