ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен
мағлұмат беру құралы ретінде
№14 билет
Принцип дегеніміз- адамның нақты іс-әреткетінде өзі басшылыққаалатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді.
Бүгінгі күннің талабаына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесініңіргетасын қалайтын негізіг қағидалар мыналар:
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқада игі қасиеттері қалыптасқан адамдарды тәрбиелеу.
Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу. Ата-ана мен бала, тәрбиеші мен тәрбеленуші, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріменсый-құрметпен қарауға негіздеу. Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарлық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілген құрметтің бірлігі.
Жаңашыл ұстаз Құмаш Нұрғалиев «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалінің баланы сүюі» деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қоб дегеніміз-балаға зейін қоя қарау, оның күшті және нашар жақтарын білу және оның өсіп жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Талап қоюдан оқушыға деген құрмет, оның күші мен қабілетіне сенім көрінеді. А.С.Макаренконың айтуына қарағанда белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үгіт болжамы тұрғысынан қарау керек. Оқушы бойында орынды –рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сенімінеиек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналусға дайындығын іске қоса білуі керек.
Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. Тәрбие практикасы балаларға қойылатын талап бірлігі мен педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама іс-шаралар, түрі мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігітті өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы қасиеттерді сезінуінбиік рухани қажеттіліктерге дейін дамыту керек.
2.Бағдарламалық оқыту
Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі. Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап, оқу іс-әрекетін тексереді. Оқушы өз жұмысының дұрыс-бұрыстығын сол сәтте тексереді. Әр оқушы өз мүмкіндігіне сай жұмыс істейді. Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді, оқу іскерліктеріне үйренген соң оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істейді. Мысалы, жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырма алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс-әрекет жасайды, жұмыстың нәтижелерін белгілеп отырады. Жеке жұмыстарды оқушы оқу материалын өз бетімен оқи алатын болғанда ғана алады.
№15 билет
1.Догматикалық оқыту
2..Тәрбиенің негізгі заңдылықтары
Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи заңдылық;
Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс әрбиенің болмау жағдайы,
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы,
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және оны қолдану мүмкін еместігі,
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі.
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс
Кезінде К.Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбиепроцесінде оң нәтиже бермейтіндгін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
№16 билет
1.Түсіндіру-суреттеу арқылы оқыту
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік – мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау – оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту – негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негізделген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт.
2.Тәрбие диалектикасы
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
№17 билет
1.Түсіндіру-суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары
Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе ХХ ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
- Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
- Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.
- Таңдап алған гипотиезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.
- Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскеліктерді оқушылардың бұрынғы іскерліктеріне білім қосу, оларды теория мен тәжірибе арқылы бекіту.
2.Практикалық әдістер тобы
Практикалық әдістер бұл мұғалімнің ұйымдастыруымен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін асыратын сөздік, көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады.Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді,еңбекке баулиды.Оқу- тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды.Оқушылар бұрынғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық әдістердің түрлеріне жататындар:
1.Табиғи обьектілерді танып білу және анықтау.
2.Құбылысты бақылап есепке алу.
3.Эксперимент жасау.
Практикалық жұмыстың барысында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеуі керек.
№18 билет
1.Сөздік әдістер тобы:әңгіме,түсіну,кітаппен жұмыс
1 Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан оқытушы алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл білім алушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылайша өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалдарды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, дәлелдеуге тырысады.
Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді тереңірек игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе оқудан тыс түрлі жаттығуларды орындайды. Оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мәліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түпдеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар.
2 Танымдық белсенділік - баланың психологиялық дамуының алғы шарты
Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді[1, 36б].
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.
№19 билет
1.Ш.А.Амонашвилидің «Жүрек» ұғымы және педагогикадағы гуманизм
2.Эвристикалық әдіс
№20 билет
1.Оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі:Индуктивтік,импресивтік,экспресивтік әдістер2
2.Көрнекілік принципі және түрлері:
№21 билет
1.Көрнекілік әдістер тобы:иллюстрация,бақылау әдістері
2.Оқу бағдарламалары және бағдарламаның түрлері
№22 билет
1.Аралас сабақтың құрылымы
ұйымдастыру кезең;
үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою;
оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау;
жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;
осы және өткен сабақта өтілген тақырыпты бекіту
білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және қалыптасқанды жаңамен байланыстыру;
сабақ нәтижесі және қорытынды;
оқушыларға жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық (алдын ала) жұмысы.
Жас маманға берілетін кеңестер
Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.
Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.
Оқу матералын талдаңыз.
Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.
Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.
Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.
Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.
Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.
Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.
Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.
салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз
Сынып жорналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.