Файл: Тексерілді Директорды оу ісі жніндегі орынбасары Ж. А. Игілік Жаратылыстану пнінен ыса мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ж.А.Игілік

Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Табиғат физикасы

Педагогтің аты-жөні

Өтегенова Мадина

Күні:

14.02.2023

Сынып: 2 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Заттар неліктен қозғалады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. түрлі денелердің əртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;

        2. жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу);

Сабақтың мақсаты

Білімділік: түрлі денелердің əртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіреді

Дамытушылық: жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдана алады

Тәрбиелік: Заттар неліктен қозғалады оқушылар түсіндіре алады

Құндылық

Тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыруға, адам өмірінің құндылығы мен əр адамның бірегейлігін түсінуге, өз өміріне жəне мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қамқорлық сезімін қалыптастыруға ықпал

ету. Көзге арналған жаттығулар жасау.

қасиеттері

Қамқорлық, жанашырлық

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы (10–12 мин)


Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру.

Жағымды көңіл күй орнату.
Педагог буындардың орнын өзгертіп, сабақта не туралы айтылатынын білуді ұсынады.

– Көмекші сөздерді оқып, қозғалыстың не екенін еске түсіріңдер.
Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды.

Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен

сабаққа көңілдерін аударады.
- Қозғалыс дене күйінің басқа денелерге қатысты өзгеруі.

Қозғалыс – бұл өзгеріс.
Оқушылар қозғалыс мысалдарын келтіреді (мəшине жолмен жүреді, сағат тілдері, адамдар жолмен жүреді, балалар алаңда жүгіріп жүр, ағаштың бұтақтары қозғалады т.б).

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.
Оқушыларды белсенділігі үшін көтермелейді.
ҚБ: «Ауызша бағалау».

Мұғалімнің

ауызша пікір білдіруі.


Оқулық




Сабақтың ортасы (20-23мин

Оқулықтағы сюжетті суретке қарап, мəн беруді ұсынады.

Өзекті сұрақ қояды:

  1. Арбаны, мəшинені, допты қозғалтатын не?

Заттарды қозғалысқа келтіретін не?

Өз болжамдарын тəжірибемен растауды

ұсынады.

Заттарды не қозғалтатынын білу үшін

тəжірибежүргіземіз.

  1. Алдыңа қаламсауытты қой.

Заттың қозғалғанын не қозғалмағанын бақыла.

  1. Қаламсауытты итер.

  2. Қорытынды жаса.

Ештеңе де өздігінен қозғалмайды. Сүйрегенде немесе итергенде ғана заттар қозғалысқа түседі. Күш – заттарды сүйреуге немесе итеруге себепші болатын нəрсе. Күш заттарды қозғалысқа түсіреді, қозғалысты тоқтатады, жылдамдатады немесе оны тежейді, бағытын өзгертеді.

Білгішбектің анықтамасымен танысуды ұсынады:

Күш дегеніміз басқа денелердің тарапынан болатын əсердің өлшемі. Күш көлемі мен бағыты бойынша ерекшеленеді. Күштің бағыты меңзермен көрсетіледі.

Күштің түрлері көп.

  1. Қыста шана тепкенді ұнатасыңдар ма?

  2. Шананы қозғалысқа келтіретін не екендігін еске түсіріңдер.

  3. Тоқтасаңдар, не болады?

  4. Бос шананы сүйреткен жеңіл ме, əлде қиын ба?

  5. Қалай ойлайсыңдар, шананы тегіс жолмен тауға қарай не таудан төмен қарай сүйреген жеңіл ме? Неліктен?

  6. Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытынды: шана өзі қозғалмайды. Ол сүйреген не итерген кезде ғана қозғала алады. Денені тарту немесе итеру арқылы

қозғалтудың мысалдарын келтіріңдер.

Оқулықтағы суретке мəн беріп қарайды.

Өз болжамдарын айтады: «Қыз арбаны итереді, балалар допты тебеді, бала мəшинені сүйреп келеді. Дене оған əсер еткен

кезде қозғала бастайды» деген болжам айтады.

Оқулықтан тəжірибе жоспарын оқиды. Жоспар бойынша орындап, қорытынды жасайды:

Зат итергендіктен қозғалды.

Ақпаратты мұқият тыңдайды, ақпараттың тағы бір рет мұқият оқиды. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: «Ауызша бағалау».

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды.


Оқулық
Пенал (тəжірибе жүргізу үшін)





Сабақтың соңы (10–10 мин)

Материалды қорытындылау үшін мұғалім сұрақтар қояды:

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Күштің қандай түрлері болады?

Түрлі күштердің көмегімен қозғалатын денелерге мысалдар келтір.

Түрлі ақпарат көздерін қолданып, кеменің қалай жасалатынын біл. Оны қандай материалдан жасаған жақсы болатыны туралы ойлан. Кеме жаса. Оны суға сал. Кемені ненің

есебінен қозғалтуға болатыны туралы əңгімеле. Ғылыми күнделікке суретін сал.

Сұрақтарға жауап береді. Зерделенген материалды еске түсіріп, қорытындылайды.
Үй тапсырмасы бойынша мұғалімнің нұсқауы мен түсіндірмелерін мұқият тыңдайды.

ҚБ: «Авторлық орындық».

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне

меңгеру деңгейін бағалайды.

Оқулық