Файл: азастан Республикасыны Оуаарту министрлігі орта мектебі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 4
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 66-сабақ
Бөлім: | Қоршаған ортаны қорғау | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мені қоршаған орта | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Гүлмен тілек» әдісімен өтеді. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. - Сыйға алған гүлдің түріне қарай топқа бірігіп отырыңдар. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі: -Көпіршіктегі сөздер қай ғаламшарды сипаттайды? -Осы сөздерді пайдаланып қоршаған орта туралы әңгімелеңдер. - Олай болса, бүгінгі сабақта бізді қоршаған орта туралы шығармаларды туралы оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз. | Шеңберде тұрып бір-біріне тілек айтады, гүл сыйлайды. Топқа бірігеді. Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | гүл суреттері |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) Сөздікпен жұмыс. Дарқан-жомарт, береген. Ә)Автор туралы әңгіме. -Автордың өмірбаянын оқып, әңгімелеп беріңдер. Б) Мәтінмен жұмыс. -Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар. -Адам жер бетінде не жасай алды? -Табиғат адамға не берді? Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Жердің жомарттығы туралы басқа не айта аласың? Сергіту сәті – құстар үні. (Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. А) Талқылау. -Өлеңдегі кейіпкер сияқты өздерің не өсірдіңдер? Ә) Кестемен жұмыс. Кестедегі сұраққа жауап береді, тапсырманы орындайды. Б) Қорытынды. -Біз адамдар табиғат алдында қарыздармыз дегенді қалай түсінесіңдер? -Өлеңнің соңғы шумағын оқып, негізгі ойды түсіндіріңдер. | - Тапсырма орындайды. Құстар үнін тыңдап сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. -Автор туралы әңгімелейді-1балл. - Өлеңді оқып, сұраққа жауап береді-2балл. Дескриптор: - Өзінің өсірген өсімдігі туралы әңгімелейді-2балл. «Жер ана жомарт», «Жер ана дарқан» сөздерінің мағынасын салыстырады, мағыналас тіркес айтады-2балл. Адамдар табиғат алдында қарыздар екендігі туралы әңгімелейді-1балл. Өлеңнің соңғы шумағын оқып, негізгі ойды түсіндіреді-1балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 4 сынып 1-бөлім 2019ж аудиожазба |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәнерлеп оқу. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. Abj 21bcvfk | |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 67-сабақ
Бөлім: | Қоршаған ортаны қорғау | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан көлдері | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербальды емес тілдік құралдарды қолдану; | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар. Топқа бөлу «Пазл» әдісімен жүреді. -Сурет бөліктерінің бірін таңдап, нөмірі бойынша топқа бірігіп отырыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі: - Топқа бөлінгенде алған бөліктерден суретті құрастырыңдар. Ненің суреті пайда болды? -Еліміздегі қандай көлдерді атай аласыңдар? -Ендеше бүгінгі сабақта Қазақстан көлдері туралы шығарма оқып, әңгімелесеміз, тапсырмалар орындаймыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Пазл бөліктеріне бөлінген көл суреттері |
Жаңа білім 15 мин Бекіту 15 мин | (Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі: А) Автор туралы мәлімет. Автор туралы оқып, әңгімелеңдер. Ә) Сөздік жұмысы. Б) Мәтінмен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқыңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Көлді өзің қалай сипаттар едің? (Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) Сұрақ-жауап. -Ақындар сипаттау үшін қандай көркемдегіш құралдарды қолданған? Ә) Дәптермен жұмыс. -Суреттерге қарап, көл жағасын сипаттап жазыңдар. -Көл суының адамға пайдасы туралы не білесіңдер? Б) Топтық жұмыс. -Қазіргі кездегі өзен-көл суының ластануы туралы әңгімелеңдер. -Экологиялық мәселелер шешілмесе не болуы мүмкін? В) Ойлану. Өз тараптарыңнан не қосар едіңдер? | - Тапсырма орындайды. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Автор туралы оқып, әңгімелейді-1балл. Сөздікті жазып-жаттайды-1балл. Өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқиды-1балл. Сипаттау үшін қолданылған көркемдегіш құралдарды анықтайды -2балл. -Көл жағасын сипаттап жазады- 1балл. - Көл суының адамға пайдасы туралы әңгімелейді-1балл. Қазіргі кездегі өзен-көл суының ластануы туралы әңгімелейді-1балл. Экологиялық мәселелер шешілмесе болуы мүмкін жағдайларды болжайды-1балл. - Экологиялық мәселені шешу жолдарын қарастырады-1балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 4 сынып 2019ж |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқу, «Өзіңнен баста» тақырыбына ойын жазу. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 68-сабақ
Бөлім: | Табиғат құбылыстары | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ит – адамның досы | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. -Ит, адамның, досы сөздерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі: - Топқа бөлінгенде берілген сөздердің бір-бірімен байланысын анықтаңдар. (Ит -адамның досы) -Олай болса, «Итім болса, шіркін» өлеңін тыңдап, баланың ойын түсіндіріңдер. -Өздерің не асырағыларың келеді? -Ендеше бүгінгі сабақта ит туралы шығарма оқып, өз ойымызды білдіреміз, тапсырмалар орындаймыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Ит, адамның, досы сөздері |
Жаңа білім 15 мин Бекіту 15 мин | (Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі: А) Автор туралы мәлімет. Автор туралы оқып, әңгімелеңдер. -Б.Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер? Ә) Сөздік жұмысы. Б) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп, дауыстап, тізбектей оқыңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Ит туралы тағы қандай оқиғалар айта аласың? (Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) Сұрақ-жауап. -Жазушы Майлыаяқты қалай суреттеген? -Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар? Ә) Дәптермен жұмыс. -Әбекеңнің қолында қалған Майлыаяқтың тағдыры қандай болғанын өз қиялдарыңмен жазыңдар. Б) Пікір білдіру. -Ит иесінің орнында болсаңдар, Майлыаяқты тастап кетер ме едіңдер? В) Әдеби терминдер. -Мәтіндегі бір кейіпкерге мінездеме жазыңдар. -Жеті қазына дегенді естідіңдер ме? -Жеті қазынаны атаңдар. -Мәтіннің негізгі ойы қандай? (Итті иесімен қина) | - Тапсырма орындайды. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Автор туралы оқып, әңгімелейді-1балл. Мәтінді дауыстап, тізбектей оқиды-1балл. Майлаяқты сипаттайды -2балл. - Мәтінді оқығандағы сезімін білдіреді- 1балл. - Майлыаяқтың тағдырын болжап, әңгіме жазады-1балл. Ит иесінің орнына өзін қойып, жасайтын іс-әрекетін айтады-1балл. Мәтіндегі бір кейіпкерге мінездеме жазады-2балл. - Жеті қазынаны атайды-1балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 4 сынып 2019ж |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау, мақал-мәтел жазу. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |