Файл: Модуль. Жпа ауіпсіздігі. Жпалы ауруларды баылау. Таырыбы Ауруханалы жпаны пайда болу себептері жне эпидемиологиясы. Аурухана ішілік жпалы ауруды алдын алу ауіпсіздігі жне баылау шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


5. ағаш күрекше

Міндетті шарт:

1. Белсенді хлор құрамы 0,25%-ға сәйкес

2. Әзірленген ерітінді тек бір рет қолданылады.


Кезеңдері

Дәйектеме

Емшараға дайындық

1.Арнайы киімді киеді.

Жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2.Жабдықтарды дайындап,таңбаларын тексеру.

Жұмыстың айқындылығын сақтау.Жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Емшараны орындау

1.Сыйымдылыққа аздаған су құяды.

Ұнтақтың бұрқырауының алдын алу.

2.Сыйымдылыққа хлорамин ұнтағын салады.

Ерітіндінің пайыздық қоюлығын әзірлеу әдістемесін сақтау.

3.Белгіленген мөлшерге дейін су құяды.




4.Ерітіндіні ағаш күрекшемен араластырады.




5.Сыйымдылықтың қақпағын жабады.




6.Сыйымдылықтың таңбасын тексереді.




7.Ерітіндінің даярланған уақытын белгілеп,қол қояды.

Зарарсыздандырушы ерітінділермен жұмыс істеген кезде жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Емшараны аяқтау

1.Жаңадан даярланған ерітіндіні бір рет қолдану.

Бұйрықтың (СанЕН) сақталуы.

2.Арнайы киімді шешеді, қол жуады, құрғатып сүртеді.

Медицина қызметкерінің жеке бас тазалығын сақтауы.








Ескерту! Әзірленген ерітіндіні тек 1 күн қолдануға болады.



Ерітінді,( %)

Хлорамин мөлшері(г)

Судың мөлшері,(мл)

0,5

5

995

1

10

990

3

30

970

5

50

950



Деохлор таблеткалары

Қолдану аймағы:

  • ЕАМ

  • Жұқпа ошақтары

  • Балалар мекемелері

  • Әлеуметтік қызмет нысандары

  • Қоғамдық тамақ кәсіпорындары

  • Азық-түлік сауда кәсіпорындары

  • Темір жол көліктерінің нысандары


Қолданылуы:

  • Зарарсыздандыру

  • Үй-жабдықтарының үстіңгі жақтары

  • Қатты жиһаздар

  • Медициналық бұйымдар

  • Сырқаттың күтіміне арналған заттар

  • Төсек-орын, киім-кешектер

  • Ыдыс-аяқтар

  • Ойыншықтар

  • Санитарлы-техникалық саймандар

  • Жинастыру құралдары


Құрамы:

  • Дихлоризоцианурат натрийдің негізіндегі композиция. Белсенді хлор мөлшері -44,2% (салмағы 3,4 гр. таблеткада 1,5 г. белсенді хлор бар.)

Қасиеті:

  • Бактерияларға (соның ішінде туберкулез және аурухана ішіндегі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына), вирустарға ( соның ішінде ВИЧ-инфекциясына және гепатитке), кандида түрлі саңырауқұлақтарға, дермафитиилерге белсенді.

Қолдану тәсілі:

  • Заттың белсенді хлор бойынша 0,0015% -0,3% шоғырлануы. (1-20 таблетка 10 литр суға)

Сақ болу шаралары:

  • Ішке қабылдау зиянды

  • Құралмен жұмыс істеген жағдайда тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын және резеңке құралдарын қолдану

  • Дәрі-дәрмектерден бөлек, балалардың қолы жетпейтін, жылу және күн сәулесі түспейтін құрғақ және жабық түрде сақтау

Сақтау мерзімі:Шығарылған күннен бастап 3 жыл.
Деохлор ерітіндісін даярлау.


Акт. хлор құрамы,%

Таблеткалар саны

Судың мөлшері, (л)

0,015

1

10,0

0,03

2

10,0

0,045

3

10,0

0,06

4

10,0

0,075

5

10,0

0,09

6

10,0

0,1

7

10,0

0,2

14

10,0

0,3

20

10,0



Тапсырма 5 Емшара кабинетін ағымды жуып-жинау
Мақсаты: Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Міндетті шарт: 1.Ағымды жуып-жинау күніне 2 рет өткізіледі. Жұмыстың алдында және жұмыс соңында.

2.Ағымды жуып жинау «ластан тазаға қарай» өткізіледі.

3.Ағымды жуып-жинау көрінетін, қол жетерлік жерлерді жуу.


Процедураның орындалуы.

1.Жұмыс алдында кіші мед.қызметкер (санитарка) еденді жуады, оған арнайы 2 шелекке 0,015% деохлор ерітіндісін дайындайды.

