Файл: Python тілінде алгоритмдерді программалау Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітілді:










Бөлім:

Python тілінде алгоритмдерді программалау

Педагогтің аты-жөні:

Кистаубаева Марал Сагимбаевна

Күні:

10.02.2023ж

Сынып: 8 Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Break циклін басқару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (break (брик))

Сабақтың мақсаты

Break ұғымы мен қызметін анықтау;

Break нұсқаулығының орындалуын талдау, қолдану;

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

break (брик) операторының атқаратын қызметін біледі;

break (брик) операторын циклмен жұмыс істеуде қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өткен білімді еске түсіру
5мин

5мин

Жаңа білімді меңгерту

7 мин

Практикалық бөлім

5 мин

5мин

Бекіту

2 мин
5 мин

Кері байланыс

3мин

Бағалау

3мин

Үй

тапсырмасы

Оқушылармен амандасу

Алдыңғы білімді еске түсіру- Spinner wheel платформасында сұрақ –жауап

1.Цикл дегеніміз не?

2.Циклдің қандай түрлері бар? 

3. For операторымен қандай циклді программалаймыз?

4. While операторымен қандай циклді программалаймыз?

5.While циклінің қайталану саны неге байланысты?

6.Сontinue нұсқаулығының қызметі қандай?

7.Сontinue нұсқаулығын қолданудың тиімділігі неде?

Ия, оқушылар, біздер өткен тақырыптан программаны орындау барысында кейбір цикл итерацияларын орындамай, келесі итерацияға ауысып кетуге болатынын білдік. Енді жаңа тақырыбызды бастамас бұрын бәріміз тақтаға шығып ойын ойнап алайық.

Жаңа тақырыпты ашу: тренинг

Жаңа сабақты бастамас бұрын тренинг ойнайық. Оқушылар тақтаға шығып тізбек құрап тұрады. Біздің тренингіміздің мақсаты алғашқы сникерсті тапқанға дейінгі конфеттерді (сникерсті қоса айтқанда) жинау. Жинаушы конфеттердің атын қарап тексереді, конфет-сникерс болмаса өзіне ертіп алады, келесі конфетті қарайды, осылайша сникерсті тапқанда өзіне ертіп, одан кейінгілерді тексеруді тоқтатады. Жинаушы мақсатына жетті ма? Ия ендеше, ары қарай қарауды қайталауды тоқтатады. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Break циклін басқару

Сабақтың мақсаты: Break нұсқаулығын қолданып, циклдерді басқаруды, яғни тоқтатуды үйренетін боламыз.

Жаңа сабақты бейнеролик арқылы түсіндіру.

Кейбір есептерді программалауда цикл жұмысы мақсат еткен нәтижеге жеткен уақытта, яғни циклдің барлық итерациялары орындалмаса да нәтиже табылуы мүмкін болатын кездер болады. Бұндай кезде, циклдің қалған итерацияларын орындауға уақыт жұмсамай, циклді тоқтатып тастауға болады? Ол үшін Break нұсқаулығын қолданамыз.

Break нұсқаулығын да for параметрлі циклі мен while шарт циклінде қолдануға болады.



break-тің программада жазылуында continue нұсқаулығынан айырмашылығы жоқ. Тек екеуінің атқаратын қызметі екі түрлі, бірі циклден шығаруды қамтамасыз етсе, екіншісі циклдің белгілі бір қадамдарын орындамай келесі қадамға өтуге мүмкіндік береді.

Break нұсқаулығының циклдің екі түрінде қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін бір мысал қарастырайық.

