Файл: Модуль. Жпа ауіпсіздігі. Жпалы ауруларды баылау. Таырыбы Ауруханалы жпаны пайда болу себептері жне эпидемиологиясы. Аурухана ішілік жпалы ауруды алдын алу ауіпсіздігі жне баылау шаралары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_________ Трушкова М.И.
Оқу –әдістемелік кешен
Модуль. Жұқпа қауіпсіздігі. Жұқпалы ауруларды бақылау.
Тақырыбы: Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы.
Аурухана ішілік жұқпалы ауруды алдын алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары.
__Медбикелік ісі негіздері____________________ пәнінен
_3__ курста білім алушыларға арналған
__0302000 «Медбикелік іс» ____ мамандығы бойынша
ҚАРАЛДЫ ҚҰРАСТЫРДЫ
__4______ циклдік
әдістемелік комиссия отырысында А.С. Рыскалиева
Хаттама № _____ _____________
«_______» ____________ 2014 ж.
ЦӘК төрайымы _________ В.М. Сайгакова
МАҚҰЛДАНДЫ
Колледж әдіскері _____ С.О. Коцелл
2014 ж
II. Блок: Студенттердің өзіндік жұмысы
Блоктың мақсаты:
АІИ мәселелері және инфекциялық қауіпсіздік, инфекциялық бақылауды стандартқа сай меңгеру.
Оқушы білуі керек:
-
«Аурухана ішілік инфекция» туралы түсінік; -
қоздырғыштары, таралу жолдары мен механизмдері, алдын алу; -
«инфекциялық бақылау»,«инфекция үрдісі» түсініктері; -
инфекциялық бақылау топтары құрамы,мақсаты,міндеті; -
ИБ бойынша жүргізілетін негізгі нормативтік құжаттар; -
мейірбикенің жеке қорғаныш барьерлері; -
«санитариялық-эпидемиологиялық режім» туралы жалпы түсінік
Оқушы істей білуі керек:
-
мейірбикенің жеке қорғаныш барьерлері; -
әлеуметтік және гигиеналық деңгейде қолды тазарту; -
қолғапты кию және шешу; -
қолдың гигиеналық антисептикасы; -
бөлімшеде санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақталуын қадағалау;
Өздік жұмысты орындау
Өздік жұмыс орындау кезіндегі әдістемелік нұсқаулықтар.
Оқушылар екі-екіден жұмыс жасайды. Әр үстелде сабаққа керекті құрал жабдықтар, тапсырмалар және тақырыпқа байланысты стандартқа сәйкес іс- әрекет алгоритмдері тұрады.
Оқушылар тапсырма алғаннан кейін үстелден үстелге ауысып жұмыс жасай бастайды, одан кейін оқытушыға жауап беріп келесі тапсырмаға көшеді.
Тапсырма№ 1. Қорғаныс киімдерін пайдалану ережелері. Халатты, масканы кию;
Тапсырма №2. Қолды өңдеу деңгейлері; Қолды әлеуметтік, гигиеналық деңгейде өңдеу;
Тапсырма №3. Қолғапты кию және шешу;
Тапсырма№ 4. Зарарсыздандырушы құралдар ;
Тапсырма № 5. Бөлімшедегі санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп
Тапсырма 1 Қорғаныс киімдерін пайдалану ережелері . Халатты, масканы кию;
Х алаттар, алжапқыштар – күтім барысында инфекцияны тасымалдаудың алдын алу үшін пайдаланылады және әрбір пациенттің ішкиімі мен төсек жапқыштарын ауыстыру сияқты емшаралардан соң ауыстырылады.
Қолғаптар - таза немесе залалсыздандырылған түрде қолданылады.
Мына жағдайларда киіледі:
-
кез келген биологиялық сұйықтықпен (қанмен, тұқымдық сұйықтықпен немесе қынаптың бөлінісімен, мұрыннан бөлінетін шырышпен және т.б., түкірікпен, көз жасы сұйықтығымен, сонымен қатар зәрмен, нәжіспен, жұлын сұйықтығымен, экссудатпен, транссудатпен тығыз байланыста болғанда; -
пациенттің және медицина қызметкерінің тері бүтіндігінің бұзылуы; -
қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдармен және медициналық бұйымдармен жұмыс жасау қажеттілігі туындағанда.
