Файл: азастан Республикасыны денсаулы сатау министірлігі ШО денсаулы сатау басармасыны Семей аласыны Дйсенбі алматаев атындаы мемлекеттік жоары медициналы колледжіШЖ кмк.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі»ШЖҚ КМК

ҮЛГ


Өндірістік тәжірибе

«Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация»

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Білім алушының курсы:3

Тегі:Кадрбекова

Аты:Ұлпан

Әкесінің аты: Ержанқызы

Тәжірибе өту орны: УГ НАО "МУС"

Тәжірибенің өту уақыты: « 05 » 01 20 23 бастап « 18 » 01 20 23 дейін

Тәжірибенің әдістемелік жетекшісі: Айтжанова Р.Д

Күнделік толтыру үлгісі

Күні

Атқарылған іс –шаралар

Саны

Тәжірибелік

дағдылар

Тексерушінің қолы

09.01.23

Бүгінгі тәжірибем ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан өткізілді.Таңғы сағат 8.00 әдістемелік жетекшіміз Асқаров Дамир Ерболұлы бізге WhatsApp желісі арқылы қашықтықтап тапсырма берді.Тапсырма есеп түрінде болды жәнеде осы есепті 30 минутта орындап ортақ группаға жіберуіміз тиіс болды.Есептің шарты бойынша:

Науқас 30 жаста 24 сағат бұрын ауырған, екі рет құсу, дене температурасы 38.9° С.- 40.2° С.

Анамнезінен: Асқазанның перфоративті жарасының тігілуі 1 ай бұрын болған, эпилепсия бойынша есепте тұрады. Науқас тынышсыз, іштің барлық аймақтарынды ауырсыну. Іші қатайып қампиған, пальпацияда оң жақ мықын аймағында ауырсыну басым болды. Пульс - 114 рет минутына, ырғақты, толымды. АҚ - 75/60 мм с. б. ТАЖ 32 рет минутына, тыныс алуы везикулалы, сырылдары жоқ.Щеткин-блюмберг симптомы оң.

Тапсырмалар:

Науқастын жағдайын бағалаңыз.

Болжам диагноз қойыныз ?

Алғашқы көмекті ұйымдастырыныз..

Науқасқа байланысты сіздің болжамыңыз.

Менің жауабым:

Науқастың жағдайы:Науқас тынышсыз,іші қатайып қампиған,әлсіз.

Болжам диагноз:Щеткин-блюмберг симптомы

Алғашқы көмек: науқасты сол жағына жатқызамыз, иегіңізге тартуға тырысып, бірте-бірте оң аяғыңызды тізе бүгіңіз. Позицияны 2-5 минутқа бекіп,орау керек, жаттығуды сол аяқпен қайталайды.

Жанама әсерлерді азайту үшін жұмсақ әсері бар тиімді дәрілерді қолданған жөн. Алғашқы көмекті лактивті дәрілер яғни,бисакодил,фитомукил,дуфалак қолдану керек.

Есепті шығарып ортақ группаға жібердім.Есепті жіберген соң біздің практикамыз аяқталды.