2.Екінші рет таза сумен шаяды.

3. Осыдан кейін процедуралық медбике кабинетке кіріп, жуып-шаюға арналған халатын киіп, 0,015%, 0,06 % деохлор ерітінділерін дайындайды.

4. Ол ерітінділерді мына ыдыстарға бөліп құйып, таңбалайды:

- затүстін өңдеуге арналған (шкафтың, сейфтың үстерін, терезенің алдын т.б.);

- мейірбикенің жұмыс үстелін өңдеуге арналған;

- көшеткені өңдеуге арналған;

- резеңке бұрауды, жастықты өңдеуге арналған;

- №1 және №2 көп қолданбалы медбұйымдарды өңдеуге арналған ыдыс;

- қан алуға арналған үстелді өңдеуге арналған;

- пинцет, қайшыларды өңдеуге арналған 6% сутегі асқын тотығы ерітіндісі;

5. Мейірбике затүстін өңдеуге арналған ерітінді бар ыдыстағы ерітіндімен шкафты және оның үстін, сейфтің үстін, терезе алдын, көшеткені сүртеді.

6. Ең соңында манипуляциялық үстелді сүртеді.

7. Мейірбике колды әлеуметтік, гигиеналық деңгейде өңдейді.

8. Бөлмені 30 минут кварцтайды.

9. Терезені ашып, ауа алмастырады.

Емшара кабинетін тұтастай жуып жинау
Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Міндетті шарт:

1. «Қол жетпейтін жерлердегі» механикалық ластарды тазалау, жоғарыдан төменге дейін, терезеден есікке дейін жуады.

2. Аптасына бір рет «тазадан ласқа қарай» өткізіледі .

3. Тұтастай жуып жинауды процедуралық медбике және кіші медқызметкер (санитарка) аға медбикенің бақылауымен өткізеді.

Процедураның өткізілуі:

  1. Барлық жиһаздар мен медициналық бұйымдарды бөлменің ортасына ысырады.

  2. Бірінші жуушы және арарсыздандырушы ерітіндімен бүркіп, 60 минутқа есікті жауып қалдырады.

  3. Таза сумен жуады.

  4. Жиһаздар мен медициналық бұйымдарды орындарына қояды.

  5. Еденді 0,015% деохлор ерітіндісімен жуады.

  6. Бактерицидтік сәулені 2 сағатқа қосады.

  7. Ауаны желдету - 30 минут

  8. Шүберекті, резеңке қолғаптарды .

  9. Тұтастай жуып жинауды өткізілгені туралы медбике арнайы журналға белгілейді.

* Ескерту:Соңғы кезде тұтастай жуып-жинау үшін дюльбак, септусин, т.б. ерітінділері қолданылады. Бұл жуғыш және зарарсыздандырушы қасиеті бар құрылыммен жүзеге асады.Апта сайын ерітінділерді алмастырып тұрады.
Дәмхана мен асханадағы эпидемияға қарсы санитариялық тәртіп
Ыдыс-аяқты тамақты ішіп болған соң, 30 минуттан кейін жинайды.

1. Ыдыстарды тағам қалдықтарынан тазартады.


2. Тағам қалдықтарын бөлектеп зарарсыздандырады.

3. Ыдыстарды жуу үшін 3 ыдыс әзірлеп қояды:

а) 2% сабынды сода ерітіндісі бар ыдыс

б) 0,015% деохлор ерітіндісі бар ыдыс

в) шаюға арналған таза суы бар ыдыс

4. Ыдыстарды тағамнан босатып алған соң, майларын кетіру үшін №1 ыдысқа салып, тазалап жуады.

5. Ағынды суда шаяды.

6. Шайылған ыдыстарды зарарсыздандыру үшін №2 ыдысқа 15 минутқа салып қояды.

7. №3 ыдыста зарарсызданған ыдыстарды шаяды.

8. Ыдыс-аяқты тік ұяларда кептіреді.

* Ыдыстарды жуып болған соң, үстелдерді сүртіп, ыдыстарды жууға арналған құралдарды 1 сағатқа 0,015% деохлор ерітіндісіне салып қояды, содан кейін шайып, 15 минут қайнатады, оларды арнайы бөлінген жерлерде кептіріп, сақтайды.

* Жалпы, асханада еденді 0,015% деохлор ерітіндісімен ағымды жуып-жинау күніне 3 рет өткізіледі:

1. Таңертеңгі тамақтан соң.

2.Түскі тамақтан соң.

3. Кешкі тамақтан соң.