Мысалы. Ұзындығы N (1≤N≤100) болған сандар тізбегі берілген. Тізбектегі сандардың арасында тек біреуі нөлге тең. Нөл саны орналасқан орынды табатын программа кодын жазу керек.

while шарт циклінде

for параметрлі циклінде





нәтиже




Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

[n,m] сандар тізбегі берілген. Осы тізбектегі сандарды 6-мен аяқталатын сан кездескенге дейін қосып, нәтижені экранға шығаратын программа кодын жазыңдар

1-топ

2-топ

For-мен

While-мен

n=int(input('n='))

m=int(input('m='))

s=0

for i in range(n,m+1):

if i%10==5:

break

s+=i

print(s)

n=int(input('n='))

m=int(input('m='))

s=0

while n<=m:

if n%10==5:

break

s+=n

n+=1

print(s)

Дескриптор:

Белгісіздерді енгізу операторын қолданады, нәтиже айнымалысына алғашқы мән меншіктейді-1балл

Цикл операторын, шарты операторды қолданады -1балл

Циклді тоқтату нұсқаулығын қолданады -1балл
Тапсырма №2. Жұтпық жұмыс

№1 тапсырманың кодын программалау ортасында теріп, нәтижесін алыңыз.

Дескриптор:

Python программалау ортасын ашып, программаны тереді, сақтайды - 1балл

Программаны орындауға жібереді, белгісіздер үшін мән береді, нәтижені алады -1 балл

Саралауға арналған тапсырма: Тапсырманы басқалардан бұрын ерте аяқтаған оқушыларға осы программа кодына алғашқы жұп сан кездескенге дейінгі сандардың көбейтіндісін табатындай өзгеріс енгізу.

Сонымен бүгінгі сабақта қандай оператормен таныстық?

Break операторы қандай қызмет атқарады екен?

Break операторын прогаммада қолдану қандай тиімділік береді?

Тапсырма №2

Шағын тест (Zipgread – программасын қолдану)

  1. Вreak нұсқаулығы цикл жұмысына қалай әсер етеді?

А) циклді жалғастырады

B) циклді тоқтатады

D) қадамды өткізеді

C) цикл басына барады

2. Вreak циклдің неше түрінде

қолданылады?

А) 1 B) 2 D) 3 C) 4

3. for i in range(1,10):

if i = =4 :

break

print(i)

print операторы неше рет орындалады?

А) 4 B) 5 D) 3 C) 10

4. Вreak-ті циклде шартсыз қолдансақ..

А) циклдің барлық қадамы орындалады

B) цикл тоқтамайды

D) цикл 1 рет ғана орындалады

C) соңғы қадам ғана орындалады

5. Бір циклде неше break қолдануға болады?

А) 1 B) 2 D) 3 C) 4

Classroomscreen платформасында оқушылар бүгінгі сабақ туралы кері байланыс жасайды.

98-бет, Үй тапсырмасы шартты белгісіндегі тапсырманы орындап келу

Мұғаліммен амандасады
Сұрақтарға жауап береді

Сабақтың тақырыбын жазады, мақсатымен танысады

Топта ойласады, белсенділік танытады, программаға код жазады


Программалау ортасын ашады, кодты жазады, орындауға жіберіп, нәтижені алады

Сұрақтарға жауап береді
Таратылған жауап парағына өз жауаптарын белгілейді – әрбір дұрыс жауапқа 1 балл

QR-ты пайдаланып кері байланыс жасайды


ҚБ: фишка

БК: Белгісіздерді енгізу операторын қолдану, нәтиже айнымалысына алғашқы мән меншіктеу-1балл

Цикл операторын, шарты операторды қолдану -1балл

Циклді тоқтату нұсқаулығын қолданау -1балл


БК: Python программалау ортасын ашып, программаны теру, сақтау - 1балл

Программаны орындауға жіберу, белгісіздер үшін мән беру, нәтижені алу -1 балл

БК: Вreak –тің қызметін білу -1балл

Цикл жұмысын талдау -1балл

Цикл түрлерін білу -1балл

Вreak қызметін талдау -1балл

Вreak қызметіне қатысты тұжырым жасау -1балл

Барлық бағаларды қорытып оқушыларды бағалау


Spinner wheel платформасы

Корнока: конфет,

Сникерс, марс, баунти,

альбени

Бейнеролик

Слайд-бейнероликтегі мысал коды

Слайд-тапсырма шарты питон логатипі бар шаблонда
Топ атауы жазылған нәтижеге арналған кесте шаблоны

Компьютер,

Программалау ортасы
LonelyScreen программасымен жұмыс процесін тақтада көрсету

Слайд, Zipgread программасының жауап парағы


Интерактивті тақта, смартфон