ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің 2022жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына сәйкес
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта л/и
Қысқа мерзімді жоспар
2 – сынып, 3-тоқсан
Дене шынықтыру пәні
Сабақтың тақырыбы: Жұптық және топтық ойындар. «Жылжымалы арқан» ойыны
Бөлім: | 5-бөлім –Денеге түсетін күш пен денсаулық |
Педагогтің аты-жөні: | Ә.Байжанов |
Күні: | 10.02.2023ж |
Сыныбы: 2 а,ә,б,в | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жұптық және топтық ойындар. «Жылжымалы арқан» ойыны |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды |
Сабақтың мақсаты: | Топпен ойналатын және жұппен ойналатын ойындарды біледі, қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. | Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді. 1 топ 2 топ 3 топ Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді | Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Жетондар» әдісі арқылы топтар арасында оқушылар бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Жарайсың! Төртбұрыш-Жақсы! Үшбұрыш – Талпын! | Мектеп алаңы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Жаттығу жасайды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Берілген сілтеме бойынша топпен гимнастикалық жаттығу жасайды. https://youtu.be/4joWqZeUqoo Осы сілтеме бойынша видео роликтің 1 минуттан бастап көрсету керек. Саптағы жаттығулар: Оңға,солға,айналып бұрылу. Секіріп бұрылу. Жүру: Аяқтың ұшымен, өкшемен, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен. Отырып, жартылай отырып жүру. Назар аудару жаттығулар: - жүріс - жүгіріс «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді | Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Жетондар» әдісі арқылы топтар арасында оқушылар бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Жарайсың! Төртбұрыш-Жақсы! Үшбұрыш – Талпын! | https://youtu.be/4joWqZeUqoo |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 10 мин. | (Т). «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі. Мақсаты: Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған. Жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. | https://youtu.be/wrvgmKJ9nOU Берілген сілтеме арқылы сабақтың тақырыбы бойынша бейнеролик көреді. Топ ішіне бейне роликтен көрген, қабылдаған ақпараттарымен ой бөліседі. Ал одан кейін топтар арасында пікір алмасады. Дескриптор: -Бейнероликті мұқият көреді. -Топ ішінде бейнеролик желісін талқылайды. -Өз ойын, пікірін топ ішінде бір-бірімен бөліседі. -Топтар арасында топтық шешім бойынша пікір алмасады. | Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Жетондар» әдісі арқылы топтар арасында оқушылар бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –Жарайсың! Төртбұрыш-Жақсы! Үшбұрыш – Талпын! | https://youtu.be/wrvgmKJ9nOU |
Жеке практикалық жұмыс 16 мин | Оқушыларға практикалық жаттығу тапсырмаларын береді, қадағалайды. | БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю. 2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау. | Дексриптор: -Сол аяқпен ілгері аттайды, артқа шалқаяды. -БҚ екінші аяқпен де осылай жасайды. | |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. «Қорытынды» тәсілі көрінеді. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». | |