Файл: Балаларды жасы 5жас Жоспарды рылу кезеі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы:

Мектепалды «А» сынып

Балалардың жасы: 5жас

Жоспардың құрылу кезеңі: 23.01 - 27.01 қаңтар айы,2022-2023оқу жылы 3 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

23.01.2023

Сейсенбі

24.01.2023

Сәрсенбі

25.01.2023

Бейсенбі

26.12.2023

Жұма

27.01.2023

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді пысықтау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Ата-аналармен әңгімелесу,

Кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері,баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Бұлар нелер?Бір сөзбен ата»
Қор.орт.танысу,таным

дық,ойын іс-әрекеті

С/о: «Сән салоны»
Қарым-қатынас іс -әрекеті

Дамыту ойыны: Игровизор»
Танымдық ,зерттеу іс-әрекеті

«Көңілді доптар»

саусақ ойыны

Қарым-қатынас, іс-әрекеті

Үстел үсті театры «Шұбар тауық»

Қарым-қатынас іс әрекеті
Танымдық іс-әрекеті

Таңертенгі жаттығу

Қаңтар айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені №2 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге ,

Қандай жақсы бір тұрған

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік


Бәрінен мен күшті,

Деп айтады оң қол.

Неге сен,ал мен ше?

Деп келіспейді,сол қол.

Екі қолдың күштерін,

Кәне,сынап көрейік,

Оңға,солғатартайық,

Достастырып қайтайық.


Жалқаулықтан қашайық,

Жаттығулар жасайық.

Кәне,ширақ қимылмен

Кәнеки,қадам басайық.

Алға бас,досым,1,2,3

Тағы да біраз жүре түс.

Құлыншағым шапқылайды,тоқ-тоқ,

Тұяқтары тақылдайды,тоқ-тоқ.

Алыстағы ауылдарға шабады,тоқ-тоқ

Жасыл өлке жайлауға да барады.

Ұйымдастырыл

ған

іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту

табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау

«Қыс қызықтары»

Аққаланың тапсырмасы:

«Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Тәрбиеші сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер: ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.

Тірек сұрақтар:

Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?

Ақ қоян не істеді?

Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?

Кірпі сыртқа не алып шықты?
Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.

«Кім жылдам» ойыны

Ойынының шарты: тәрбиеші тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. суреттерін іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, содан соң сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

Дидактикалық ойын:«Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Шарты:Менің қолымда ғажайып қалташа бар оның ішінде жыл мезгілдерінің суреті бар сендер оның ішінен тақтаға тек қана қыс мезгілінің суретін тауып ілу керексіңдер. Балалар ойын шарты бойынша орындайды.

Математика негіздері

Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерімен таныстыруды бекіту.

«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

«Таныс пішіндер доминосы» ойыны

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынның құрал - жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Сауат ашу негіздері

ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, сызықтарды бастырып олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру

«Қисық және көлбеу сызықтар»


Дене шынықтыру

допты екі қолымен заттардың арасымен (арақашықтығы 4 метр) жүргізуді жетілдіру.

(Ұ, Ө ) Глобусты пайдаланып саяхатқа баруды ұсыну. Жер – сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін, Онымен кіндіктес жаның да, қаның да, Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Жер шары – ортақ үйіміз.
«Саяхатқа жолдорбаңды дайында» жаттығуы.

Түрлі құрлықтарға саяхатқа қажетті заттарды таңдауды, таңдауын дәлелдеуді ұсыныңыз

(ПК, Ұ) Балаларға құрлықты ұшақпен аралау туралы ұсыныс білдіріңіз.

«Ұшақ» ойын жаттығуы

Балалар ұшақтың қозғалысын келтіріп, қолдарын қанат се- кілді жаяды, ұшу кезінде солға-оңға, төмен-жоғары иіледі.

Африка

Қолтырауын тұрды ұйқыдан асықпай, Сусиыр жүр оңға, солға адымдай.

Жапырақ жеп керік келді қасына. Маймылдар жүр ағаштардың басында. Пілдер шықты тұмсығымен су бүркіп.
(Балалар қалғып отырған қолтырауынның кейпін көрсе- теді.

Сусиырдың адымдап жүргенін, аузын апандай ашқанын көрсетеді.

Балалар керік болып жоғары созылады.

Су ішкендей екі ұртын толтырып, оны бүркеді. Олар маймыл болып секіреді).

Арктика Ақ қар басқан Арктикада, Ақ аюлар жүреді.

Қорбаңдап бірге қонжығымен, Мұзда өмір сүреді.

Оң және сол қолмен қар лақтыру.

Нұсқау – қолды алдымен төмен, содан кейін жоғары-артқа толық жазып барынша сермей отырып, буынынан айнал- дыру.
«Кенгуру» ойын жаттығуы

Екі тізе арасына допты қысып қос аяқтап секіру. Қатарынан тізіліп сап құраған бірінші топтың балалары екі тізе арасына доп қысып, екінші саптың балаларына секіріп барады; оларға допты беріп, арқамен кері жүгіріп келеді. Бір уақытта қолын сермей отырып қос аяқтап бар екпінмен қарғуға назар аударылады.



Қоршаған ортамен танысу

Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.

Судың қасиеті. Зерттеу жұмысы

1 - тәжірибе.

- Шынының сыртынан қарайық. Ар жағы көрініп тұр ма?

- Иіскеп көрейік. Иісі бар ма?

- Енді дәмін татып көрелік. Не байқадыңдар?

2 - тәжірибе.

Енді бірінші ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.

- Не байқадыңдар?

- Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен.

3 - тәжірибе.

- Судың дәмін қалай өзгертуге болады? Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар. Дәмін татып көріңдер.

- Не байқадыңдар?

- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.
4 - тәжірибе.

Балалар алдымыздағы төртінші стакандағы суға сарымсақ салайық. Енді иісін иіскеп көрейік. Не байқадық?

Балалар мен сендерге тағы бір қызық көрсеткім келеді.

(балаларға мұзды көрсету)

- Бұл не?

- Қолымызға ұстап біраз тұрайық. Не байқадық? Қолымызды қағаз сулыққа сүрткенде

- Балалар бұл судың қатты күйі екен. Ол қалайша қатты болды?

- Дұрыс айтасыңдар су өте салқын жерде қатып мұзға айналады. Бұл судың қатты күйі.

- Енді мына стакандағы суды тәрелкеге құяйық.

- Бұдан не байқадық?

- Суды төгуге болады. Ол ағады, сұйық.

- Енді мына шәйнекке қарайық? Шәйнектен не шығып жатыр?

- Бу қайдан шықты?

- Яғни, суды белгілі бір температурада қайнатқанда буға айналады.

- Бұл іс - әрекеттен қандай қорытынды шығарамыз.

- Су қайнағанда буға айналып жоғалып кетеді екен.
Қазақ тілі

Туыстық қарым-қатынасты білдіретін «немере», «шөбере» сөздерін үйрету.

Дидактикалық ойынның атауы: «Отбасы ағашы» ойыны

Мақсаты: Отбасы мүшеріне қатысты ата,әже әке, ана,аға ,әпке,қарындас,іні т.б.туыстық атауларды атай білуге үйрету.Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Құрал – жабдықтары: Отбасы мүшелерінің суреттері,карточкалар,қыстырғыштар

Ойын барысы: отбасы мүшелерінің суреттерін «отбасы ағашына» туыстық атауын атай отырып,орналастырады.

Көркем әдебиет

жұмбақ шеше білуге қалыптастыру.
Мысал: Үш төбе, үш бұрыш, үш қабырға

Міне келдім мен мұнда

(үшбұрыш)
Балаларға «Бұл жұмбақ не туралы? Сен қалай ойлайсың? Мына үшбұрыштарға мұқият қарашы (үстелде үш үшбұрыш бар: үлкен қызыл, көк орташа және кішкентай). Қызыл үшбұрыш жұмбақтың шешімі болуы мүмкін. Неге? Ал көк ше? Қай үшбұрыш жайында бұл жұмбақ?»

Қорытынды: Шешуі кез – келген үшбұрыш болуы мүмкін. Ол оның көлеміне немесе түсіне байланысты емес. Барлығының үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы болады.

2. Мысал: Сопақ та емес, шеңберде емес,

Үшбұрышқа дос емес.

Тіктөртбұрыштың ағасы,

Боламын мен -

(шаршы)

Бұл жұмбақтың мәтінінде шаршының белгілері аталмаған. Қойылатын сұрақ: «Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Бұл пішіндердің ішінде қайсысы туралы айтылуы мүмкін? Сопақ пішін жауап болуы мүмкін бе? Неге? Шеңбер ше? Ал, үшбұрыш ше?» Балалар үлкендердің көмегімен жұмбақтың шешімі шеңбер де сопақ та және басқа пішіндер де емес, шаршы екенін табады.

Сонымен қатар балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына бірден – бір септігін тигізетін тапсырмалар ұсынғым келеді.

1. 6 таяқшадан үй құрастыр, сосын оның 2 таяқшасын алып, жалауша шығатындай етіп орналастыр.

2. Мына сызулардың арасынан 5 үшбұрыш және 1 төртбұрышты тап.

3. Қай пішін артық?

4. Сұрақ белгісінің орнына қажетті пішінді орналастыр.

Музыка

мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру

Тақырыбы: «Көлеңке»

Мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету.Әуендітыңдап,қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

1.Музыка залында балаларды көңілді музыкамен қарсы алу.

Көлбең көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем!

Қане қатар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

2. Ән айту. Ән ырғағымен балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді. Көлеңкелер қайталап қимыл жасайды.

Көлбең – көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем!

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

3.Музыкалық-ырғақты қимыл: (Қасқырдың жүрісін бейнелейді)


Сауат ашу негіздері

ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, сызықтарды бастырып олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру

«Көркем жазамыз»


Математика негіздері

қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау

«Жұбын тап»ойыны

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал - жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
«Әдемі кілемшелер»ойыны

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның құрал - жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

Қазақ тілі

өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беруді жалғастыру.

Ойын жаттығуы: «Сен қайда тұрасың?».

Мнемо кесте арқылы әр бала қайда тұратынын айтады.

– Қай көшеде, қандай үйде тұрасың?

Педагог балалармен бірге мнемо кестедегі символдар нені білдіретінін талқылайды.

– Мен ... (көшенің аты) көшесінде, 2 қабатты (көпқабатты) үйде тұрамын.

– Сенің пәтеріңде (үйіңде) неше бөлме?

– Сенің пәтеріңде (үйіңде) қандай бөлме бар?

Суретпен жұмыс.

– Мынау – балалар бөлмесі. Мынау қандай бөлме?

– Мынау – балалар бөлмесі.

Дене шынықтыру

Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түзу бағытта адымдап жүруді жетілдіру.

(Ұ, Ө)

«Еуропаға саяхат»

Нұсқау – тек белгі бойынша ғана қозғалыстың бір түрі- нен екінші түріне ауысу.

Іші толтырылған доптар арасымен шашырай жүру, музыка тоқтаған соң, доптың жанына тұрып, аяқтың ұшымен тұру; допты басқа көтеру. Статикалық тепе-тең-

дік сақтауға көңіл бөлінеді.
т) Іші толтырылған доппен орындалатын ЖДЖ. Америка.

Кегельдер арасымен іші толтырылған доптарды домалату. Нұсқау – саусақтармен қатты күш салмай допты итеру (төмен-жоғары). Бүкіл саппен тапсырма орындағанда арақашықтықты сақтауға назар аудару. Ке- гельдерді құлатпаған топ жеңіске жетеді.

Кегельдер арасымен бір аяқтап секіру

Нұсқау – кегельдерге бүгілген аяқты тигізіп алмай, қол- ды сермей отырып бар пәрменмен қарғу.
«Аңшылар аңға шығады»

Заттардан аттап өту арқылы залдың қарсы бетіне шын- тақтап және тізерлеп еңбектеп бару.

Нұсқау – аяқ пен қолдың жұмысын үйлестіру, қозғалыс

бағытын сақтау, өзге балалармен соқтығысып қалмау.


Сөйлеуді дамыту

бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру дағдысын жетілдіру.

