Файл: Меебм азастанРесей нуо КазахстанскоРоссийский Медициналы Университеті Медицинский Университет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МЕЕБМ «Қазақстан-Ресей НУО «Казахстанско-Российский Медициналық Университеті» Медицинский Университет»



Эссе

Тақырыбы: «Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері»

Орындаған:Сурапалды Д.К

Тобы:104-Б стоматология

Тексерген:Омарғазы Е.Е

Алматы 2023

«Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері»

Билік – саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым,саяси қозғалыс ретінде қарастыруға болады. Билік түсінігінің анықтамасы,оның мәні мен сипаты – мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Билік бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатты бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Билік – адамзат қоғамын басқару, бақылау, қадағалау, біріктіру, бағыттау, үйлестіру, ұйымдастыру сияқты кең ауқымды қызметтерді кешенді түрде атқаратын, саяси өмірдің басты құрамдас элементі әрі қозғаушы күші саналатын бірегей құбылыс болып табылады. Ауасыз тіршілік болмайтыны сияқты, биліксіз саясат болмайды. Биліктің табиғаты күрделі, қасиеті мен белгілері, құпия сырлары көп. Биліктің түрлері де сан-алуан, биліктің мәні мен мазмұнына қарай саясат та мың құбылады. Сондықтан билік ұғымы саясаттануда ерекше орын алады. Билік көздері – билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелгілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және ұйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. Билік көздері өз қалауын орындатуы үшін қорқытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. Билік көздері жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да билік көздері болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, құс қанатты құбыжық Фива халқын жұмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жұмбақты шешкен адамға Фиваны билеу құқығын беруді ұйғарады. Жұмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік құрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бұл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе тұлғаның әлеуметтік статусы билік көздері аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік құзыры да тыйылады. Қазіргі кезде ұйымдастыру аса күшті билік көздері болып табылады. Ұйымдастыру ежелден адамдарды жұмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Іс жүзінде лауазымды қызмет билік көздері ретінде тек ұйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Мемлекеттік құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.


Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,

Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.

деп , бекер айтпаған.