Бетперделер – ауа-тамшылары арқылы жұғатын микроағзалардан төмен деңгейде (10%) қорғайды. Төрт қабатты дәке бетперделер, микроағзаларды жақсы сұрыптауды қамтамасыз ететін (тоқылмаған материалдан дайындалған) бетперделер қолданылады, бірақ ол бетперделер бетке тығыз жанасып тұрмаса, қорғау қасиеттерінен айырылады.
Бетпердені киіп жүру керек, бірақ оны үзіліссіз екі сағаттай пайдалануға болады. Дем шығарған ауамен дымқылданған кезде оны уақытынан бұрын ауыстырады.
Аяқ киім мен медициналық телпек – инфекциядан қорғамайды.
Қорғау көзілдіріктері мен қалқандар – көзді, ауызды, мұрынды қанның не басқа да биологиялық сұйықтықтардың түсуінен қорғайды.
Есте сақтаңыз! Пайдаланылған қорғаныс киімдерін шешкенде, өз қолыңызды, киіміңізді және қоршаған заттарды ластамау үшін оларды дұрыс шешіңіз !
Медицина қызметкерінің қолын өңдеу деңгейлері
Қолды өңдеу үш деңгейге бөлінеді: әлеуметтік, гигиеналық (қолды зарарсыздандыру), хирургиялық (қолдың саусақтарының залалсыздығы белгілі бір уақытқа дейін сақталады).
Қолды жуу – емдеу профилактикалық мекемелері қызметкерлері мен науқастардың арасында микроорганизмдердің таралуының алдын алудың ең тиімді әдісі.
Қолды жууға дайындық:
-
Халаттың жеңдерін шынтаққа дейін түріп, сағатты шешу керек. -
Саусақтардан сақиналарды шешіп, қолдың терісінің бүтіндігін тексеру қажет. -
Шүмекті ашып, судың температурасын реттеу керек ( 35-40°).
Тапсырма 2 Қолды өңдеу деңгейлері; Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу;
Мақсаты: қол үстіндегі микроағзаларды механикалық әдіспен кетіру. Пациенттің және қызметкердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсетім: қолды әлеуметтік өңдеу қолды қарапайым әдіспен жуу болып табылады:
-
емдеу процедураларын қолғаппен және қолғапсыз орындау алдында және аяқталғасын; -
ас ішер алдында және соңынан; -
пациентті тамақтандырғаннан кейін; -
әжетханаға барғаннан кейін; -
пациентке күтім көрсетер алдында және соңынан; егер қызметкердің қолы пациенттің биологиялық сұйықтықтарымен ластанбаған болса.
Керісінше жағдайда қолды гигиеналық деңгейде өңдейді.
Жабдықтар:
-
бір мәрте пайдаланылатын сұйық күйдегі шаруашылық сабыны, -
секундтық тілі бар сағат, -
жылы ағынды су, -
лотоктағы қолсүлгі, жеке сүлгі немесе электрлі кептіргіш.
Міндетті шарт: қолдың терісі сау, лак жағылмаған, тырнақтың ұзындығы 1 мм-ден аспау керек. Процедура алдында тырнақтың астын тазалап, жылы ағынды сумен жуу керек
Процедураны орындау:
-
Қолды көпірте сабындап, су құбыры шүмегін сабындап жуу қажет (шынтақты шүмек жуылмайды, егер кесек сабын пайдаланылған болса, оны жуып, таза сүлгіге не торлы сабынсауытқа салу керек. -
Қолды сабынмен ағынды суға 30 секунд бойы білектің 2/3 дейінгі бөлігіне жеткізіп, саусақ сүйектері мен саусақ аралықтарын қоса, білезік тұсына дейін, содан соң қол сырты мен алақандарды және басбармақ тұсын айналмалы қозғалыс бағытымен жуу керек
Ескерту: егер қол терісінің үсті ешқандай лас қалмайтындай мұқият сабындалса, онда осы бөлінген уақыт қолды әлеуметтік деңгейде деконтоминация жасау үшін әбден жеткілікті.
-
Қолды ағынды судың астында сабын көбігін кетіргенше мұқият шайқау қажет.
Ескерту: қолдан аққан су қолжуғыш бақалшағына тамшылайтындай етіп, саусақтарды жоғары қарата ұстау керек (қолжуғыш бақалшағына қолды тигізбей, алшақ ұстаған дұрыс). Қол саусақтарының аралықтары аса таза күйде қалғаны жөн.