Дидактикалық ойын «Бұл кім? Бұл не?»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Балалардың зейіндерін дамыту.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, әртүрлі заттардың суреттері. Ойын шарты: Бастаушы суреттерді көрсете отырып ,сұрақ қою арқылы ,жауап беру. - Бұл не ? (кесе, ойыншық, аю, үстел, орындық) ¬ Бұл кім? (ата, әже, ана, әке, іні) - Онымен не істейді? ¬ Кім не істеп жатыр? Ойын осылай жалғаса береді.

Қоршаған ортамен

танысу

бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау.

Дидактикалық ойын: «Төлдерді дұрыс орналастыр»

Мақсаты: Балаларды үй жануарларын, төлдерін атауға, олар туралы жалпы мағлұматтарды толық баяндауға, оларға қамқоршы болуға үйрету.
Берілген үй жануарларының төлдерін сызықпен қосу керек.

Д/О: «Неден жасалған?»

Ғажайып қаптың ішінен тағам және жүннен тоқылған киім түрлерін алып, олардың қай жануардың өнімінен жасалатынын айту.
Дидактикалық ойын: «Кім қалай дыбыстайды?»

Тәрбиеші: Мен қазір қандай жануарды көрсетсем, сол жануардың қалай дыбыстайтынын айтасыңдар.

Сиыр - Мө - мө

Қой - Мә - мә

Түйе - Бө - бө

Жылқы - Е - е - е

Ешкі - Мәә - мәә

Тәрбиеші: Өте жақсы, дұрыс айттыңдар. енді мені тыңдаңдар, малдың дыбыстағанын былай деп айтады.

Жылқы - кісінейді.

Сиыр - мөңірейді

Қой, ешкі - маңырайды

Түйе - боздайды.

- Бәріміз осы сөздерді қайталап ұғып жаттап алайық.(Балалар қайталайды)
Көркем әдебиет

жұмбақ шеше білуге қалыптастыру.

«Жұмбақ айтып жарысайық»

Көк лағым көгенде жатып семіреді.

(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,

Бақшада жатыр дөңгелеп.

(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

(қияр)

***

Бұтағында азығы

Ортасында азығы.

(алма)

***

Ағайынды бәрі:

Шықса - көк, Түссе - сары.

(жапырақтар)

***
Музыка

балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету. Музыкалық қоңырау, бубен, барабан және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру.

Тақырыбы: «Аспаптың даусын ажырат» ойыны

Мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

1. Балаларды музыкамен қарсы алу.

Ойын: карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.

2. Музыка тыңдау.

Ал енді сендер ән тыңдаңдар.

«Балапан» әні.

«Шөжелер» биін таныс би қимылдарымен билету.



Сауат ашу негіздері

сөздерге дыбыстық талдау: дауысты және дауыссыз дыбыстарға байланысты айтылған сөз ішінен орнын таба білу дағдысын қалыптастыру.

«Мен қандай дыбыспын? ойыны»

Мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстырды ажырта алуға үйрету.

Шарты: екі-үш сөзден тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасау.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып,көк,қызыл түстермен белгілеу.

Математика негіздері

нүктелерді, өрнектерді салуға үйретуді жағастыру.



Шығармашылық іс-әрекет

ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.

Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту.

Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.

Ою-өрнектер

Балалар қалаулары бойынша топқа бөлініп жұмыс жасайды.

І- топ ою-өрнекті қағаздан қиып құрастырады.

ІІ-топ ою-өрнекті ермексаздан мүсіндейді.

ІІІ-топ ою-өрнекті қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен суретін салады.
Дене шынықтыру
алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу.
(Ұ, Ө)

«Ғарыш туралы не білеміз?» әңгімесі

–Ғарышкерлер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Ғарышта ең алғаш кім болып қайтты? Белка мен Стрелка атты иттер.

–Алғашқы ғарышкер кім? ( Юрий Гагарин)

–Әйелдер арасында тұңғыш ғарышта кім болды? (Валентина Терешкова)

–ҚР алғашқы ғарышкер батырлары кім? (ҚР батырлары – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов).

