Файл: за мерзімді жоспарды блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары (16 с)


Сынып: 9

Мұғалім: М.Мухамжарова

Қатысқандарсаны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

Кремний және оның қосылыстары.


Оқу мақсаты: 9.2.1.25-кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы:. Кремний мен оның қосылыстарының формулаларын жазады, қолданылуын және химиялық қасиеттерін білуі керек

Басым бөлігі: Кремний және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерінің сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу

Кейбірі: Кремний қосылыстарының өмірде қолданылуы туралы дәлелдер келтіре алу

Бағалау критерийі

Кремний мен оның қосылыстарының формулаларын, қолданылуын біледі, химиялық қасиеттерін сипаттайды

Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырып, іске асыру теңдеуін дұрыс жазады.

Химиялық реакцияның жүру жолын түсіндіріп, өмірде қайда пайдалануға болатынын айтады.


Тілдік мақсаттар

Пән бойынша арнайы лексика және терминология:

Кремнезем, опал,инфузорлы саз,силикагель, етімтал шыны, сұйық шыны, силикаттар.



Құндылықтарға баулу

Денсаулық, қоршаған ортаға қамқорлық,

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,қарым –қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, өмір бойы оқуга дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, география

Алдыңғы білім

Химиялық элементтер. Химиялық элементтердің периодтық кестесі. Күкірт және оның қосылыстары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

(10 мин)

Сабақтың ортасы

25 минут


І. Қызығушылықты ояту

(көрнекілік символдар)

топтарға кремний қосылыстарының қолданылатын жеріне байланысты суреттер таратылады. (Клей, Құм, Цемент)

Осы суреттергі заттардың құрамы неден тұратыны туралы өз ойларын айтады.

Бүгінгі тақырыптың "Кремний және кремний қосылыстары" екені айтылады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Мақсаты: Кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру. Өткен тақырыптарды еске түсіру бүгінгі сабақпен байланыстыру.

Стикердегі сұрақ.

1.Кремнийге периодтық жүйе бойынша сипаттама бер

2. Кремнийдің электрондық формуласын қандай?

3.Кремнийдің валентілік электрондар саны нешеге тең?

5.Кремнийдің кристалдық торы қандай?

6. Кремний қайда кездеседі?

7.Кремнийдің қандай қосыолыстарын білесіздер?

8. Кремнийге қандай физикалық қасиеттер тәнЮ

9Құрылыста қолданылатын кремнийдің қосылыстарын ата.

10. Кремний қандай химиялық қасиеттер көрсетеді?
Топқа бөлу

Қағаз кесінділері аркылы сыныпты топқа бөлу .

1-топ Оксидтер

2-топ Қышқылдар

3-топ Тұздар

ІІ. Мағынаны тану

Топтық жұмыс

Мақсаты: "Жиксо"әдісіарқылы оқушылар өздеріне берілген мәтіндермен танысып, өзара топ ішінде талқылап, постер жасайды

1-қадам

1-топ. Кремний оксиді туралы зерттейді

2-топ. Кремний қышқылы туралы зерттейді

3-топ Кремний қышқылының тұздары. Силикат өндірісі туралы айтады

2-қадам

"Жиксо әдісі" арқылы топтар бір-біріне барып постерлерін қорғайды. Яғни, өздері жинаған мәліметтермен басқа топтарға барып бөліседі

3-қадам. Тақырып бойынша әр топ екі сұрақтан әзірлеп, топтарда талқылайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор

-Кремний оксийдінің формуласын, физикалық, химиялық қасиеттерін зерттейді;

-Кремний қышқылы туралы мәліметтер жинақтайды;

-Кремнийдің тұздары туралы мәліметтер жинақтайды;

-Тақырыппен танысады

-Топта талқылайды,

-Постер жасайды,

-Топтарда алған мәліметтерімен бөліседі;

-Сұрақтар қойып, оған жауап алады

ҚБ: Топтар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды

ІІІ. Ой толғаныс

Топтық жұмыс

Тапсырма №1 Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар: 
кремний → кремний оксиді → натрий силикаты → кремний қышқылы → кремний оксиді 
Si → SiO2 → Na2SiO3 → H2 SiO3 → SiO2 
1. Si + O2 = SiO2 
2. SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O 
3. Na2SiO3 + 2HCl = H2 SiO3↓ + 2 NaCl 
4. H2 SiO3 → SiO2 + H2O


Бағалау критерийі

Дескриптор

-Қосылыстардың формуласын жаза алады;

-Реакция теңдеуіне қатысты реагенттерді анықтай алады;

-Реакция теңдеулерін дұрыс жазып, айналуларды іске асырады



-Реагенттерді анықтайды

-1-2 реакцияны іске асырады

-Барлық реакцияны іске асырады


ҚБ. Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау

Тапсырма№2 Өзіндік жұмыс

Кремний хлориді (ІV) SiCI4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:

SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI.

Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады.

Сұрақ: бұл түтінді қайда пайдалануға болады?

Критерий: Түтіннің қайда пайдаланатындығы туралы өз болжамдарын айтады.

ҚБ: Жақсы, жарайсыздар, тамаша


Кағаз кеспелері.


.

Оқулык, дәптер.

Сабақтыңпрезентациясы

TIMSS ЖӘНЕ PISA Халықаралықзерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағы

19-тапсырма, 12 бет




Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма:




Қорытынды: "Лездік сұрактар".

1. Кремезем дегеніміз не?

2. Ерімтал шыны деп нені айтамыз?

3. Сұйық шыны деген не?

5.Аморфты кремнезем мен кристалдық кремнеземнің айырмашылығы қандай?

6. Кремний қосылыстарын өмірде қайда кездестіруге болады?
Оқулықтан 3-4-жаттығу, 1-есеп 65-бет,

Тәжірибе. Желімнің қасиетін зерттеу.
Кері байлныс.

(ауызша)

1.Мен бүгінгі сабақта.....................білдім.

2. Мен бүгін сабақта ................түсінбедім.

3. Мен бүгін сабақта.................білгім келеді.




Нұсқау беру және түсіндіру