Файл: Алгоритм сзіне мірден мысалдар келтіру. Операторлар мен арифметикалы амалдарды олданып программа ру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Капсаланова А.Ж

Күні

14.02.2023 жыл

Сынып: 6 «а,ә»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Практикалық тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.3.2.1 Пайтон тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

Сабақтың мақсаты:

«Алгоритм» сөзіне өмірден мысалдар келтіру. Операторлар мен арифметикалық амалдарды қолданып программа құру.

Бағалау критерийі

Алгоритм анықтамасын біледі. Математикалық өрнекті программалау тіліне аударып жазады. Программа құруда опреаторлар мен арифметикалық амалдарды қолданады.

ЕБҚ оқушы тапсырмасы

Алгоритм анықтамасын біледі. Математикалық өрнекті программалау тіліне аударып жазады.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1 Ұйымсдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру

3.Өткен сабақты пысықтау.

«Иә немесе жоқ» әдісі

89-бет. 2-тапсырма

Оқушылар шеңберге тұрады. Көрші оқушыны сын есіммен қосып таныстырады.

Өткен сабақтарға шолу жасайды.

Оқулықтың 89-бетіндегі 2-тапсырманы тақтаға қарап тексереді. Дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп айтады.

1-2 балла аралығы


Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Практикалық тапсырмалар орындау.

Оқулық. 90-бет. 1-тапсырма

Дескриптор:

-**Шаршының ауданының формуласын біледі

-**Шаршының периметрінің формуласын біледі.

-Программасын құрып, нәтижесін шығарады
2-тапсырма.

Оқулық. 90-бет. 5-тапсырма

Дескриптор:

-**Дөңгелектің ауданының формуласын біледі

-**шеңбердің ұзындығының формуласын біледі.

-Программасын құрып, нәтижесін шығарады

2-тапсырма.

Оқулық. 91-бет. 8-тапсырма

Дескриптор:

-математикалық өрнекті программалау тілінде жазады.

-нәтижесін шығарады



1-тапсырмада шаршының сандық өлшемі арқылы ауданы мен периметрін табатын программа құрастырады.

Берілген радиус арқылы шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын табады.

Математикалық өрнек беріледі. Сол өрнекті программа тілінде жазады. Нәтижесін шығарады.

1-3 балл аралығы

1-3 балл аралығы

1-2 балл аралығы

Оқулық.

Компьютер

Оқулық.

Компьютер

Оқулық.

Компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»


Екі түсінген материалды, бір ұсыныс айтады






Үй тапсырмасы

92-бет, 12-тапсырма*