Файл: Есіл аласыны 3 жалпы орта білім беретін мектебі ккм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Есіл қаласының №3 жалпы орта

білім беретін мектебі» ККМ

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Тоқтархан Жандосқа

Пікір

Тоқтархан Жандос осы аталған мектепте он бес жылдан астам уақыттан бері қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп, үзбей еңбектеніп келе жатқан ұстаздардың бірі. Оқушыларды оқуға үйретіп, сауатты жазуға аса жауапкершілікпен қарап, әр сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады.Әдістемелік жұмыстарды терең меңгерген Тоқтархан Жандос сабақтарын түрлі әдістермен өткізе отырып,оқушылардың алған білімдерін шығармашылықпен терең байланыстырады. Танымдық материалдарды жиі қолданады.

Ол байсалды, салмақты тыным таппайтын, адамгершілігі мол адам.Әр баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтейді.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята біледі.Жеке уақытын еш аямай, барлық білімін, жан –дүниесін, мейірімін балаларға береді.Сабағына үнемі қатысып жүргендіктен оның бойынан жан-жақты ізденімпаздық,еңбекқорлық қасиеттерді көруге болады. Өз білімі мен тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп отырады.

Тоқтархан Жандостың оқушылары жыл сайын пәндік олимпиадаларға, облыстық «Абай оқулары» мен «Махамбет оқулары» т.б. байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мектепішілік, аудандық іс-шараларға да белсенді қатысады. Ол – әдістемелік жұмыстарға да белсенді,сол мақсатта өзін жақсы қырынан көрсете білетін толыққанды өз кәсібіне адал маман. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, маманына сай білімді де білікті ұстаздардың бірі деп есептеймін.

Пікір жазған әріптесі: Кожанова К.К