Мен бүгін таңғы сағат 8.45 те келіп,сыртқы киімімді ауыстырып, хирургиялық костюмді киіп ,менторға жолығып белгілендім.Өндірістік тәжірибем сағат 9.00 басталды. Ең бірінші қолды гигиеналық тазартудан өткіздім.Сосын орап таңу бөлмесіне тазарту жүргізуге келдім.Барлық төсек,терезе,сөрелердің барлығын дез.ертіндімен 0,015% сүрттім.Кварц шамын 30 минутқа қосып шықып кеттім.30 минут өткен соң кварц шамын өшіріп,терезені бірнеше минутқа аштым.Орап таңу бөлмесінің жұмысы 10.00-де басталды. Сәлден соң әр палатадағы науқастардың қан қысымын және де пульстарын өлшедім.Барлық нәтижелерді қағазға жазым,өткіздім. Мені бүгінге науқастарды белгіленген бөлімшелерге тасымалдау міндеттелді. 11 палатадағы Бекова Е.Е -ні балалар УДЗ-іне апарып келу тапсырылды.Науқасты палатасынан алып апардым.УДЗ-дан соң,гинекология бөліміне жіберді.Гинекология бөлімі оны ересектерге арналған УДЗ-ге жіберді.Ересектерге арналған УДЗ-ге апардым.Барлық айтылған жерлерге апарып болған соң науқасты өз палатасына жеткіздім.Науқасты палатасына апарған соң қолымды гигиеналық тазартудан өткіздім.Одан соң 4 палатадағы Мұратбек Т.-ның ауруханадан шығатын күні болғандықтан оның жүктерін алып 1 қабатқа ата-анасына тапсырдым.Және де оның ата -анасына керекті құжаттарға қол қойдырып,үйіне жіберілді.Қолды гигиеналық тазартудан өткіздім. 5 палатадағы Бачкарева А-ны физиотерапияға апардым.Яғни барлвқ құжаттарын алып физиотерапияға 1этажға апардым.Дәрігерге жолыққан соң,науқаств палатасына апардым,ал құжаттарын посттағы апайға өткіздім.Қайтадан орап таңу бөлмесіне келіп,қорытынды тазарту жүргіздім.Яғни ең бірінші қолданылған құрал-жабдықтарды “Дезариус экстра”0,1% дез.ерітіндісіне салып,құралдарды жууға арналған щеткамен жудым.Жуып болған соң оны ағымды сумен шайып,дез.ерітіндіге 45 минутқа салдым.Уақыт өткен соң,құралдарды алып латокқа жайдым. Сосын тазарту жұмысына кірістім.Барлық терезе,төсек барлық жерлерді 0,015% дез.ерітідісімен сүрттім.Кварц шамын 30 минутқа қостым.Сәлден соң оны өшіріп,терезені бірнеше мунутқа аштым.

3


Қол жуу алгоритмі:

Судың шүмегін ашып, судың температурасын реттедім.

Келесі іс-қимылмен қолымды жудым:

1. Алақанды алақанмен;

2. Сол қолдың сыртқы жақ бетін оң қолдың алақанымен және керісінше;

3. Оң қолдың саусақтарыен сол қолдың саусақ арасын, сол қалыппен оң қолмен үйкеліс қалыппен жудым;

4. Сол қолдың саусақтары ұшымен оң қолдың алақанына үйкелеу қалыпымен құлып күйінде, әр іс-қимылды бес реттен кем емес;

5. Оң қолдыі алақанымен сол қолдың бас бармағын және керісінше;

6. Бас бармақтан оң қолдың алақанымен сол қолдың білек аймағын жоғары жылжытып білекті жудым, оң қолды тура сол қалыпта жудым;

7. Оң қолдың саусақ бастарын бір-біріне қосып ұстап алақанына сосын сол қолдың алақанына жудым;

8. Қолымды ағынды судына тура сол алгоритммен жудым;

9. Шүмекті қолымның оң қол шынтағымен жауып, қолымды қағаз сүлгімен құрғаттым. Қағаз сүлгіні А сыныбы бойынша қауіпсіз жою контейнеріне тастадым

. Ылғалды сүлгімен төсек орындарды, жиһаздарды, терезе жақтауларын , басқа да заттарды сүрту;

2.2.Тамақ таратылғанан кейін столдарды ,тумбаларды сүрту;

2.3.Тазалық дез. ерітіндімен еденді жуумен аяқталады;

2.4. содан кейін көлемі мен ауданы есепке алына отырып кварцтеледі, желдетіледі; 

2.5. тазалау жұмыстарынан кейін пайдаланылған сүлгілер мен щеткалардың барлығы дезинфекциялық ерітіндіге нұсқаулық бойынша салып өңделеді, құралдың иісі кеткенше суға шайып тазаланады және кептіруге жіберіледі; 

2.6. тазалау жұмысы мен кварцтеудің жасалғаны туралы факті «Толық тазалау және кварцтеу журналына» енгізіледі. Қан қысым өлшеу:

Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

Пульс өлшеу

Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау.

2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді түтікті сезу сезімі болады).

3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін).

4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау 

5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу 

6. Пульстің барлық қасиетін анықтау.