Файл: ыса мерзімді жоспары Блім Роботтехника Педагогты атыжні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Роботтехника | |||
Педагогтың аты-жөні | Алтынхан Б.С | |||
Күні | | |||
Сынып: 5К | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Гироскопиялық датчик. | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.3.4.4 – гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру; 5.3.3.1 - роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсінеді. | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Роботты тұрған орнынан 900-қа, 180-қа бұратын, тоқтататын программа блоктарын құрастырады | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3. Топқа бөлу «1-2 топ» 4. Психологиялық ахуал. Бір, екі, үш Сынып іші тып тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз. 5. Үй тапсырмасын тексеру. Дескриптор: -Гироскопиялық датчиктің программалық блоктың 3 түрін жаза алады; | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Үй тапсырмасын тексереді. | Өзін өзі бағалау | Карточка/ А4 парақ |
Сабақтың ортасы | Өткен тақырыпты қайталау. «Сәйкестендіру» тапсырмасы. Дескриптор: -Датчиктің анықтамасын, түрлерін біледі; -Гироскопиялық датчиктің анықтамасын біледі; - Гироскопиялық датчиктің негізгі қызметін біледі; -Гироскопиялық датчиктің программалық блогын біледі; Гироскоп- өзі орнатылған дененің бұрыштық бағдарының өзгеруіне қарай бейімделуге қабілетті құрылғы. Гироскопиялық датчик роботтың айналу бұрышын немесе айналу жылдамдығын өлшеуге арналған.Датчик корпусының жоғарғы жағында екі бағыттауыш орналасқан. Сондықтан роботқа датчикті дұрыс орнату маңызды. Гироскопиялық датчиктің өлшеу дәлдігін арттыру үшін оны робот корпусына дұрыс бекіту керек.Робот қозғалысын бастар алдында гироскопиялық датчиктің ағымдағы көрсеткішін 0-ге қою керек. Әйтпесе робот қозғалғанда гироскопиялық датчик бұрылу бұрышы мен бұрылу жылдамдығын қате өлшейді. Егер қозғалыс уақытында робот сағат тіліне қарсы бұрылса, онда датчиктің өлшеу мәндері теріс болады. Ал сағат тілі бойынша бұрылса, онда өлшеу нәтижесі оң болады. Гироскопиялық датчиктің айналу жылдамдығын есептеудегі ең үлкен мән 440 градус/секундқа тең. Гироскопиялық датчиктің командалық блогы мен режимдері:
Көрсетілім. Измерение (өлшеу) режімі. Сравнение (салыстыру) режімі. Практикалық тапсырма. 1-топ. Роботты 180 q- қа бұрып тоқтататын программа құр: Моторды тәуелсіз басқару блогын таңда. Оң жақ мотордың қуатын 15, сол жақ мотордың қуатын (–15)-ке өзгерт. 2-топ. Роботты 90 q- қа бұрып тоқтататын программа құр: Моторды тәуелсіз басқару блогын таңда. Оң жақ мотордың қуатын 15, сол жақ мотордың қуатын (–15)-ке өзгерт. Дескриптор: -LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасын іске қосады; - Роботты 180 q- қа, 90 q- қа бұрып тоқтататын программа құрады; - Оң жақ мотордың қуатын 15, сол жақ мотордың қуатын (–15)-ке өзгертеді; Сергіту сәті Шатасқан сөздер. | Мұғалімді тыңдайды Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Практикалық тапсырманы орындайды | А4 қағаз таратпа Өзін өзі бағалау | https://learningapps.org/watch?v=pq4kqvcgt23 Карточка https://wordwall.net/resource/51759254/информатика-5к |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: | Өзін-өзі бағалау. | | |
Үй тапсырмасы | 83-бет, «Үйде орындайық» | | | |