Файл: за мерзімді жоспар блімі 3А блім Программаларды зірлеуді кіріктірілген орталары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:




Сабақ тақырыбы

Кіріктірілген циклдерді ұйымдастыру




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.2- программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану

Сабақ мақсаты

  • Программалау ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру

Бағалау критерийлері

• программалық кодты жазу үшін блок-схеманы қолдана алады

• программа кодын жазу кезінде шартты операторды пайдалана алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Айнымалылар, деректер түрлері, тармақ алгоритмі, егер, else


Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Шартты оператордың толық түрі бойынша келесі құрылымы бар ...

  • Қысқартылған шартты оператор келесі конструкцияға ие ...

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема.


Сабақ барысы







Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер


Оқу ресурстары




Сабақтың басы

0-7 мин

  1. Миға шабуыл

Оқушылар көрсетілген сурет бойынша, бұл жағдайда қандай іс-әрекет орындауға болатынын талқылайды:



Мұғалім егер оқушылар дұрыс жауапты анықтай алмаса, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы дұрыс жауапқа жеткізе алады.

Бағыттаушы сұрақтар:

  1. Суреттің мағынасы нені көрсетеді?

  2. Бұл суретте қандай алгоритмдік құрылым сипатталған?

  3. Егер де бірнеше шарт берілетін болса, қандай сөз арқылы келесі іс-әрекетке өте аламыз?

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады


Презентация




Сабақтың ортасы

8-14 мин
15-20 мин

21-25 мин


26-37 мин


  1. Сыныппен жұмыс: блок-схема құру

Жоғарыда талданған сурет үшін жұпта блок-схема құру

Алынған нәтижені алдымен топта, сонан соң сыныппен талқылау


  1. Жаңа тақырыпты құрылған блок-схема негізінде түсіндіру

• блок-схемасын талдау

• программалық кодты жазу
Берілген блок-схема үшін программалық код:

  • Таңдау операторын пайдаланып түсіндіру

  • Тармақталу операторын пайдаланып түсіндіру



  1. Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Алгоритмге блок-схема жасаңыз: Деңгейлік тапсырмалар

Тапсырма 1: Берілген ай номеріне (m ) сәйкес экранға жыл мезгілін шығарыңыз.

Тапсырма 2: D саны енгізіледі, осы санға сәйкес келетін апта күнін экранға шығару қажет. Еске ұстаңыз: әрбір айда 31 күн болсын, және айдың 1 – дүйсенбі.


  1. Өзара бағалау. Студенттер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді




  1. Жеке жұмыс

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды


Презентация


https://code-live.ru/post/cpp-if-else/
Программалық код Лазарус тілінде берілген

Программалау тілдері

Деңгейлік тапсырмалар




Сабақтың соңы

37-40 мин

  1. Рефлексия.

Сабақтың соңында студенттер сұрақтарға жауап береді:

- Менің білімім ұлғайды

- Маған сабақ тапсырмасы ұнады

- Сабақ мақсаттарына қол жеткіздім

Презентация





Қосымша ақпарат




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау