Файл: Мектеп Мариновка а.2 Жоббм пні аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

САБАҚ: 3

Мектеп: Мариновка а.№ 2 ЖОББМ Пәні: қазақ тілі







Күні:13.01.23

Пән мұғалімі: Тонтакаева Қ.Қ.










Қатысқаны: Қатыспағаны:







Бөлім тақырыбы

Ғаламтор және әлеуметтік желілер







Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы







Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;

7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.







Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

Көптеген оқушылар

  • негізгі ақпаратты кестеге, диаграммаға түсіреді(ол үшін мәтін мазмұнына детальді үңілуі тиіс); етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады.

Кейбір оқушылар

  • сабақ барысында талданған мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпараттарды интерпретациялайды, етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады.







Жоспар







Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар








5 минут

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Мен саған сенемін!»



«Мен саған сенемін!» деген сөзді әр қатысушы айта отырып әріптесінің бойындағы жақсы қасиетті айтып жігерлендіреді.

Қызығушылықты ояту. Оқылым алды тапсырма.

  • Ғаламтор желісінің адамзатқа қандай пайдасы бар?

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өзің ол туралы не ойлайсың?

  • Сен оны ... қалай түсінесің?

  • ... қатысты не айтар едің?

  • Сабақтағы әңгімеміздің тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

  • Тақырыпқа қатысты не айтар едің? т.б.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Қалыптастырушы бағалау
- керемет жауап;

- жақсы жауап;

- төмен жауап.


7-сынып

Қазақ тілі оқулығы







Сабақтың ортасы

30 минут


Мағынаны тану.

Оқылым тапсырмасы.

Мәтінді оқып, мазмұны бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.



1-тапсырма. Мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріңіз.



Дескриптор:

  • мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты анықтайды;

  • анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді;

  • ойын дәлелдейді.

ҚБ
ӘТН. Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі.Іс -әрекеттің атын білдіретіндіктен , зат есімдерше түрленеді септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына  жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра, жүр, бар, шегеле, айт-қыз, сөйле-с, кел-ме, бөге-ме. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті, тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

2-тапсырма. Ғаламтордың пайдасын тұйық етістік тұлғасында санамалап жаз.

Дескриптор:

  • етістіктің есімше түрін тілдесім және жазбаша тапсырмалар барысында қолданады;

  • берілген ақпаратты бүгінгі күнмен байланыстыра мәтін құрастырады.;

  • ойын дәлелдейді.

ҚБ

Оқылымнан кейін

3-тапсырма. Мәтінді оқып, «Еркін жазу» әдісімен өздеріңнің ойларыңды жазыңдар.

4-тапсырма.

Мәтінді тыңдап, «Блогер» туралы ойларыңмен бөлісіңдер.


Бағалау критерийі

Дескрипторлар:

*етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады

«Еркін жазу» әдісімен өз ойларын жазады.

етістіктің есімше түрін тілдесім және жазбаша тапсырмалар барысында қолданады

берілген ақпаратты бүгінгі күнмен байланыстыра өз ойларымен бөліседі.

«Еркін микрофон» әдісімен өз ойларын қорытындылайды.




Оқушылар мәтін бойынша оқылым тапсырмасын орындайды.

Мәтіндегі

4 маңызды ақпаратты кластерге түсіреді.

Грамматикалық тақырыпты меңгереді.

Грамматикалық тапсырма орындайды. Ғаламтордың пайдасын тұйық етістік тұлғасында санамалап жазады.

Тақырып бойынша ойларын жинақтайды.


«Еркін микрофон» әдісімен өз ойларын қорытындылайды.




Қалыптастырушы бағалау
- керемет жауап;

- жақсы жауап;

- төмен жауап.

Қалыптастырушы бағалау
- керемет жауап;

- жақсы жауап;

- төмен жауап.


Қалыптастырушы бағалау
- керемет жауап;

- жақсы жауап;

- төмен жауап.

(https://kk.wikipedia.org/wiki/
Каз нет)








Сабақтың соңы Рефлексия

3 минут
Үй тапсырмасы:

















Қосымша ақпарат




Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?













Пәнаралық байланыс. АКТ-мен байланыс . Құндылықтардағы байланыс

информатика










Рефлексия

 Кері байланыс










Сабақ /оқу мақсаттар шынайы ма ?

Бүгінгі оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды ?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен ?













Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )?







1:








2:








Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да , оқуды да ескеріңіз )







1:







2:







Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?