Файл: ысамерзімді жоспар за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік есептерді шешу

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану


Сабақтың мақсаты

Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттері есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат функцияның қасиетін біледі


Қолдану

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды




Тілдік мақсат


Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция

  • функция

  • функция мәні

  • аргумент

  • аргументтің мәні

  • ең үлкен / ең кіші мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады




Құндылықтарды дарыту

Функционалды сауаттылық – алған білімдерін өзіндік, әлеуметтік, экономикалық мақсаттар үшін қолдана алу.

Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Физика, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


5 мин

3 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Оқушыларға квадраттық функцияның қолданылуы өте кең екенін түсіндіреді. Оның мысалдары келесі сабақтарда қарастырылады.

Білімді жаңғырту

1) Парабола төбесінің координаталарын, тармағының бағытын, симметрия осінің теңдеуін, ОУ осімен қиылысу нүктесінің координаталарын көрсетіңіз.

а) ; б) .
2) Суретте төменде берілген қандай функциялардың графиктері бейнеленген?

а)

б)

в)

г)

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар жауап үлгісін пайдаланып үй тапсырмаларын тексереді.


Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша1

3 слайд

4 слайд

Оқушылардың сканерленген жұмыстары

Сабақтың ортасы

20 мин

7 мин

Жұппен жұмыс

Оқушылар жұпта жұмыстана отырып, квадраттық функцияның қасиеттерін қолдануға арналған тапсырмаларды орындайды. Бір тапсырманы орындап болған соң оқушылар жауабын мұғалімге немесе осыған дейін шығарып, жауабын тексерткен оқушыға шешу жолын тексертуі керек. Егер жауап дұрыс болса, оқушы тақтадағы сәйкес нөмірге өз атын жазады және осы тапсырманы орындаған оқушының жұмысын тексере алады. тексерушілер қосымша сұрақ қоя алады.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 2003 жылы Астана бой көтерді. Мұрағаттың сақтау бөлімі параболасымен шектелген күмбез тәрізді пішінде. Сақтау бөлімінің биіктігін анықтаңыз.
2. Тас жоғарыға тігінен лақтырылған. Тас жерге түскенге дейін оның жерден биіктігі h = -5t² + 12t формуласымен беріледі, мұнда h – метрмен берілген биіктік, t – лақтырылғаннан кейін өткен секундпен берілген уақыты.

а) Қанша секундтан соң тас жерден 4 м биіктікте болады?

б) а) сұрағының жауабын пайдаланып тас қанша скундтан соң ең үлкен биіктікке жететінін анықтауға бола ма?

в) Осы есепке сұрақ құрастырып, оның жауабын беріңіз.
3.Жұмыс уақытына байланысты еңбек өнімділігі формуласы бойынша өзгереді. Жұмыс күнін 8 сағатқа тең деп есептеп, функцияның графигін құрыңыз.

а) Еңбек өнімділігі қандай уақытта ең жоғарғы деңгейге жетеді?

б) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында артады?

в) Еңбек өнімділігі жұмыс күнінің қай уақыт аралығында азаяды?

г) Еңбек өнімділігі қай уақытта жоғары: жұмыс күні басталғаннан кейін 1 сағаттан соң немесе 5 сағаттан соң?
Қосымша тапсырма

1. Өрнектің мәнін табыңыз: .

Жауабы: .

2. Теңдеуді шешіңіз:



Жауабы: -23; 1.



Қосымша 1

5-7 слайдтар

8 слайд


Сабақтың соңы

3 мин


2 мин

Рефлексия

- Қандай тапсырма немесе іс-әрекет түрі қызықты болды?

- Не қиын болды? Неге?
Үй тапсырмасы

1. Мұнарадан садақтың жебесі жоғарыға атылды. Егер жебенің бастапқы жылдамдығы 50 м/с, мұнараның биіктігі 20 м және t – жебенің ұшу уақыты (секундпен) болса, онда жебенің жер бетінен h (метрмен) биіктігін h=-5t2+50t+20 формуласымен табуға болады.

Жебе қандай ең үлкен биіктікке жетеді?

Жебенің h= -5t2 +50t+20 формуласымен берілген қозғалыс графигін салыңыз.

Графикте жебенің жететін ең үлкен биіктігін нүктемен белгілеңіз.

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз:

Ара қашықтығы 500 км болатын екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы трактор мен жүк көлігі шықты. Егер жүк көлігінің жылдамдығы трактордың жылдамдығынан 4 есе көп болса және олар 4 сағаттан соң кездескен болса, трактордың жылдамдығын табыңыз.

7 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрау үшін жұпта жұмыстанады.

Оқушылар есеп шығар барысында бір-бірін бағалайды. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша комментарийлер береді.

Сабақта іс-әрекет түрі өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?