ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
ЖАСЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНА КІРІСПЕ
(сабақ тақырыбы)
МОДУЛЬ/ ПӘН: ОН 1.2 Жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісіндегі психикалық қасиеттерді, психикалық жағдайларды сипаттау
Дайындаған педагог: Жетилгенова А.А. 2023 жылғы "07 " ақпан
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: ББ-П-21
Сабақ типі, түрі: Жаңа білімді хабарлау, іскерлік ойын сабағы.
2. Мақсаты, міндеттер
-Жасерекшелік психологиясы туралы жалпы таныстыру
-Жасерекшелік психологиясының даму тарихымен таныстыру
-Жасерекшелік психологиясының периодизациясымен таныстыру
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
1.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
2.Ж.Аймауытов Психология (оқу құралы) Қызылорда-Ташкент
3.Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии.-М.:Просвещение,1986
4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы «Қазақ әдебиеті» 1993
5. Жұмасова К.С., Есенова Л. Психология. Астана, Фолиант, 2003
6. Жұмасова К. Жалпы психология. Фолиант, 2005
7.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: жоғары және арнаулы орта оқу орындарының,
пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне
арналған оқулық. Алматы, 2002
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
- «Көңілді сәлемдесу» әдісі
Студенттер көңілді әуенмен оқытушымен амандасып, үстел үстінен төсбелгі таңдап сыныпқа кіреді.
2. Өткен тақырыппен байланыс орнату.
- «Қабілет» тақырыбы бойынша Quizlet платформасы арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.
- «Learning apps» қосымшасымен «Анаграмма» әдісі арқылы жаңа тақырыпты анықтау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Coggle.it қосымшасы арқылы «Maind map» (Ментальды карта) әдісімен оқытушының түсіндірмесі
Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді.
Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні - адамның өмір сүру барысындағы психикасы мен іс-әрекетінің өзгеруінің заңдылықтары мен тенденциялары. Жас ерекшелігі психологиясының орталық ғылыми категориясы - психикалық даму.
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Адамның даму тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (мінез-құлқы, қызығушылығы, бағыттылығы, санасы, т.б.) дамуы.
2. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;
3.Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;
Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады, ал біріккен күйде психикалық даму деп аталатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.
Ғалымдардың зерттеулеріне негізделе отырып, даму өзгерістері мынадай сипатта болуы мүмкін деп, тұжырымдауға болады:
-
Сандық және сапалы; -
Үздіксіз, дискретті; -
Универсалды (әмбебап), жеке ; -
Қайтымды, қайтымсыз; -
Мақсатқа бағытталған және бағытталмаған; -
Жекеленген, интеграцияланған; -
Прогрессивті (революциялық) және регрессивті (инволюциялық).
Десе де, даму алдымен сапалық өзгерумен сипатталады.Атақты психолог-ғалымдар Х.Вернер, Л.С.Выготский және т.б. дамудың негізгі себептерін сипаттады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: дифференциалды түрде өзгерудің арқасында дамудың жаңа элементтерінің пайда болуы.
Сапалы өзгерістер «өсу шегі», «жетілу»,«толық жетілу» ұғымдаоымен тығыз байланысты. Олардың мазмұныны келетін болсақ, өсу шегі дегеніміз -объектінің ұзындығы, биіктігі, салмағы бойынша өлшенетін сыртқы белгіленетін өзгеру процесі. Өсу шегі (рост) - дамудың сандық сипаттамасы.
Жетілу - биологиялық даму ауқымындағы морфологиялық өзгеріс. Жетілу процесіне мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокриндық бездердің дамуы жатады.
Толық жетілу-нақты берілген идеалды мақсатқа бағытталуымен сипатталатын өзгеріс.
Сонымен, психиканың дамуы деп психикалық процестердің сандық, сапалық және құрылымдық өзгерістерінің уақытқа байланысты заңды өзгерісін айтуға болады.
Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет:
1.Филогенез - өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.
2.Онтогенез - туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
3.Антропогенез - Homo Sapiens-тің пайда болуымен басталып осы күнге дейін адамзаттың барлық аспектілері бойынша, соның ішінде мәдени дамуы, филогенездің бөлімі.
