Файл: Астана Медицина Университеті КеЕ.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





«Астана Медицина Университеті» КеЕҚ



С –8.2


Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



беттің беті




CИЛЛАБУС
Модуль «Әлеуметтік – саяси білімдер»

Мамандық 6В10107 «Жалпы медицина» мамандығына арналған

Дәрістер - 0
Практикалық сабақтар - 40 сағат
ОБӨЖ - 40 сағат
БӨЖ - 40 сағат
Барлығы - 120 сағат
Курс 1

Астана 2023ж.

1.Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Дәрежесі/лауазымы

Телефоны, электронді адресі

1

Омарова Бибіжамал Қожахметовна

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., профессор

8-775-106-50-43

2

Камзаев Бекжан Канатович

Оқу ісі меңгерушісі, т.ғ.магистрі

8-778-888-39-79

3

Карбозов Әлібек Ерденович

аға оқытушы, г.ғ.магистрі

8-705-631-92-34

4

Урустембаева Жазира Төлеубаевна

аға оқытушы, г.ғ.магистрі

8-707-444-80-29

5

Байжиенова Кымбат Тілегеновна

аға оқытушы, п.ғ.магистрі

8-707-363-27-77

6

Канжил Шәкірт

аға оқытушы, г.ғ.магистрі

8-701-428-02-23

7

Калменова Бақыткүл Тулаковна

аға оқытушы, э.ғ.магистрі

8-775-450-40-00

8

Жалмурзина Айгуль Жанбараковна

аға оқытушы, г.ғ.магистрі

8-701-685-72-25



2.Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 53, 5 қабат. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы. тел: 53-95-31.
3. Модуль саясаты:

  • Сабаққа кешікпеу;

  • Ұялы телефондарды дыбыссыз режимге қою;

  • Сабақтан қалмау, егер сырқаттануға байланысты қалып қойса, деканаттан сабаққа қатысуға рұқсат қағазын алып келу;

  • Қалып қойған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында тапсыруы;

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындамаса, қорытынды бағаны төмендету;

  • Қорытынды рейтингте дәрістерден себепсіз қалған жағдайда әрбір жіберілген дәрістерден 1 балл алынып тасталынады;

  • Дәрістерге және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысу;

  • Семинар сабақтарында тақырып бойынша конспект болу керек;

  • Өзіндік жұмыс тапсырмаларын уақытында орындау;

  • Дәріс залына және оқу аудиторияларына кіргенде міндетті түрде медициналық халат болуға тиіс;

  • Себепті қалған жағдайда – пәннің рейтингтік бағасы қайта есептеледі;

  • Себепсіз қалған жағдайда –журналға (педагогикалық, өтеу) 0 балл қойылады;

  • Себепсіз қалған күндердегі сабақтар 2 күнтізбелік аптада өтелуі тиіс;


- қалдырған сабақтар туралы мәлімет деканатқа жіберіледі.

3.2 Академиялық адалдық саясаты. Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.

Академиялық адалдық принциптері:

1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;

2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;

3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;

4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықты бұзу түрлері.

1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).

2.Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).

3.Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім

алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).

4.Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптінде жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету).

5.Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.


6.Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).

7.Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.

8.Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;

9.Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).
4. Сағаттарды бөлу




Пәннің аталуы/модуль компоненттері

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

ОБӨЖ

БӨЖ

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық сабақтар

1

Саясаттану

60

-

20

20

20

Диф.сынақ

(жазбаша)

2

Әлеуметтану

60

-

20

20

20

Диф.сынақ

(жазбаша)


5. Модульдің мақсаты

Әлеуметтік – саяси білімдер модулі саясаттану, әлеуметтану , мәдениеттану және психология сияқты бірнеше пәндерді қарастырады. Аталған модуль әлеуметтік – гуманитарлық пәндер негізін оқытып: саяси қарым қатынастар мен процестер, саяси жүйелердің қоғам мен түрлі әлеуметтік топтардың өміріндегі рөлі туралы, адамның мінез құлқы, қарым - қатынасы, ісі мен сана сезімін, тұлғаның қалыптасуы туралы түсінігін қарастырады. Гуманитарлық пәндер кешені болашақ мамандарға заманауи бағытта қалыптасуға және білімдерін мамандандырылған практикалық және ғылыми – ізденушілік бағытында қолдануға мүмкіндік береді.


Қоғамның әлеуметтік – саяси даму заңдылықтарының негізінде, әлеуметтік тұлғаның құндылығын қалыптастыру, этикалық, құқықтық және мәдени ой- өрісін, әлеуметтік гуманитарлық білім беруді қамтамасыз ету.

6.Оқытудың соңғы нәтижелері:

А. Білу және түсіну:

1. Модульдің негізгі пәні мен мақстаттары және категорияларының мәнін білу.

2. Күнделікті кәсіби қызметіне және білім беруді жалғастыру үшін жаңа білімді меңгеруге қабілеттілігі мен дайындығы.

3. Темперамент түрлері, мінез құрылымы, тұлға акцентуациясы;

4. Тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері, деңгейлері, байланыс құралдары мен түрлері;

5. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің, жоғары білім деңгейінің негізгі құрамдас бөліктері, оны алу мерзімдері мен нысандары;

6. Студенттерге қойылатын талаптар;

7.Әлеуметтік маңызы бар проблемалар мен үрдістерді талдау. (НҚ-1.1.)

В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білуге:

1. Барабарлықтың әр деңгейіндегі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуда.

2.Қазақстанның даму моделінің имманент артықшылықтарын мен маңыздылығын қолдануда.

