Файл: Удк 616. 89 артты деменциясы бар науастардаы когнитивтік реабилитация.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
УДК 616.89
Қарттық деменциясы бар науқастардағы когнитивтік реабилитация
Аршкенов Асыл Болатұлы
arshkenova@qmu.kz
Қарағанды медицина университетінің студенті
Ғылыми жетекші – Сейтбаева Мақпал Амиржановна
Өзектілігі:
Бүкіл әлемдегі қартаю процесімен байланысты деменция толқыны когнитивті бұзылыстардың қаупін азайтудың профилактикасын қажет етеді. Әлемдегі көрсеткіш бойынша деменциямен ауыратын 50 миллионға жуық адам бар. Жыл сайын 10 млн жаңа жағдайлар тіркеледі. 60 жастан асқан деменциямен ауыратын науқастардың жалпы халықтағы үлесі 5-8 % -ға жуық[1]. Ал Қазақстанда деменция диагнозымен 10 мыңға жуық адам тіркеуде тұр [2].
Деменция қарт адамдар арасындағы мүгедектік пен тәуелділіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Ол тек соған душар болған науқастарға ғана емес, сонымен қоса науқастарды жақындары мен күтуші адамдарына да терең әсер етеді.
Қазіргі уақытта деменцияның тиімді емі жоқ және дәрілік препараттарды қолдану көптеген жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Осыдан кейін фармакологиялық емес араласуларға арнайы қажеттілік туады. Когнитивті бұзылыстар деменцияның айқындаушы белгісі. Когнитивтік қабілеттерді жақсарту мен қолдау мақсатында құрылымдық тапсырмалар үшін басшылыққа алынатын тәжірибені пайдаланатын бірден бір тәсіл когнитивті реабилитация болып табылады.
Кілт сөздер: когнитивті реабилитация, когнитивті тренинг, қарттық деменция, когнитивті терапия, гериатриялық науқас.
Мақсаты: қарт адамдардағы деменция кезіндегі когнитивті бұзылыстарды түзеудегі когнитивті реабилитацияның тиімділігін анықтау.
Материалдар мен әдістер:
Тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді шолу барысында ақпарат жинау әдісі ретінде 2010 және 2022 жылдар аралығында жарияланған рецензияланған құжаттар алынды. Мақалалар үш деректер базасынан алынды(Pubmed, Google Scholar, Cyberleninka) және толық зерттелді. Барлығы 8 шолу жасалды. Оның ішіне рандомизирленген когнитивті зерттеулер, жүйелі шолулар және 1 когорттық зерттеу кірді. Алынған зерттеулер когнитивті тренингтің эффективтілігін зерттеуге негізделген. Қарастырылған зерттеулерде алдымен когнитивті қызметтердің диагностикасы жүргізілді. Осы арқылы когнитивті бұзылыстар мен олардың ауырлық дәрежесі анықталды. Әр пациентке когнитивті бұзылысқа байланысты жеке когнитивті тренинг бағдарламасы дайындалды.
Нәтижелер:
Бұл зерттеулердің басым көпшілігі физикалық белсенділіктің деменциялары бар адамдар үшін тиімділік кепілін беретінін растап шықты. Бұл когнитивті функцияны тұрақтандыруға және жақсартуға, сондай-ақ депрессия, сананың бұрмалануы, апатия сияқты ауыр нейропсихиатриялық симптомдардың басталуының алдын алуға көмектеседі.
3 түрлі дизайн бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша когнитивті статустың жақсаруы және құлау қаупі азайғаны анықталды. Реабилитация жүргізілген негізгі топта MMSE шкаласы бойынша балл суммасының жоғарылағаны анықталды. Өмір сапасы денгейі бойынша да барлық шкалаларда айқын жақсару байқалды. Жағымды эффекттілер мен жақсару 3 ай реабилитациялық шаралардан кейін көріне бастаған. Физикалық жаттығулар конитивті қызметтердің нашарлауын азайта алатыны анықталды. Когнитивті тренинг ретінде когнитивті стимуляция, аэробты тренинг, музыкалық терапия яғни музыка фонында когнитивті стимуляцияға арналған тапсырмаларды орындау және комплексті когнитивті реабилитация қолданылды. Физикалық жаттығулар деменциямен ауыратын науқастардың атқарушы қызметін жақсартуда маңызды рөл атқарады. Күнделікті әрекеттерінде автономияны арттырады. Нәтижесінде деменцияның жеңіл және орташа ауырлық жағдайларында есте сақтау, ориентацияда жақсарулар байқалды [3,4,5,6].
Қорытынды:
Жоғарыда келтірілген зерттеулер когнитивті реабилитация өзіне физикалық жаттығулар, комплексті когнитивті тренинг, музыкалық терапия әдістерін қамтыды. Нәтижелер бойынша когнитивті реабилитацияның деменция кезіндегі маңызы мақұлданды. Когнитивті реабилитацияның когнитивті бұзылыстарды қалпына келтіруде рөлі зор. Ол сырқат кезіндегі ағзаның төмендеген функцияларын қалпына келтіреді. Когнитивті реабилитация когитивті бұзылыстарды түзетіп, фармакотерапия көлемін азайта алады. Өз кезегінде дәрілік препараттардың токсикалық әсерін азайтады. Осындай ғылыми негізделген ақпарат нәтижелерін ескеріп, деменциямен ауыратын науқастарда когнитивті реабилатация көлемін арттырып, фармакотерапиямен бір қатарға қою қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/dementia -
Журнал: Журнал неврологии и психиатрии им. С.С. Корсакова. Спецвыпуски / Современные тенденции в эпидемиологии деменции и ведении пациентов с когнитивными нарушениями. - 2017;117(6‑2): 87‑95 -
Громова Д.О. , Науменко А.А. , Преображенская И. С. / КОГНИТИВНЫЙ ТРЕНИНГ И РЕАБИЛИТАЦИЯ ПАЦИЕНТОВ С КОГНИТИВНЫМИ НАРУШЕНИЯМИ -
Karssemeijer EGA, Aaronson JA, Bossers WJR, Donders R, Olde Rikkert MGM, Kessels RPC. / The quest for synergy between physical exercise and cognitive stimulation via exergaming in people with dementia: a randomized controlled trial. Alzheimers Res Ther. 2019 Jan 5;11(1):3. doi: 10.1186/s13195-018-0454-z. PMID: 30611286; PMCID: PMC6320611. -
М.В. Королева, А.Н. Ильницкий, Е.В. Кудашкина, Е.И. Коршун, А.А. Шарова, Т.В. Куксова, А.В. Резник, О.Н. Белоусова / КОМПЛЕКСНАЯ КОГНИТИВНАЯ РЕАБИЛИТАЦИЯ ПОЖИЛЫХ ПАЦИЕНТОВ С МЕТАБОЛИЧЕСКИМ СИНДРОМОМ -
Fang Yu , David M Vock , Lin Zhang, Dereck Salisbury , Nathaniel W Nelson , Lisa S Chow , Glenn Smith , Terry R Barclay , Maurice Dysken , Jean F Wyman / Cognitive Effects of Aerobic Exercise in Alzheimer's Disease/ A Pilot Randomized Controlled Trial.