Файл: Есім ханны ескі жолы аза елінде xx асыра дейін саталып, ызмет етті. Есім ханны ескі жолы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ хандығының тарихында ел билеген хандар көп болса да есімдері отандық тарихта алтын әріппен жазылуға лайықтылары санаулы ғана. Тарих олардың есімдерін халқына сіңірген еңбектеріне қарай бағалап, бүгінге дейін жеткізіп отыр. Керей мен Жәнібек хандар, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хан секілді Есім ханның есімі де жазба дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетінің материалдары арқылы ел тарихында сақталған.
Есім хан – қазақтың ұлы хандарының бірі. Ол Жәнібек ханның ұрпағы. Шығай ханның баласы. Есім хан – Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым бике. Тәуекел хан екеуі бір анадан туған. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп.
Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан, Қазақ Ордасын 1598–1628 жылдар аралығында басқарған. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға аттанады, бірақ жеңіске жете алмайды.
Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады.
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеген.
Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет ғұрыптар туралы ережелер жинағы- «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде XX ғасырға дейін сақталып, қызмет етті.
«Есім ханның ескі жолы»- дәстүрі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Оның негізгі Қасым хан тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен 1511–1523 жылдары қабылданған. Есім хан ғасыр бойы сұрыпталып, орныққан осынау жол-жоралғы, әдет-ғұрып жосындарын өз заманының әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне орай жетілдіріп жүйеледі. Кейінен қазақ қоғамында бұл заңдар жиынтығы «Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды. Дау шешіліп, төрелік айту құзыретін иеленген би қазылардың оны білуі міндетті саналған.
Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты
Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар.
1599 жылы Есім хандығымен шарт жасап, Ташкент қаласы мен оның айналасы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды.Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдалық байланыс орнатты.
Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы
Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан
арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды
өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
Тұрсын өлген соң екінші рет ұлы хан болып қайта сайланған Есім сол заманның қатал салты бойынша өзіне қарсы шыққан қатаған тайпасын аямай жазаласа керек. Замандасы Махмуд ибн Уәлидің жазуына қарағанда, Есім де көп ұзамай, өз ажалынан өледі.
«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд Ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628 жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясы» мәліметіне қарағанда, 1645 жылы қайтыс болған делінеді.
Есім ханның денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайына жерленген. Яғни Түркістан қаласында. Кезінде моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылса керек, бүгінде ол жермен-жексен болып жатыр.
Есім ханнан кейін тақты оның ұлдары Жәнібек, одан кейін Жәңгір хандар басқарды. Атақты Тәуке хан – Жәңгір ханның ұлы, Есім ханның немересі болып келеді.