Файл: азастан Республикасы Оу аарту министрлігі Бекітемін . Стбаев атындаы орта мектеп лицейі Тексерілді (білім беру йымыны атауы).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі Бекітемін:

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп- лицейі Тексерілді:

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары


Бөлім:

6-бөлім. Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис.

Тәжірибе жетекшісі:

Педагогтың аты – жөні:

Кунирбаева Бибіхадша Утепбергеновна

Сакенаева Райхан Ерланқызы

Күні: 14.02.2023




Сынып: 8 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отан! Табиғат! Жер-Ана! 2-сабақ

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізе отырып, өз пікірлерін білдіреді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, тілдік құралдарды ажыратады;

Кейбір оқушылар орындай алады

- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізіп, өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, дәлелдейді;

Бағалау критерийлері

коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы
5 минут



I.Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу

  • Үй тапсырмасын айту, пысықтау

Ширату: Тыныштық сәті (музыкамен)

Жағымды жағдай туғызу.

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.

Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.

Тақырыпты болжау

«Стоп кадр» әдісі арқылы бейнеролк тамашалап, тақырыпты болжау

(Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға хабарлаймын)

Баяу әуен

Бейнеролик

Сабақтың ортасы

(25 минут)


Тыңдалым алды тапсырмасы

Сұрақ-жауап

Тыңдалым тапсырмасы

Ж. Бейнеликті тамашалайды, тірек сөздер мен дәйексөздерді жазып алады.

ЖЖ. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы жұпта талқылап бірін-бірі толықтырады, топпен бөліседі.

ТЖ. «Айтарым бар...» әдісі арқылы бір оқушы топтан тірек сөздер мен дәйексөздерді оқиды.

Дескриптор:

  • Бейнеролик бойынша тірек сөздер мен дәйексөздерді жазады;

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

Көк – өте жақсы жауапқа;

Сары – жақсы жауапқа;

Қызыл – орташа жауапқа беріледі.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

ЖЖ

Табиғатпен сырласу

Монолог жазу

Дескриптор:

  • мәтіннен алынған тірек сөздер мен дәйексөздерді қолданады

  • монолог жазады

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

Оқылым алды тапсырмасы

«Сұрақ-жауап» әдісі

  • Тыңдалым тапсырмасында берілген мәтінде қандай стиль қолданылды.

  • Публицистикалық стиль қайда қолданылады?

  • Мәтін жанры қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ тіліндегі стиль түрлері

Дескриптор:

  • Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

Оқылым тапсырмасы

Ж.

1. Мәтінді көз жүгіртіп оқу

2. Сканерлеп оқу

Мәтіннен тірек сөздер мен дәйексөздің астын сызып оқу

І топ

Табиғатты аялайық

Адам - табиғаттың  ажырамас  бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің  құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында.  Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті,  ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал, жасыл желек.  Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді.  Мен өзімнің туған өлкеме қарағай,  шырша, терек  т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.
ІІ топ

Табиғат

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар.

Табиғат пен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда

ІІІ топ

А мәтіні

Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.
Ә мәтіні

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

Соңғы ғасырларда халқымыздың біз жоғалтқан жақсы қасиеттері аз емес. Қазақ қай заманда да табиғатқа табынып, өзін осынау ғаламат   жаратылыстың бір бөлшегі сезінді. Бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымы да қоршаған ортаға орай өрілген сол халықтың болмысында табиғатқа деген ықылас-ізет ерекше еді. Қыс-қыстау, күз-күздеу дейтін даласы мен тау-тасын пайдаланудың озық үлгісі төрт түлік малдың қамы ғана емес, жерге деген жанашырлықтан туғаны даусыз.  