* Тұтастай жуып-жинау аптасына 1 рет өткізіледі.
Алдын-ала ағымды зарарсыздандыру.
Барлық бөлмелерді дымқылдап тазалау сөткесіне кем дегенде 2 рет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен нұсқауларға сәйкес жуу және зарарсыздандыру құралдарын пайдалана отырып, жүзеге асырылады. Зарарсыздандырушы ерітінділері құйылған сыйымдылықтардың сыртында ерітіндінің атауы, құрамы, дайындалған уақыты көрсетіліп, таңбалануы тиіс. Зарарсыздандыруы ерітінділері сырқаттар емін-еркін ала алмайтын, арнайы бөлініп берілген бөлмелерде бөлек сақталынады. Дымқылдап тазалауды жүзеге асыратын барлық жинастыру құралдары міндетті түрде таңбалануы тиіс. Әжетханаларды тазалауға арналған құрал-саймандар тек қана әжетханаларда сақталынады. Дымқылдап тазалауды жүзеге асырғаннан кейін сүрткіштер 1% хлорлы ізбес немесе 1% хлорамин ерітіндісінде болмаса басқа реттелген ерітіндіде бір сағат зарарсыздандырылады. Қолды шаруашылық сабынмен (кірсабын) мұқият жуып, ал жұқпалы аурумен сырқаттанған пациентті қарағаннан кейін 0,2 % хлорамин ерітіндісі не 0,1% «Дезоксон» ерітіндісінде 2 минут бойы зарарсыздандырылады.

Терапиялық бөлімшенің әртүрлі нысандарын алдын ала

зарарсыздандыру және залалсыздандыру

Нысанның атауы


• Зарарсыздандыру уәкілі, (дезагент), зарарсыздандыру мен залалсыздандырудың орныққан тәртібі (1,2,- бөлімдері).

• Ескертулер.

Сыныпты медициналық термометрлер

• 2%-дық хлорамин ерітіндісіне 15 минут бойы толық батырып, кейіннен сумен шайқап, құрғақ жерде сақтауды қамтамасыз ету керек.


Металл шпательдер

  • Тазартылған суда - 30 минуттай қайнату немесе 120°С температурада 45 минут бойы құрғақ ауамен өңдеу (залал-сыздандырудың орныққан тәртібі).

  • 60 минут бойы - t = 180 °С температурада құрғақ ауамен өңдеу.

Көшеткелер

• Көшетке түгелдей клеенкамен жабылады.

Оны 1%-дық хлорамин ерітіндісімен 2 қайтара сүртіп, ал қанмен немесе оның құрамдарымен, болмаса басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған болса 3%-дық хлорамин ерітіндісімен 2 қайтара сүрту керек.
Қайшылар

Тазартылған суда - 30 минуттай қайнату немесе 2% сода ерітіндісіне 15 минут бойы толық батырылу керек.

Сырқаттарды жуындыруға арналған ысқыш

• Тазартылған суда - 30 минуттай қайнату.

• Кептіру.

Жеке ысқыш, сабын

Ванна .

  • 3%-дық хлорлы ізбестің ерітіндісімен зарарсыздандыру 1%-дық хлорамин ерітіндісімен немесе басқа да реттелген ерітіндімен 2 қайтара сүртіп, 60 минуттық экспозицияда ұстау.

  • 100 шаршы см. көлемге 1/2 грамм есеппен жуып зарар-сыздандыратын немесе тазартып зарарсыздандыратын сұйықтықтарға батырылған шүберекпен 5 минуттық экспозицияға қойғаннан кейін ағынды сумен шайқау қажет.

• Соңынан салқын сумен шайқау керек.
Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер

• 5 грамм жуу құралы мен 5% хлорамин ерітіндісі қосылған 1 л ерітінді дайындау қажет.

• 30 минут бойы толық батыру немесе аса кептірмей сүрту
Бөлмелер

• Терапия: 45 °С температурадағы 1% хлорлы ізбес немесе 1% хлорамин ерітіндісі және 2% сабынды-содалы сұйықтықтың қосындысымен өңдеу кезінде тәулігіне 2 рет пайдалану қажет.

• Іріңді аурулар бөлімшесінде, жұқпалы ауру болғанда қосымша жуып-тазарту қажеттілігі бұл ережеден тысқары.
Жуып-тазалайтын құралдар

• 1% жарықталған хлорлы ізбес немесе 1% хлорамин ерітіндісі қолданылады.

• 2 сағатқа толық батыру,жуу, шайқау, кептіру. Арнаулы орамда құрғақ жерде сақталуға тиіс.

Аяқкиім

• Формалиннің 25% ерітіндісін немесе сіркесу қышқылының 40% ерітіндісін, полиэтилен қапқа салып ,3 сағаттан соң иісі толық кеткенше желдетіп алу керек.
Әжетхана жуғыштары

• Әжетханада әжетхана жуғыштары үшін 2 сыйымды-лық болуы шарт (хлорлы ізбесті жарықталған 3% ерітіндісінде кем дегенде 2 әжетхана жуғыштары тұруы тиіс) олар күніне 2 рет немесе қажеттілігіне қарай ауыс-тырылады.