4.Микрогенез- актуалды генез, жас ерекшелік кезеңді қамтитын, қысқа мерзімді психикалық процестердің барысында өтетін ең қысқа уақыттық ұғым.
Бұл жерде дамудың типтері жайында айтып өту орынды. Психолог Л.С.Выготский дамудың екі типін атаған болатын, олар:
Дамудың преформалы (преформированный) және преформалы емес типтері.
Преформалы типке алдын-ала анықталған, болжамдалған процестер (басынан соңғы нәтижесіне дейін) жасды. Мысалы, эмбрионның дамуы. Дамудың преформалы емес типі - алдын-ала анықталмаған даму мәселелерін қарастырады. Бұл дүниеде кеңінен тараған даму түрі. Мысалы, дамудың бұл түріне галактиканың дамуы, биологиялық эволюция процестері, қоғамның дамуы және адамның психикалық дамуы жатады. Л.С.Выготский баланың психикалық даму жолын дамудың екінші типіне жатқызған.
Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы.
ХІХ ғ.соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.
Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі психологиясының теорияларық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері,психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология (кәрілік). Адамның психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес және көптеген ғалымдардың (Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б.) зерттеулеріне негізделіп, жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /
Жас ерекшелігі психологиясының түсінік аймағы даму психологиясына қарағанда тар, өйткені жас ерекшелік даму адамның онтогенезінің белгілі жас этаптарының шегінде ғана қарастырылады. Ал даму психологиясы адамның және психика пайда болуының әр түрлі процестерін филогенез, онтоногенез, микрогенез деңгейінде қарастырады. Сондықтан жас ерекшелігі психологиясы даму психологиясының бір бөлігі болуы мүмкін. Дегенмен, кейде осы екі ұғым синоним ретінде қолданылады.
Жас ерекшелік психологиясының міндеті - онтоногенез кезеңдерінің психологиялық мазмұнына түрлі мәдени-тарихи, этникалық, әлеуметтік-экономикалық,сонымен қатар түрлі биологиялық, әлеуметтік факторлардың әсері қаншалықты екенін зерттеуге бағытталған.
Жас ерекшелік психологиясын пәнаралық аумағы кең: біріншіден, қазіргі псхологияның түрлі бағыттары, екіншіден, адамды зерттейін ғылымдар.
интерпретациялау, болжамның расталуын айқындау.
4.«Құпия хат» әдісі арқылы топтарға тапсырма бөлу.
5.Топпен практикалық жұмыс (топтық жұмысқа 15 минут, қорғауға 5 минут беріледі )
І топ | ІІ топ |
Жасерекшелік психологиясы туралы жаңалықтар топтамасын жасайды | Жасерекшелік психологиясы жайлы теле бағдарлама жүргізеді |
ІІІ топ | ІҮ топ |
Жасерекшелік психологиясы пәніне үлес қосқан қазақ ағартушылары жайлы журналистік зерттеу жүргізеді | Бақылаушылар тобы үш топқа бір –бір өкілін бақылаушы етіп жібереді. Қалған студенттер тақырып бойынша АКТ құралдар мен гаджеттерді пайдаланып білім бақылау сұрақтарын дайындайды. (әр топқа 5 сұрақтан) |
6.Бағалау
- Бақылаушылар тобының топтарда жұмыс жасаған өкілдері кіші топ жұмысын бағалайды.
- «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы жұмыс кезеңдері бойынша бағалары қорытындылау.
7. Сабақ бойынша кері байланыс
« Пазл» әдісі
Студенттер сабақ басында таңдап алған төсбелгілерінің артында жасырылған сөздерді қабырғадағы пазл бөлшектерімен сәйкестендіріп, тұтас пазл құрастырып сол бойынша түйін жасайды.
8. Рефлексия
«Аманат хат» әдісі
4.Үй тапсырмасы
- Тақырып бойынша трек-конспет жазу, хронологиялық кесте толтыру
- Жасерекшелік психологиясы пәніне презентация жасау.
4.Үй тапсырмасы
- Тақырып бойынша трек-конспет жазу, хронологиялық кесте толтыру
- Жасерекшелік психологиясының периодизациясына презентация жасау.