Бірақ сол киелі табиғаттың қадірін білген қазақтың бүгінгі ұрпағы білім мен ғылым­ның арқасында ғарышты бағындыр­дық деген астамшылық пен тұты­ну­шылық көзқарасқа бой ұрды. Табиғатқа залал-зиян келтірсе оны қылмысқа балаған халық екеніміз де ұмытылуға таяу. Соның айқын дәлелі, қазіргі күні еліміздегі қоршаған ортаның хал-ахуалы алаңдататын дәрежеге жетті. Жыл санап жойылып бара жатқан жан-жануар түрлері, шектен тыс ластанған ауа мен су, дала мен қала толы қоқыс, осының бәрі біздің экомәдениетіміздің айқын көрінісі. Тазалықты өз ауласы мен үйінің төңірегінен асырмайтын тоғышар сана Планетаны қойып, «менің елім, жерім, қалам, далам» дейтін асқақ ұғымдарға да көлеңкесін түсіруде.

Киелі табиғат астамшы­лықты көтермейді. «Ертеңгі ұрпаққа не қалдырамыз?» деген сауалдың ­жауабы Жер атты құтты мекенімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеуге келіп тірелетіні анық. Адамзаттың өмір атты ауыр жүгін аманаттай арқалап, жалғыз серігі Айды айналған Жер атты ғажайып ғарыш кемесінің ғұмыры ұзақ болуы да бізге, адамдарға байланыс­ты екенін қай-қайсымыздың есте ұстағанымыз абзал сияқты.
Көктем келіп, бүкіл табиғат оянатын шақта адамдардың ұйқылы-ояу санасы селт етіп, бір сәт Жер-Анамыздың да адами қамқорлыққа мұқтаж екенін терең ұғынса ғой..
Оқылымнан кейінгі тапсырма

Кестемен жұмыс

І топ, ІІ топ

Мәтіннің стилі




Тақырыбы




Құрылымы




Тілі




ІІІ топ

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің стилі







Тақырыбы







Құрылымы







Тілі







Дескриптор:

  • оқылым стратегияларын қолданады;

  • публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

Бекіту

  1. Блиц сұрақтарға жауап беру

«Шындық және жалған» әдісі

  1. Отанды сүю отбасынан басталады (Ш)

  2. Жер-Ананы шексіз пайдалана аламыз (Ж)

  3. Киелі табиғат астамшылықты көтермейді. (Ш)

  4. Қазақ қай заманда да табиғатқа табынып, өзін осынау ғаламат   жаратылыстың бір бөлшегі сезінді. (Ш)

  5. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. (Ш)

  6. Адам табиғатсыз өмір сүре алады (Ж)

  7. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе (ш)

  8. Бірыңғай мүшелер бер сұраққа жауап береді (Ш)

  9. Бірыңғай мүшелер әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады (Ж)

  10. Публицистикалық стильде реторикалық сұрақтар, стильдік қайталау антитеза қолданылады, ал ғылыми стилде ғылыми терминдер жиі қолданылады. (Ш)

Дескриптор:

  • Оқылым, тыңдалым материалдары бойынша алған білімдерін қолданады;

  • Сұрақтарға жауап береді

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

  1. «Сәйкестендіру» кестесі

1. Бірыңғай бастауыш

A. Біз табиғатты қадірлейміз әрі аялаймыз

2. Бірыңғай баяндауыш

B. Өзен-су, тау мен тас – біздің байлығымыз

3. Бірыңғай толықтауыш

C. Жер-Ана бізге кінәлай, сынай қарады.

4. Бірыңғай анықтауыш

D. Біз Отанымызды, туған жерімізді, атамекенімізді сүйеміз

5. Бірыңғай пысықтауыш

E. Мен әдемі, көрікті, бай, сұлу табиғатыммен мақтанамын

Жауабы:

1-B

2-A

3-D

4-E

5-C

Дескриптор:

  • Грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін қолданады;

  • Кестені ережеге сүйене отырып сәйкестендіреді

ҚБ: көк, сары, қызыл түсті оюлар арқылы жүргіземін.

Бейнеролик

Кесте

Кестелер


Сабақтың соңы

10 минут


«Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін жеткізеді.

Рефлексия: «Киіз үйді безендір» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін.

  • Егер саған сабақ ұанаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, киіз үйді көк түсті оюмен безендір

  • Егер сен сабақта белгілі бірқиындықты кездестірген болсаң, киіз үйді сары түсті оюмен безендір

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, киіз үйді қызыл түсті оюмен безендір

Микрофон