Файл: Таырыбы азастанны табии жне жасанды биогеохимиялы провинциялары жне эндемикалы аурулар. оршаан орта жне халы денсаулыы. 18 Жоспар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялары және эндемикалық аурулар. Қоршаған орта және халық денсаулығы. №18

Жоспар:

-Биогеохимиялық провинциялар туралы түсінік;

-Эндемиялық аурулар;

-Қоршаған орта және халық денсаулығы.

Биогеохимиялық провинциялар туралы түсінік. Қазақстанның табиғи және жасанды провинциялары. А.П.Виноградовтың анықтамасы бойынша биогеохимиялық провинциялар – бұл топырақта тірі ағзаларда патологиялық өзгерістерге әкелетін қандай да бір химиялық элементтің (немесе элементтердің) жетіспеушілігімен және артық болуымен сипатталатын территория.

Биогеохимиялық провинциялар табиғи және жасанды (техногенді, антропогенді) болуы мүмкін. Бұрынғы ССРО-да йодқа тапшы (Украинаның батыс облыстары территориясы), кобальт пен мысқа тапшы (Прибалтика республикасы) және басқа да 30-дан астам ірі табиғи биогеохимиялық провинциялар белгілі болды. Дегенмен, ластаушы көздің айналасында қоршаған ортаның химиялық заттармен қарқынды ластануын түзетін техногенді биогеохимиялық провинциялар жиі орын алады. Егер олардың қоршаған ортаға жүктемесін есепке ала отырып, адам үшін қауіптілігі дәрежесі бойынша бағалайтын болса, бірінші орында ауыр металдар, хлорланған көмірсутектер, нитриттер, нитраттар, асбест пен пестицидтер тұрады.

Биогеохимиялық техногенді аномалиялар бөлінеді: техногенді фитохимиялық - көбінесе өсімдіктерде жиналуы, техногенді зоогеохимиялық – жабайы және үй жануарларында жиналуы, техногенді антропогеохимиялық – адам ағзасында жиналуы.

Антропогенді биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептері мұнай өңдейтін және мұнайгаз өңдейтін өнеркәсіптер, түсті және қара металлургия, көмір және отын-энергетикалық өнеркәсіптер, автокөлік болып табылады. Соңғы жылдары биосфераның ауыр металдармен қанығуы жоғарылауда.

Жыл сайын бүкіл әлемде 3 млрд. тоннаға жуық тас көмір жағылып, соның нәтижесінде жер шары бетінде жүздеген мың тонна металдар таралады. Көмір жанғанда топыраққа шөгетін кейбір металдардың салмағы, мысалы молибденнің оларды өндіру мөлшеріне жақындау. Кобальт жер қойнауынан өндіргенмен салыстырғанда, көмір жанғанда 3,5 еседен артық тозаңданады.

Металдардың ұшырылуы кен өндіруде, оларды тасымалдауда, байытуда, сонымен қатар металлургиялық процесте болады. Мыс кендерін балқытуда ауаға шығарылатын 1 тонна тозаңнан 100 кг дейін мыс және одан азғана көптеу қорғасын мен мырыш алуға болады. Кейбір металдар, мысалы сынап пен кадмий биосфераға цемент шикізатын күйдіргенде түседі.


Көрсетілген процестер тұтас мемлекет территориясын қамтитын жалпы техногенді фонды құрайды. Сонымен қатар, өнеркәсіп нысандарының айналасында топырақты жергілікті қарқынды ластайтын техногенді геохимиялық аномалиялар түзіледі. Егер олардың шығарыстарының көлемі жоғары болып, алысқа таралатын болса аномалиялар жүздеген және мыңдаған текше км-ді алатын провинцияларға жетеді.

Көптеген биогеохимиялық аномалиялар көлік магистралдарының бойынша түзіледі. Топырақтағы қорғасынның орташа мөлшері әдетте 1 кг-да 10 мг аспайды, ал автокөлік жолдарына жақын жерлерде 700 мг/кг, кейде одан да жоғары болады. Бұндай айқын көрінетін аномалиялардың ені 1000 м асады. Бұл территорияларда 80% метал аэрозольдері шөгеді. Ұсақ бөлшектермен көрінетін қалған 20% ауада 1 айға дейін айналымда болып, желмен неғұрлым алыс қашықтыққа таралады. Кадмий мен мырыштың мөлшері автотрасса маңында фондылықтан 2-3 есе жоғары болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ауқымды территориясында табиғимен қатар техногенді биогеохимиялық провинциялар анықталған. Өндірілетін және өңделетін өнеркәсіптің көптігі, өндірістің технологиясының артта қалуы қоршаған орта жағдайы мен тұрғындар денсаулығының күрт нашарлауына, кейбір жағдайларда жаһандық экологиялық өзгерістерге, биогеохимиялық провинциялардың қалыптасуына әкелді.

Қазақстан қоғамдастығын Семей ядролық полигоны айналасындағы экологиялық жағдай әліде алаңдатуда. Алайда, ресми мәліметтер бойынша ондағы радиациялық жағдай қауіп туғызбайды, дегенмен, алаңдамауға негіз жоқ.

Эндемия (грек. endon – ішкі және demos – аумақ, ел) – тиісті әлеуметтік және табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақтағы адамдар арасында жұқпалы аурудың қалыптасқан тұрақты түрі. Э-лық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш (микроб) пен ие (адамдар мен жануарлар) арасындағы әрекеттестік көптеген сыртқы көріністермен сипатталады; процестің саны мен сапасының өзгеруіне ішкі реттелу механизмінің тікелей ықпалымен қатар, әлеум.-табиғи факторлар әсер етеді. Олар осы процестің білінуін, сандық тұрғыдан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен Э. – аумағы шектелген жердегі тұрғындар арасында ұзақ уақыт бойы тіркеліп отыратын, бірден бұрқ етіп көбеймейтін жұқпалы аурулардың таралуы болып табылады. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зооноздық (малдардан жұғатын) инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың (адамдардан жұғатын) таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі (мыс., тырысқақ). Ал безгек індеті көбінесе осы аурудың қоздырғышын адамдарды шаққанда жұқтыратын маса түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы климаты бар жерлерде жиі кездесетіні белгілі. Э-лық ауруларға қарсы тиісті шаралар дер кезінде жүргізілмесе, көптеген елді мекендерді қамтитын эпидемияға (қ. Індет) айналып кетуі мүмкін.


Адам денсаулығы және қоршаған орта Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам – өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.


3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау – адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу – терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку – тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты – денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым- қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.

Үйге тапсырма: «Экология» учебное пособие, В. И. Коробкин 338-352 бет

«Экология и здоровье населения» - учебник для ВУЗов и колледжей, У. И. Кенесариев