-
Қолды жууды осы ізділікпен тағы қайталау керек
Процедураны аяқтау:
-
Қол сүлгіні пайдаланып, шүмекті жабу керек (шынтақты шүмек шынтақ қозғалысымен жабылады). -
Қолды таза, құрғақ, жеке сүлгімен немесе құрғатқышпен сорғыту керек.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу
Қолды гигиеналық жолмен өңдеу ең тиімді тәсіл боп табылады.
Мақсаты:
қолдың деконтоминациясы гигиеналық деңгейде өтілуін қамтамасыз ету.
Көрсетім:
-
қолғапты киер немесе шешер алдында; -
ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасып, микробпен ластанған жағдайда; -
қорғаныш күші әлсіреген пациентке күтім көрсетер алдында
Жабдықтар:
-
шаруашылық сабыны, -
секундтық тілі бар сағат, -
жылы ағынды су, -
залалсыздандырылған қысқаш, мақта, қол-сүлгі, -
зарарсыздандырғыш ерітінді құйылған сыйымдылық.
Міндетті шарт: қолдың терісінің сау болуы шарт.
Процедураны орындау: |
1. Қолды сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы білектің 2/3 дейінгі бөлігіне жеткізіп, саусақ аралықтарын қоса жуу керек |
2. Қолды ағынды судың астында сабын көбігі кеткенше мұқият шайқау қажет. |
3. Қолды жууды осылайша тағы 5-6 рет қайталайды. |
4. Қолды сүлгімен құрғату керек |
2. Сүлгіні дез. ерітінді құйылған ыдысқа тастау керек. |
5. Залалсыздандырылған сүлгіні пайдаланып, шүмекті жабу керек немесе көмекшіге өтініш жасау керек. |
Ескерту: қолды гигиеналық жууға жағдай болмағанда, 3-5 мл антисептикпен 2 минуттай өңдеу қажет.
Тапсырма 3 Залалсызданған қолғапты кию ережесі
З алалсызданған ораудағы қолғапты алып, бүктеуін жазады.
-
Оң қолға арналған қолғаптың қайырылған жағынан ұстап, саусақтарын қолғаптың ішкі бетіне тигізбей алады. -
Оң қолдың саусақтарын жұмып-жинақтап, оны қолғапқа енгізеді. -
Қолғаптың қайырылған жағын бұзбай, оң қолдың саусақтарын ашады. -
С ол қолға арналған қолғаптың қайырылған жағынан оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен (қолғаптағы) ұстап, қолғаптың ішкі бетіне тигізбей алады. -
Сол қолдың саусақтарын жұмып-жинақтап, оны қолғаптың ішіне енгізеді. -
Қ олғаптың қайырылған жерін бірінші сол қолдың, содан кейін оң қолдың жеңіне қарай тартып түзейді.
Залалсызданған қолғапты шешу ережесі
-
Сол қолдағы қолғаптың қайырылған жерінен оң қолдың саусақтарымен сыртқы жағынан ұстап, тағы қайырады. -
Оң қолдағы қолғаптың қайырылған жерінен сол қолдың саусақтарымен сыртқы жағынан ұстап, тағы қайырады. -
Сол қолдағы қолғапты қайырылған жерінен оң қолмен ұстап, теріс жағына айналдырып шешеді. -
Оң қолдағы қолғапты қайырылған жерінің ішкі жағынан ұстап, теріс жағына айналдырып шешеді (сонда сол қолғап оң қолғаптың ішінде болады). -
Қолғаптың екеуінде зарарсыздандырғыш ерітінді құйылған сыйымдылыққа батырып салады.
Ескерту: Бір рет қолданбалы қолғаптар зарарсыздандырғаннан соң өтелге жөнелтіледі, ал көп қолданбалы қолғаптарды медицинада қолданылатын басқа да бұйымдар сияқты өңдейді.
Тапсырма 4 Зарарсыздандырушы құралдар
Хлорамин ерітіндісін даярлау
Мақсаты: Эпидемияға қарсы санитарлық тәртіптің сақталуы бойынша бұйрыққа сәйкес зарарсыздандыру үшін қолдану.
Жабдықтар:
1. арнайы киім
2. құрғақ ұнтақ хлорамин өлшейтін ыдыс
3. суға арналған 1 литрге дейін таңбаланған сыйымдылық
4. зарарсыздандыруға арналған сыйымдылық (ЕДПО)