Файл: араткел ауылыны 1 жалпы орта білім беретін мектебі кмм жне балаларды атааналары немесе баса да зады кідері арасындаы мемлекеттік ызмет крсетуге арналан Типтік келісім шарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ және балалардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкідері арасындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Типтік келісім шарт Қараөткел ауылы «____»________ 2022ж. «Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ білім беру ұйымы (әрі қарай ББҰ), ол 2021 жылғы 5 қаңтардағы Ақмола облысы әкімдігінің №А – 1/1 қаулысымен бекітілген Мектеп жарғысы негізінде оның мүддесін қорғаушы мектеп директоры Ахмет Айтан Кабиевич бір жағынан ______________________________________________________________ (оқушының ата-анасы немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________________________________________ (баланың тегі, аты, әкесінің аты – ЖCН), Келесі мекенжайда тұратын_________________________________________________________ екі жақтан осы келісімшартты жасады: 1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын білім беру ұйымдарына қабылдаудың типтік ережелеріне және мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттарында көзделген рәсімдерге сәйкес білім беру ұйымы «Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 20___ жылғы «____»___________ №____ бұйрығы негізінде және осы келісім шарт негізінде баланы мектепке тіркеуді міндетіне алады. Сонымен қатар бұл келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілей отырып, мектептің ата-аналарымен баланың басқа да заңды өкілдері арасындағы бала мектепте оқып жүрген аралықтағы қарым-қатынасты сондай-ақ баланы тәрбиелеу және өзара жауапкершілік механизмін реттейді. 2. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері: 2.1. Сабақтарды Мемлекеттік білім беру стандарттарына және Типтік оқу бағдарламасына сәйкес сабақтарға заманауи талаптарға жауап беретін деңгейде өткізу. 2.2. Оқушының өмірін қорғау, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, оның интеллектуалдық, физикалық жеке дамуы, баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, баланың эмоционалдық ахуалына қамқорлық жасау. 2.3. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау. 2.4. Оқушылардың жұмысын, жеке ерекшеліктерін, білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша ұйымдастырады. 2.5. Оқушыларға медициналық көмек көрсету, медициналық-профилактикалық іс-шараларды, санитарлық-гигиеналық жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз ету. 2.6.Оқушыларға қосымша білім беру қызметтерін ұсыну (негізгі білім беру қызметінен тыс) коммерциялық емес және коммерциялық негізде қызығушылық топтары, спорт секциялары. Коммерциялық негізде қосымша білім беру қызметін көрсету кезінде азаматтық құқық шеңберінде жеке келісім жасалады. 2.7. Оқушыларды оның қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажет ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Оқушы заң бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген балалардың санаттарына сілтеме жасаған жағдайда, мектеп осы мәртебені Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде анықтауға көмектесуге міндетті. 2.8.Баланы тәрбиелеуде және дамытуда ата-аналарға және басқа да заңды өкілдеріне білікті көмек көрсету, оның дамуындағы бар ауытқуларды түзету. 2.9.Оқушыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған кепілденген ақысыз оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету. 2.10. ББҰ оқушылардан, ата-аналардан және басқа заңды өкілдерінен мектептің жарғыларын, ішкі ережелерін және оның қызметін реттейтін басқа да мектеп актілерін ұстануды талап етуге құқылы. 3. Ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері: 3.1.Мектеп Жарғысын және осы Келісімді ұстану 3.2. Баланы тәрбиелеу, оқыту және балаға білім алу үшін қажетті жағдай жасау үшін жауапты болу. 3.3. Ата-аналар жиналыстарына бару, қажет болса, оқу процесіне қатысты педагогикалық әңгімеге және нақты педагогикалық көмек көрсету үшін әкімшілік немесе мұғалімдердің шақыруымен мектепке бару. 3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқушының кінәсінен туындаған материалдық шығынды өтеу. 3.5. Баланың мектепке гигиеналық талаптарға және жұмыспен қамту ерекшеліктеріне сәйкес таза киіммен, аяқ киіммен келуін қадағалауды, ауыстыратын аяқ киімнің болуын, сондай-ақ «Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірыңғай мектеп формасы бойынша талаптарын ұстануын қамтамасыз ету. Шаш үлгісін дұрыс ұстану. (Ұлдарға шашты шамадан тыс өсіруге, қыздарға шашты жайып жүруге, әртүрлі түске бояуға, тырнақ өсіруге, боянуға, сабақ үстінде ұялы телефон ұстауға қатаң тыйым салынады) 3.6. Оқушыларды қажетті кеңсе заттарымен және спорт формасымен қамтамасыз ету. 3.7. Оқушының мектепке келмеу себебін хабарлап отыру. 3.8. Мектеппен тәрбие және оқудың барлық бағыттарында бірлесе жұмыс жасау. 3.9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқу-тәрбие үрдісін іске асыруға қатысу. 3.10. Ата-аналар комитеті мен қамқорлық кеңесінің, ата-аналар жиналыстарының шешімдерін орындау. 3.11. Ата-аналар комитеті арқылы мектептің басқару органдары жұмыстарына араласу. 3.12. Мектептен өз балаларыңыздын оқу үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайы туралы ақпарат алып отыру. 3.13. Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерде консультативтік көмек алу. 3.14. Балалардың келісімі негізінде жасалатын қосымша білім алуын қамтамасыз ету. 4. Осы шарттың тараптары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабында бекітілген оқушылардың құқықтарын және міндеттерін сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды. 5. Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша толықтырылуы мүмкін. Келісімге өзгерістер мен толықтырулар оған Қосымшаның нысанында жасалады. Тараптар өз міндеттерін заңды түрде орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауап береді. 6. Келісімшарт баланың білім алу кезеңі аралығында жарамды. 7. Келісімшарт екі данада оқушының оқыту тілінде жасалады: бір данасы оқушының «Жеке іс қағазы» папкасында, екіншісі ата-аналар мен басқа заңды өкілдерде сақталады. ОСЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН ТАРАПТАР: «Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ білім беру ұйымы Мектеп директоры: Ахмет А.К Ата-анасының аты жөні______________________ қолы_________ күні_______ |
|