«Байқоңыр» ғарыш айлағының арнайы алаңында ғарышкерлер дайындығынан өту ұсынылады.

Сапты бірінші-екінші болып санау жүргізу. Зал ортасымен бірден, екіден сап құрып жүру.
(Ұ) шыдамдылықты жаттықтыру

Үлкен және қысқа адыммен жүгіру – қолды барынша сермей отырып кең адымдап жеңіл жүгіру, қысқа, жиі адымдай отырып жүгіру.

Тыныс алуды қалпына келтіру. Бір қатар саппен жүру.

Гантельмен орындалатын ЖДЖ.
5 м жерге қолмен жүру (бір бала екінші баланың аяғын көте- ріп ұстайды. Ол қолымен жүреді). Әр жұп шамаларына қарай бірқалыпты жүреді.
зейінді дамыту

«Қатып қал!» ойын жаттығуы. «Шашыраңқы» жүру, жүгіру.

«Қатып қал!» деп бұйрық берілген кезде тұрған орында қозғал- май қатып қалу керек.

(Ұ) Нөмірлер бойынша топтарға бірігіп, сап құрып тұру.

зейінді жаттықтыру

Заттар арқылы қос аяқтап секіру. Нұсқау – қолды алға сермей отырып қос аяқтап бар күшпен қарғу.


Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Ағаш пен бұталарды бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Қимылды ойын «Қу түлкі»

Балалардың еркін ойыны

Құстарды бақылау.

Қарым-қатынас іс әрекеті.

Қимылды ойын «Дәл көзде»

ойын қозғалыс қызметі

Балалардың еркін ойыны

Қардағы іздерді бақылау

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны


Аула сыпырушының еңбегін бақылау

Қарым-қатынас,

танымдық іс-әрекеті

Балалардың еркін ойыны


Қар астындағы өсімдіктерді бақылау

Танымдық ,

Зерттеу іс-әрекеті

Қимылды ойын «Қасқыр қақпан»

Балалардың еркін ойыны

Серуеннен оралу

Балалардың киімдерін ретімен шешу, өлеңдерді, әндерді үйрену, жұмбақтарды шешу, санау және т. б. (көркем сөз, ойын әрекеті)

Балалармен жеке жұмыс

--------мен қыс мезгілінің ерекшелік

тері жайлы әңгімелесу

қарым-қатынас іс -әрекеті

--------мен тура,кері санау

Танымдық іс-әрекеті

-----------мен дыбыстардың айтылуы жайлы түсі-н сұрау.

қарым-қатынас іс -әрекеті

----------

10 санның құрылымын,тура,кері санау

Танымдық іс-әрекеті

----------------дөңгелектер арасынан қателеспей секіруді қайталау

Қозғалыс іс-әрекеті

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар,үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сюжетті ойын: «Емхана»

Қарым-қатынас іс-әрекеті

Құрастыру материалымен үй құрастыру

Қарым-қатынас ,іс-әрекеті

«Танграм» үй құрастыру

Шығармашылық, танымдықіс-әрекет



«Көңілді грамматика»

Дыбыстар әлемінде

(сауат ашу негіздері)

Қарым-қатынақ іс-әрекеті

Балалардың қалауы бойынша жануарлар

дың суретін салу

Шығармалық іс-әрекет



.Табиғат бұрышындағы еңбек

Өсімдіктерді күтіп баптау.

еңбек іс-әрекеті

Кітаптарды қарау,

кітаптағы қысқы орман суреттеріне қарап ойдан ертегі құрастыру.

Қарым-қатынас іс әрекеті

Көліктерге арналған гараж

Шығар-қ іс-әрекеті

Заттарды салыстыру

Танымдық іс-әрекет

Ермексаздан ыдыстар мүсіндеу
Шығармашылық,танымдық іс-әрекет


Балалардың үйге қайтуы

Кеңес:үйде ойын бұрышын ұйымдастыру

Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.Үйде балалармен бірге жаңылтпаш айту.

Кеңес: Бала өміріндегі ойынның маңызы.

Кеңес:Ата аналар нені білуі керек?

Кеңес: Тұмаудың алдын алу.Екпе жұмыстары жайлы айту.