Файл: 1практика. LearningApps сервисінде 2 интерактивті тапсырма растырыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-практика. LearningApps сервисінде 2 интерактивті тапсырма құрастырыңыз


Интерактивті тапсырманың атауы

Сілтемесі

Тапсырманың қысқаша сипаттамасы

1-тапсырма

https://learningapps.org/watch?v=poyvk28ic23


Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу

2-тапсырма

https://learningapps.org/watch?v=p4usmuuna23

Математикалық диктант


Қалауыңызға қарай: оқушылардың тапсырманы қалай орындағандағы фотосуреті.
Тапсырманы қалай құрастыру керек:

  1. https://learningapps.org/ сайтына тіркеліңіз.

  2. Іздеу жолынан өз пәніңіз немесе сабақ тақырыбы бойынша дайын викторинаны тауып алыңыз.

  3. Оны «Менің жаттығуларым» бөліміне сақтаңыз.

  4. Біз жаңа ғана сіз кейін редакциялауға және өз сабағыңызда қолдануға болатын жаттығуларды сақтауды үйрендік.

  5. Басты бетке өтіп, «Жаңа жаттығу» батырмасын басыңыз.

  6. «Сыңарын табу» жаттығуын таңдап, «Жаңа тапсырма құрастыру» батырмасын басыңыз.

  7. Әрі қарай мына әрекеттерді орындаңыз:
    - тапсырманың сипаттамасын енгізіңіз;

- жұптар мен сәйкестіктерді белгілеңіз. Бұл қалауыңызға қарай мәтін мен видео немесе аудио мен мәтін болуы мүмкін;

- сіз көрсетілетін үш қосымша элементке дейін бере аласыз, бірақ олар есепті шешкенде немесе жаттығуды орындағанда рөл ойнамайды.

  1. Әрі қарай, өрістерді толтырғаннан кейін «Аяқтау және алдын ала көрсету» батырмасын басыңыз.

  2. Тапсырманың орындалуын сынап көріңіз. Егер бәрін дұрыс орындасаңыз, соңында сынақтан сәтті өткеніңізді білдіретін сөйлем пайда болады. Айтпақшы, бұл мәтінді сіз кез келген сәтте өз қалауыңызға қарай редакциялай аласыз.

  3. Жаттығуыңызға көңіліңіз толған соң, оны сақтап қойыңыз. Ол автоматты түрде жеке кабинетіңіздегі сіздің жаттығуларыңыздың бумасына түседі.

  4. Тапсырмаңызды оқушылармен бөлісу үшін ашық тұрған тапсырмасы бар терезеде көрсетілетін жаттығу сілтемесін жіберіңіз немесе бүкіл сыныпқа арнап интерактивті тақтада қолданбаны іске қосыңыз.

  5. Қосымшада ұсынылған кез келген типті таңдап, тағы бір тапсырма құрастырыңыз. Мысалы, қарапайым ретті, бос орындарды толтыруды немесе суреттерді сұрыптауды таңдаңыз.




Тапсырмаға қойылатын критерийлер


Тапсырма орындалды деп табылады егер:



  • мұғалім 2 тапсырма құрастырып, тапсырмалардың атауы мен қысқаша сипаттамасы бар сілтемелер берсе;

  • мұғалім оқушыларға сілтемелер жіберсе немесе сабақта викторинаны іске қосса;

  • қалауына қарай: мұғалім оқушылардың тапсырмаларды қалай орындағаны туралы фотосуретті ұсынды.