ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№6 билет
1.Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс,репродуктивті әдіс
Түсіндірме – иллюстративті әдісті ақпараттық-рецептивті әдіс деп те атайды, өйткені ол мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін бейнелейді.
Мұғалім ауызекі сөздердің, көрнекі құралдардың, практикалық жұмыстардың көмегімен оқушыға білім берудің іске асырады. Педагогикалық процесс барысында оқушылар педагогты тыңдайды, көреді, бақылайды, әр түрлі тапсырмаларды орындайды.
Репродуктивті әдіс – бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау болады.
Көрсетілген іс-әрекеттің тәсілдерін және оқушыларға жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі бойынша мұғалім олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны әр түрлі тапсырмалар береді. Түсіндірме – иллюстративті және репродуктивті әдістері оқушыларды біліммен,іскерлікпен, дағдымен байытады, олардың ойлағыштық операцияларын қалыптастырады. Бірақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың кепілі бола алмайды.
2.ҚР білім беру жүйесі
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
№7 билет
1.Оқыту заңдылықтары
1. Оқыту заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды. Оқыту процесінің заңдылықтары:
1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.
4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез кел-ген оқыту оқытушы мен оқушы және білім мазмұнының мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арқылы мүмкін болады.
2.Оқыту принципінің тарихы
Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, “принцип” сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой. А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол “Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар” – деп тұжырымдалады. Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі. В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.
№8 билет
1.Жас ерекшеліктері туралы ұғым.Белгілі кезеңдерге бөлуі
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін)
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін) [15].
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
2.Білім берудің мазмұны
Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
№9 билет
1.Дидактика пәні ,міндеттері
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика пәні – білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің біріккен өзара әрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұнының оқушылардың мұғалімнің ұйымдастырылуы мен меңгеруін қамтамасыз етеді.
Дидактиканың негізгі міндеттері:
- табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды өзінің практикалық әрекетінде саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.
- ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық ( грек тілінде ontos – тіршілік ) негізін анықтау, ( яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский ( 1592-1670 ). Оның «Великая дидактика» кітабында ( 1632 ) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып – сабақ жүйесі баяндалған.
2.Нормативтік құжаттар.Білім беру мазмұны туралы ұғым
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:
оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту; отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәзімдерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
Шындығында, заң шығарушы орган қабылдаған немесе жариялаған кез-келген құжатты нормативті деп санауға болады. Заң шығару - мемлекет қызмет етуінің бір аспектісі. Ол құқықтық жүйені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады және құқықтық қатынастардың барлық түрлерін реттейтін құқықтық нормаларды әзірлеуді, сондай-ақ оларды өзгертуді, жоюды немесе толықтыруды қамтиды.
№10 билет
1 .Дүниетанымның мәні мен қызметі.
2..Жекелеп оқыту:жекелеп оқытудың жақсы жақтары мен кемшіліктері
Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінің белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
№11 билет
1.Трамп және Дальтон жоспары
2.Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
№12 билет
1.Сабаққа қойылатын талаптар
2.Крийтериалды бағалау технологиясы
№13 билет
1.Тоқсандық жиынтық бағалау