3.Логикалық талдауға, дәлелді сөйлеуге, дискуссия және полемика жүргізуге, толеранттылыққа, ынтымақтастыққа және дауды шешуге қабілеттілігі және дайындығы. (НҚ-2.1.)

4. Медициналық орта мен әлеуметтік қарым - қатынастарда тұлғаның қасиеттерін, психологиялық күйі мен мінез - құлқын бағалау;

5. Адам өмірінің түрлі салаларында психологиялық құбылыстарды талдау;

6. Өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау жүргізу;

7. Емдеу - алдын алу мекемелердің басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерімен тиімді қарым - қатынас принциптерін қолдану;

8. Медициналық - профилактикалық мекемелердің басшыларымен, медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерімен тиімді өзара іс - қимыл жасауға бағытталған коммуникативтік қарым-қатынастардың тиісті үлгісін таңдау және пайдалану;

С. Пікірін білдіру:

1.Қойылған міндеттерді шешу әдістерін таңдауда өз көзқарасын айту және негіздей білу.

2. Бастапқы материалдарды талдау.

D. Коммуникативтік қабілеттілігі:

1.Пән аралық топтарда жұмыс істей білу.

2. Қоғамда ұлттық қадір-қасиетті, отансүйгіштік пен азаматтықты, төзімділік пен гуманизмді дамыту.

3.Кең диапазонды әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әртүрлі адамдармен түрлі жағдайларда қарым-қатынас кезінде өзіндік, жан-жақты және тиімді коммуникациялардың дағдыларын игерген. (НҚ-5.1)


Е. Оқуға қабілеттілігі:

1.Жоғарғы дәрежеде автономды түрде жұмыс істей білу және жауапкершілікті өз мойынына ала білу.

2.Өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін мамандарға және де басқа адамдарға жеткізе білу.
7. Оқытудың нәтижелері

ОН-7

Өзінің кәсіби қызметі аясында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қабілетті.

ОН7

Жоғары білім деңгейінде кәсіптік өсумен айналысады, өзін өзі сараптау дағдыларын, оқыту тәжірибесін көрсетеді.

ОН5

Зерттеулер: адекватты зерттеу мәселелерін қалыптастыруға, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу жүргізетін команданың жұмысына қатысуға қабілетті.

ОН6

Оқу және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби топ мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және өзге де үздіксіз кәсіптік дамудың басқа нысандарына белсенді түрде қатысуға қабілетті.

ОН4

Халықаралық академиялық басылымдарда зерттеу қорытындыларын баспаға жариялайды, кәсіби пікірталастарға ауызша немесе жазбаша түрде қатысады.

ОН5

Білімге негізделген инновациялық қызметі алдын алады, қоғамның мәдениетті дамуын, әлеуметтік, техникалық аясында кәсіби және академиялық алға басуға жәрдемдеседі, идеяларды басқарады.

ОН6

Көп факторлар бір-бірімен байланысқан мәселелерді шешу қажеттілігінде еңбек және оқу қызметінің жаңа контесті бойынша инновациялық және өзіндік лидерлік қасиеттерін көрсетеді.

ОН7

Кең ғылыми қоғамдастық және қоғамда мәртебесіне тең сәйкес өзінің құзіреттілік аясына қатысты тақырып бойынша қатынасуға қабілетті

ОН8

Өзін-өзі сараптау дағдыларын, өмір бойы оқуға ынталылығын және жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі деңгейлерде оқыту үшін тәжірибелерін көрсетеді.


8.Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.
9.Постреквизиттер: Философия.
10. Тақырыптық жоспар

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары:





Практикалық сабақтың тақырыптары

Тақырыптың негізгі сұрақтары

Өткізу түрі



Сағат




Модульдің 1 компоненті. Саясаттану




Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

2.Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

3.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

ауызша

2



Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.


1.Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).

2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли).

3.Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)

ауызша

2



Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы

1.Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи және т.б.)

2.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)

ауызша

2



Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

1.Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер.

2.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін.

3.Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.

4.Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.

жазбаша

2



Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері

1.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

2.Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

3.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

4.Биліктің түрлері.

ауызша

2



Саяси элиталар және саяси көшбасшылық.


1.Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

2.Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.

3.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.

ауызша

1



Қоғамның саяси жүйесі.

1.Саяси жүйе туралы ұғым.

2.Саяси жүйенің құрылымы.

3.Саяси жүйенің жіктелуі.

ауызша

1



Мемлекет және азаматтық қоғам

1.Мемлекеттің пайда болу мен мәні.

2.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

3.Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы.

4.Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары.

ауызша

1



Саяси режимдер

1.Саяси режим түсінігі мен түрлері.

2.Авторитарлық саяси режим және оның формалары.

3.Демократиялық принциптер мен шаралар.

4.Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер.

ауызша

1

10.

Сайлау жүйелері және сайлау.

Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар.

1.Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері.

2.Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері.

3.Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың алатын орны мен рөлі.

ауызша

1

11.

Саяси мәдениет пен мінез-құлық.

1.Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.

2.Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

ауызша

1

12.

Саяси сана мен саяси идеология.

1.Саяси сана және саяси идеология түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлер.

жазбаша

1

13.

Саяси даму және саяси модернизация.

1.Саяси даму және саяси модернизация түсінігі.

жазбаша

1

14.

Саяси шиеленістер мен дағдарыстар.

1.Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары.

2.Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері.

ауызша

1

15.

Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.



1.Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.

2.Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері.

3.Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

ауызша

1




Барлығы:




20